Файл: Дипломды Жмыс 6В07302 Геодезия жне картография.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 273

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тыныштық күйде ауаның температурасы  20ºС адам шамамен 100 ккал/сағ. жылу жоғалтады, мұнда жылу жоғалтудың орта есеппен 50% сәулелеу арқылы жоғалтуына, 30% - ауа арқылы конвекцияға және 20% тері арқылы булануына және аздаған дәрежеде өкпе арқылы жоғалтуына келеді. 

Ауа мен  қоршаушы конструкциялардың температурасы  төмен болған сайын жылу жоғалтуы негізінен сәулелеу жолымен жүреді, көнвекциялық жылу беруі сол қалыпта  қалады немесе кейде өседі, ал ылғалдың булануы төмендейді. Ауаның температурасы 30ºС дейін жоғарылауда артық жылудың  қоршаған ортаға берілуі ылғалдың булануы  арқылы жүреді, ал басқа жолдармен  жылу жоғалтуы тек аздаған шамада жүреді. 

Қазіргі уақытта ҚР СНиП 3.02-01-2001 «Жилые здания»  құжатында норматив ретінде 18 ºС қабылданған.

2. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстардың технологиясы мен әдістері

Инженерлік геодезиялық ізденістер Инженерлік жұмыстарды жобалау және оны ары қарай салу арнаулы инженерлік ізденіс деп аталатын үрдісті жұмыстар негізінде жүргізіледі. Инженерлік ізденістердің негізгі атқаратын істері - болашақ құрылыс салынатын ауданның табиғи және экономикалық жағдайларын, құрылыс нысандарының оны қоршаған ортамен өзіндік байланысы, оларды қорғаудың инженерлік жолдары және жұмыс ауданындағы жұмысшылардың қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз ету жағдайларын зерттеу. Инженерлік геодезиялық ізденістер экономикалық, техникалық және инженерлік геодезиялық ізденіс болып бөлінеді. 13 Экономикалық ізденістер салынбақшы құрылысты, сол жерде құрылыс материалдарымен, заттармен, көлікпен, сумен, энергиямен, жұмыс күшімен, т.с.с. қамтамасыз ете алама және салынып болған соң осы құрылыс экономикалық тұрғыдан тиімді ме, осы аталған шарттарды есепке ала отырып жасалады. Экономикалық ізденіс техникалық ізденістің алдын алып отырады. Техникалық ізденіс құрылыс салынатын жер аумағының табиғи жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу және жобалау, құрылыс салу кездерінде сол жердің табиғи байлықтарын мүмкіндігінше толық пайдалану және есепке алу үшін жүргізіледі. Инженерлік геодезиялық ізденіс сол ауданның жер бедері және ондағы құрылымдар туралы деректер бере отырып, жобалау жұмыстарының негізі болып қана қоймай, басқа ізденіс түрлерін жүргізуге, тексеруге пайдаланылады. Инженерлік –геодезиялық ізденіс кездерінде геодезиялық тірек торларын құру және құрылыс салынатын алаңда әр түрлі масштабтардағы топографиялық түсіріс, сызықтық құрылыстардың трассаларын қадағалау, геофизикалық барлау нүктелерін геодезиялық жұмыстар мен байланыстыру және де басқа жұмыстар атқарылады. Инженерлік ізденіс жұмыстарының мазмұны және көлемі, жобаланбақшы құрылыстың түрі, саласы және өлшемдеріне, жергілікті жер жағдайына және құрылыс таным дәрежесіне, сонымен бірге құрылыстың жобалық деңгейіне байланысты болады.


Салу технологиялары жалпы бірбірімен ұқсас және ізденіс жұмыстары бір тәсілді әр-түрлі құрылыстар бір топқа бірігуі мүмкін: алаңдық және сызықтық құрылыстар болып. Алаңдық құрылысқа жататындар: елді мекендер, өндіріс мекемелері, аэропорттар және де осыған ұқсастар.

Сызықтық құрылыстарға жататындар: жолдар, электрожелілер, құбырлар және де осыған ұқсас объектілер. Құрылыстың барлық түрінің жобалық құжаттары болады, олардың ішінде құрылысқа керекті жер бетінің бедері, құрылыстың пішіні және өлшемдері, басқа нысандардан қанша жерде, қалай орналасқан, басқа құрылыстар арасындағы байланыс және олардың элементтерінің орналасуы, сонымен бірге құрылыстың техника-экономикалық көрсеткіштері, негізгі құрылымдардың, жабдықтардың сипаттамалары, құрылыс өнімдерінің жобасы, үрдісті-механикалық құрылыс салу технологиясының құрамы және ұйымдастыру тәсілдері т.б.

