Файл: ысамерзімді жоспар 18саба Сабаты таырыбы Онды блшектерді осу жне азайту.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
№18-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Бөлім: | Мәтінді есептер |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Ондық бөлшектерді қосу және азайту |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау |
Сабақтың мақсаты: | -Білім алушылар ондық бөлшектерді қосу және азайтумен танысады. -Білім алушылар ондық бөлшектерді қосу және азайтуды талдауды біледі. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3. Үй жұмысын тексеру «Көршіңді тексер» әдісі арқылы балалар үй жұмыстарын тексереді | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы | ||||||
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. | 1.Натурал сандарға қандай амалдар қолдана аламыз? 2.Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз? 3.Аралас сандарды ондық бөлшек түрінде жазу үшін не істеу керек? | Дескриптор: Жалпы -2 балл
| Оқулық Презентация | ||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 10 мин. | Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді | Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. | Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1. Ондық бөлшектерді азайтуды сипаттап көрсетеді. | Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады. | ||||
10 мин | 1- тапсырма «Сәйкестендіру» әдісі арқылы балалар жеке жұмысты орындайды | 1-тапсырма 1.Азайтуды орында: 1)22,895-5,678 2) 6,07-3,4 3) 20,02-9,253 4) 7,1-0,1234 | Дескриптор: Жалпы - 4 балл 1.Балалар ондық бөлшекті азайтуды біледі | 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. | ||||
7 мин | 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | 2-тапсырма 1. Есептеңдер:
| Дескриптор: Жапы - 3 балл 1.Оқушылар ондық бөлшекті қосуды және азайтуды біледі | 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. | ||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 6 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | | ||||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |