Файл: Маыстау облысты білім басармасыны Жаазен аласы бойынша білім бліміні Абай нанбаев атындаы 19 жалпы білім беретін мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

 

Маңғыстау облыстық білім басқармасының

Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы №19 жалпы

білім беретін мектеп» КММ-сі

5 «Е» сынып оқушысы

Жылқыбай Аяжанға
Мінездеме
Жылқыбай Аяжан 07.07.2012 жылы туылған, мекен-жайы : Арай-1 шағын ауданы, №8 көше, 24-ші үй. Аяжан сыныпта оқу үлгерімі жағынан қанағаттанарлық деңгейде оқитын оқушылар қатарынан.

Аяжанды сабақ барысында бақылай отырып, есте сақтау қабілеті орта деңгейде екені анықталды. Танымдық әрекеттері орташа. Қоршаған ортамен таныстыру барысында бала өзінің тегін, жасын, мекен-жайы туралы толық мәлімет бере алады. Жыл мезгілдерін, апта күндерін, ауа-райындағы өзгерістерді өз бетінше атай алады, үнемі педагогтың қадағалауын талап етпейді. Математикалық түсінігін, сенсорлы эталонын қалыптастыру барысында негізгі түсініктерді және геометриялық пішіндерді атайды, сәйкестендіре алады. Бастауыш сыныптан жаңа келген Аяжан 5 сыныпқа тез бейімделіп кетті. Солай бола тұра, сабаққа дайындалмай келу сияқты жағдайлармен қатар, басқа оқушылармен ортақ тіл табысу, мұғалімдер алдындағы қорқыныш сияқты жағдаяттар болып тұрады. Мектеп өміріне араласу деңгейі орташа. Сыныпта өзін байсалды, тұйық, салмақты ұстайды. Ашылып сөйлей бермейді. Бірақ тапсырылған жұмысты тыңғылықты орындайды. Баланың жаңа нәрсені үйренуге ынтасы бар.
Зейін ерекшеліктері: зейіні шоғырланған, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысу қабілеті орташа.
Қабылдаудың ерекшелігі мен ой танымы: қоршаған орта жайлы түсінігі орта деңгейде, мәтін мазмұнын өздігінен түсіне алады, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау мақсатында заттарды салыстыра алады, заттарды жүйелеу және жалпылауға деген білігі орташа, ойлау шапшаңдылығы баяу.
Естің ерекшелігі: есте сақтауы орта, бірақ ұмытшақтық бар.

Сынып жетекшісі: Елубаева М. К.