Инженерлік зерттеу жұмыстарының көлемі мен мағынасы құрылыс жұмыстарының аумағына, мақсатына сәйкес болады. Кішігірім аумақтарда негізінде инженерлік зерттеу жұмыстарының мына түрлері орындалады – инженерлік геодезия, инженерлік геология, гидрометеорология. Аумағы мен көлемі үлкен құрылыстар салынатын аймақта инженерлік зерттеу жұмыстарының барлық түрлері толық көлемде орындалады - инженерлік 14 геодезия, инженерлік геология, гидрометеорология, топырақ геоботаникасы, тазалық санитариясы, шаруашылықтар, жерді гүлдендіру, жерді тегістеу, инженерлік тораптар, көлік, құрылыс заттарының қоры және т. б. жұмыстар орындалады. Құрылыс салынатын алаң техникалық талапқа сәйкес болуы керек, алаңды игеруге көп қаражат жұмсалмағаны жөн. Сондықтан инженерлік зерттеу жұмыстарының мақсаты, құрылысқа бөлінген аймақтың ішінен, техникалық талапқа сәйкес аумақты таңдап алу қажет.

2.1 Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар

Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар белгілі көлемде және көрсетілген дәлдікпен орындалады. Олар жобалық құжаттарда көрсетілген талаптар мен ережелерге сәйкес құрылыс объектілерінің геометриялық өлшемдерін көтеру мен тұрғызуда қолданылады. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар келесідей негізгі түрлерге бөлінеді: түсіріс жұмыстары, бөлу жұмыстары,hорындаушылықoтүсірістер,iқұрылысiобъектілерініңoдеформац бақылау.

Түсіріс жұмыстары объектіні жобалау кезінде қолданылып, инженерлік ізденістер кезінде жүргізіледі. Бөлу жұмыстары құрылыс жұмыстары кезінде жүргізіліп, жобадағы ғимараттар мен жасақтардың негізгі осьтері мен нүктелерін жерге көшіруде қолданылады. Орындаушылық түсірістер құрылыс кезінде және оның аяқталуында орындалған құрылыстық монтаж жұмыстарының сапаларын анықтау және бақылау үшін жасалады. Сонымен қоса тұрғызылған құрылыстың жаңа жоспарын тұрғызу үшін қолданылады.



Құрылыс объектілерінің деформацияларын бақылау жұмыстары құрылыс кезінде және оның аяқталуына дейін жүргізіледі. Құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстардың орындалу мақсатына келесілер жатады: -құрылыс алаңындағы сызықтық жасақтар мен олардың бөліктерін, құрылыс торын құру мен оларды жергілікті жерге көшіру, ғимараттар мен жасақтардың негізгі осьтерін жерге көшіру. Сонымен қоса құрылыстық технологияларды монтаждау; -магистральдықтан басқа алаң аралық сызықтар жасақтар мен олардың бөліктерін және уақытша ғимараттарды бөлу; -бастапқы және монтаждық горизонттардағы ғимараттардың аралық бөлу торларын құру, сонымен қатар технологиялық құралдарды монтаждау үшін арнайы тор құру. Егер бұл жұмыстар геодезиялық жұмыс немесе құрылыстық жұмыс жобаларында қарастырылған болса ғана жүргізіледі, сонымен қатар өндірістік бөлшектік бөлу үшінде; -ғимараттардың геометриялық өлшемдерінің дәлдігін геодезиялық бақы- лау және аяқталған объектілердің немесе олардың бөлшектерінің 16 геометриялық өлшемдерін бақылау және орындаушылық түсірістер түсіру, оған арнап орындаушылық геодезиялық түсірістер құжаттарын құру; -құрылымдар мен олардың бөліктер негізінің деформациясын геодезиялық өлшеу. Бұл егер жоспарлық құжаттарда қарастырылған болса, авторлық бақылаумен бекітілген болса ғана жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілген геодезиялық жұмыстар, құрылысты-монтаждық жұмыстардың технологиясының маңызды бөлігі болып табылады және бірыңғай кесте бойынша іске асырылады. Ол құрылыстық өндірісте анықталған уақыт бойынша және арнайы жұмыстармен іске асырылады.

