Файл: Кардиоваскулярлы жйе физиологиясынан 1 практикалы сабаТЫ тапсырмалары Жрек физиологиясы хаттама растыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 153
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КАРДИОВАСКУЛЯРЛЫ ЖҮЙЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫНАН
№ 1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
ЖҮРЕК ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Хаттама құрастыру:
№ 1 Тапсырма . Жүрек автоматиясы дегеніміз – жүректің өзінде пайда болатын импульс (серпін) әсерінен жиырылу қабілеті. Мұндай қабілет қозу пайда болатын оң жақ жүрекшедегі ерекше бұлшық ет жасушаларына тән.
Сызба нұсқасында көрсеткіштерін жазып көрсету.
-
– синустық түйін. -
–атрио-вентрикулярлық түйін. -
–гис шоғыры. -
–гис шоғырының аяқшалары. -
–гис шқғырының оң жақ және сол жақ аяқшаларының тармақтары.
№2 тапсырма. Кестені толтыру «Жүректің жиырылу оралымы. Жүрек оралымында жүректегі қысымның өзгеруі және қақпакшалар жұмысы».
Жүрек оралымның кезендері | Жүректегі қысымның өзгеруі | Жүрек оралымда қақпақшалар жұмысы |
Жүрекшелер систоласы | Жүрекше систоласының қысымы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға да байланысты. Осы кезеңде қысым б. Б. 5-8мм-ге дейін жетеді. | Атриовентрикулярлы қақпақшалар ашық болады. |
Жүрекшелер диастоласы | қысым төмен болғандықтан, қан жүрекшеден веналарға карай кері қайтпайды. | Атриовентрикулярлы қақпақшалар ашық болады. |
Қарыншалар систоласы | Жүрекше систоласынан кейін қарыншалардың асинхрондық жиырылуы кезеңі басталады. Осы кезеңде қарынша еттерінің бәрі бірден жиырылмайды және қарынша қуысындағы қысым өзгермейді. | Атриовентрикулярлы қақпақшалар ашық болады. |
Қарыншалар диастоласы | Қарынша диастоласы қарыншалардың босаңсуы басталады, ьайшық қақпашалар жабылады. Қарыншада қысым төмендеп, жүрекшедегі қысымнан азаяды. | Атриовентрикулярлы қақпақшалар ашық болады. |
Ширығу кезеңі | Ет талшықтарының қатаюына байланысты қысым біртіндеп көтеріледі. | Қан қысымы көтерілген соңқолқа мен өкпе сабауындағы қысымнан асып түскен соң айшық қақпашалар ашылады. |
Қан айдау кезеңі | Ет талшықтары қатты қысқарады сондықтан қан қысымы арта түседі. | Айшық қақпақшалар ашығаннан кейін қанның қарыншалардан қантамырларына шығуы мүмкін. |
Протодиастола кезеңі | Жүрек еттерінің бәрі бірдей бір мезгілде босай алмайды. Сондықтан қан қысымы әлі де болса жоғары болғандықтан, ол біртіндеп төмендейді. | Айшық қақпақшалар ашық болады |
Изометрлік босау кезеңі | Ет талшықтары тұтас және бір мезетте босаңсуына байланысты қысым азаяды. | Қысым төмендеген сәтте қос жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар ашылады. |
Қанға толу кезеңі | Қан қысымы қаннан босаған қарыншадағы қысымнан едәуір жоғары болады | қос жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар ашылады. |
Прессистола кезеңі | Жүрек оралымының жаңа кезеңі басталады яғни жүрекшелер жиырылады да, қарыншаға қосымша кан кұйылады. Яғни қысым жоғары болады. | қос жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар ашылады. |
№ 3тапсырма. Электрокардиограммадағы тісшілердің пайда болу механизмдері.
№ 4 тапсырма. Кестені толтыру«Жүрек жұмысына ВЖЖ әсері»
Әсері | Парасимпатикалық ж.ж. | Симпатикалықж.ж. |
Нейрон | Парасимпатикалық жүйенің бірінші нейроны сопақша мида , екінші нейроны жүрек тініндегі интрамуральдық ганглийде орналасқан. | Симпатикалық жүйенің бірінші нейроны жұлынның бастапқы 1-5 кеуде сегменттерінің бүйір ашаларында орналасқан. |
Теріс хронотропты әсер | Жүрек жұмысының ырғағы сирейді. | Жүрек жұмысының ырғағы күшейеді. |
Теріс инотропты әсер | Жүректің жиырылу күші азаяды. | Жүректің жиырылу күші көбейеді. |
Теріс дромотроптық әсер | Жүрек етінің өткізгіштігі баяулайды. | Жүрек етінің өткізгіштігі күшейеді. |
Теріс тронотроптық әсер | Жүрек етінің тонусы төмендейді. | Жүрек етінің тонусы жоғарылайды. |
№ 5 тапсырма. Кестені толтыру«жүректің өзіндік рефлекторлы реттелуі. Өзіндік рефлекстер»
Рефлексогендік аландар/ орналасуы | Жүрекке әсері | Қантамырларға әсері |
Синокаротид аймағы | Жүректің жұмысы күшейеді. | Бұл аймақ миға баратын қан жолында қан қысымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. |
Парин аймағы | Жүректің жұмысы азаяды. | Үлкен қанайналым шеңберінде рефлекст арқылы қан қысымы төмендеп, сосын веналардан қң жүрекке қайтып оралатын қан мөлшері азаяды және қанның іркілуі тоқтайды. |
Бейн-бридж аймағы | Жүректің жұмысы жиілейді. | Пайда болған серпіністер жұлын арқыы сопақша миға барып жүрек қызметін тежейтін орталықтың тонусы төмендейді, сөйтіп жүректің қызметі күшейіп,қанайналымның үлкен шеңберінде тоқтап қалған қанды жүрек арқылы қолқаға, оң қарыншадан әрі өкпе артериясына айдап, қан ағысын шапшаңдатады. |
Қолқа аймағы | Жүректің жұмысы баяулайды. | Бұл аймақ қабылдағыштардың қозуынан пайда болған серпіністерді кезеген жүйке талшықтары арасымен сопақша мидағы орталыққа жеткізеді. |
№ 6 тапсырма.Кестені толтыру «жүректің өзіндік рефлекторлы реттелуі»
Рецепторорлардың орналасуы | Жүрекке әсері |
Экстрарецепторлар | Организмге қоршаған сыртқы ортадан келген әсерлерді қабылдайды |
Интерорецепторлар | Ішкі мүшелерде, ұлпаларда,қан мен лимфа тамырларында орналасып,осы мүшелерден келетін тітіркендіргіштерге жауап береді. |
Проприорецепторлар | Олар тірек қимыл мүшелеріне әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды. |
№ 7 тапсырма. Жүрек қызметінің гуморальды реттелуі.
Вещество | Жүрекке әсері |
Хлоры калий | Жүректің барлық қызметін төмендетеді. Яғни жүрек әлсірейді, соғуы сирейді, қозу қабілеті төмендейді,қозуды өткізу қарқыны баяулайды. |
Гистамин. | Жүректің барлық қызметін төмендетеді. Яғни жүрек әлсірейді, соғуы сирейді, қозу қабілеті төмендейді,қозуды өткізу қарқыны баяулайды. |
Ацетилхолин | Жүйке тонусын әлсірету арқылы әсер етеді. Симпатикалық жүйке тонусын күшейтіп, жүректің қызметін жақсартады. |
Адреналин | Кзеген жүйке орталығын қоздырып, жүректің қызметін бәсеңдетіп, әлсіретеді. |
Химиялық заттар | Белгілі бір жүйке нақты тінге ықпал етуі үшін алдымен өзінен химиялық заттар бөліп шығарып, әсер етеді. |
Орындаған студент: Жарасбекова Аружан топ: 22-039 факультет: ТФП
Тақырып қабылданды, мерзімі | Оқытушының қолы |