Құрылыстағы геодезиялық бөлу негізін және ғимараттардың деформациясын өлшеуді жұмыс беруші құрады. Орындаушының міндетіне құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар өндірісі, ғимараттың геометриялық өлшемдер дәлдігін және орындаушылық түсірістердің орындалуын бақылау жатады. Жоғары қабатты үлкен және күрделі объектілер үшін геодезиялық жұмыстар өндірісінің жоспары (ГЖӨЖ) құрастырылады, ол жұмыс өндірісінде анықталған кезекпен орындалады. ГЖӨЖ-ы орындаушының өзі немесе арнайы құрылған ұйымдар құрастыруы мүмкін (сұранушының сұранысымен).

Құрылыс алаңындағы бөлу жұмыстарында қолданылатын геодезиялық бөлу кезіндегі қолданылатын сызбалар, ондағы өлшемдердің және координаттар мен биіктіктердің сай келуі, жұмыс берушінің техникалық бақылауынан өтуі керек. Геодезиялық жұмыстарды қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін құралдармен орындау қажет. Құралдардың барлығы орнатылған кезекпен арнайы тексерулерден өтуі қажет және ол тексерулер әрдайым құрылыс жұмысының алдында міндетті түрде жүргізілуі қажет.


Жалпы объектідегі геодезиялық жұмысты жоспар құжаттарының дайындығынан кейін және алаңды толық тазалап ондағы бұзуға тиісті құрылыстарды бұзған соң орындау тиіс.

2.2 Құрылыстағы геодезиялық жұмыстардың түрлері

Құрылыс жұмыстарында геодезиялық істер тобының қатары күрделі өлшемдер кешенін, өңдеулер мен сызба және табиғи жағдайдағы жайттарға негізделген дәл әрі дұрыс орналасқан ғимараттар, жобалар, геометриялық сипаттамалары бар жоспарлармен толықтырылған міндетті құжаттардан құралады. Геодезиялық жұмыстар құрылыстағы жобалау кезеңіндегі және олардың мазмұны мен технологиялық жалғастығына негіз болатын жұмыс.

Құрылыс алаңында жасалатын геодезиялық жұмыстар қатарын келесідей топтастыруға болады:

1. Құрылыс алаңын таңдау: -мәліметтер жинау, сараптау және ескеру;

2.Құрылыстық жобалану: 17 -топографиялық-геодезиялық жұмыстар (инженерлік геодезиялық ізденістер) құрылысқа геонегіз жасау; -инженерлік ізденіс түрлерін геодезиялық қамтамасыздандыру; -құрылыс жобаларын қосымша мәліметтермен қамсыздандыру;

3. Құрылыс кұрамының (конструкция) жасалынуы мен әзірленуі: -құрылыс (конструкция) құрамын бекіту кезіндегі геометриялық элементтер сипаттамаларының бақылануы; -құрылыс құрамының геометриялық элементтер сипаттамаларының статистикалық қадағалануы;

4. Құрылысқа дайындық кезеңі: -жерді тегістеу немесе жобалық биіктікке келтіру; -геодезиялық бөлу жұмыстарының негізін жасау; -аумақты инженерлік дайындау, яғни жобалау жұмыстары, жерасты және жер бетіндегі жұмыстарға әзірлену; -негізгі және қосымша осьтерді жер бетіне шығару;

5. Құрылыстың негізгі кезеңі: -құрылым элементтерінің осьтерін жер бетіне шығару; -жерасты және жерүсті ғимараттарының бөліктерін салу кезіндегі құрылыс−монтаждық жұмыстардың геометриялық қамтамасыздануы; -аяқталған құрылыс элементтерінің тексеру−орындалу жұмыстары, орындалу құжаттарын толтыру; -геодезиялық орындалу жұмыстарының жиынын тапсыруға дайындық;

6.Құрылыстың аяқталуы: -құрылыс барысында болатын толықтай геодезиялық жұмыстардың нәтижелері туралы техникалық есеп беру; -тік профиль, қималар, инженерлік пландарға негізделген орындалған жұмыстардың бас жобасының жасалуы.

Құрылыстың негізгі кезеңі оның қаңқасын тұрғызу, яғни бірнеше уақытқа созылатын күнделікті геодезиялық түсірістер мен құрылыстың бірнеше түрлі осьтері, тегістеу жұмыстары, жолдарды салу, құбырларды жүргізу, нивелирлеу жұмыстары атқарылады. Бұл геодезиялық барлық құрылыс жұмысының ең маңызды әрі шешуші кезеңі, сондықтан ол ұзақ уақытқа созылып, құрылысшылар мен басқа мамандардың бірлесіп шешуімен жасалады. Ізденіс жұмыстары толық тірек жүйесімен қамтып бергеннен кейін және жергілікті жердің толықтай геодезиялық мәліметтерін, дайындық жұмыстарын әзірлеп жұмысқа дайын күйінде тапсырғаннан кейін геодезиялық аспаптар жүйеленіп керекті бағдарламалар жасақталады. Содан соң әдеттегідей төменде орналасқан ғимараттардың іргетасын шығаруға әзірленеді. Ол үшін алдымен тегістеу жұмыстарын жүргізу керек. Табиғи рельефті ғимарат салу үшін техникалық талапқа сәйкес өзгертуді вертикаль бағытта жоспарлау деп атайды.


Вертикаль жоспарлаудың жобасы құрылыстың бас планының негізі болып саналады. Құрылысқа горизонталь алаң жасау вертикаль жоспарлардың бір түрі, мұнда жер қазу жұмыстарының нольдік балансы болуы, яғни бір жерді қазып, екінші жерге топырақ төгудегі 18 теңдік көзделінеді. Ол үшін квадраттар төбелерінің нақты биіктіктері пайдаланылады. Жер қазу жұмыстарының нольдік балансын сақтау үшін горизонталь алаңның жоба биіктігі анықталады.

Технологиялық жабдықтарды және т.б құрылыс объектілерін орналастыру үшін көлбеу алаңды берілген ылдилық бойынша жоспарлайды. Квадрат төбелерінің жоба биіктіктері мен нақтылы биіктіктері арқылы жұмыс биіктіктері есептелінеді.

Жұмыс биіктіктерінің өздеріне тән таңбалары (-Һ үйінді +Һ қазып алу сияқты) әр квадрат төбелеріндегі қазықшаларға жазылады. Бұл жұмыстар автоматтандырылған компьютерлік бағдарламалар арқылы атқарылған. Жерді тегістеу топографиялық планын, алаңды құрылыс салуға инженерлік дайындау; көлік, жаялау жолдарын салуды жеңілдету;алаңды пайдалануға ыңғайлау;ғимараттардың биіктік мәндерін бір жүйеге келтіру;суды ағызып жіберу және тағы да басқа мәселелерді шешу үшін сызылады. Жерді тегістеуге арналған жобаны масштабы 1:5000 немесе 1:2000 топографиялық планда сызылады.

Топографиялық планға еңістік өзгеретін орындарын, бағытын, ұзындығын, мөлшерін жазады. Планға қоса масштабы 1:100 немесе 1:200 көлденең профильдер сызылады, оны төменде көрсетілген құрылыс объектісінің жұмыс сызбаларынан байқауға болады. Жергілікті жердің жер биіктіктерін жобалық биіктікке келтіру үшін тегістеу жұмыстарының картограммалық сызбасы тұрғызылып, сол арқылы AutoCad бағдарламасына координаттары мен биіктік мәліметтерін Transform F тасымалдау порты арқылы көрінісін шығарып, сызбасын аламыз. Содан соң Leica 407аспаптарына Leica Survey Office каталогындағы Tools немесе Combain утилиті арқылы GSI форматында керекті координаттар мен биіктіктерді электронды тахеометр жадына көшіріп құрылыс алаңына барып қазықтармен бекітіп, қазу машиналары мен бригадасына қаншалықты қазу немесе көму керектігін көрсетіп береді.

3. Көпқабатты ғимарат салу кезіндегі құрылыс алаңының бас жоспары

Жалпы құрылыс алаңының геодезиялық негізі болып бұрын сол жерде түсірілген топографиялық түсірістері немесе сол аумақта бұрын жүргізілген инженерлік ізденістер мен алаң маңайында бекітілген реперлер табылады.

Бас жоба негізінде жоспарланған объектілерінің бөлу сызбаларының жергілікті жердегі қиылысулары құрылады, вертикальдық жоспарлау және ғимараттар алаңдарының геодезиялық мәліметтері дайындалады.