Файл: Жасы 3 Жынысы ыз Туан кні, айы, жылы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ауру тарихы

Кубешова София Бериковна

ДИАГНОЗ: Көмей папилломатозы

Аты-жөні: Кубешова София Бериковна

Ауруханаға түскен уақыты: 03.10.22

Жасы: 3

Жынысы: қыз

Туған күні, айы, жылы: 13.05.19

Мекен-жайы: Қарағанды қаласы

Ауруханаға түскендегі диагнозы: Көмей папилломатозы

Клиникалық диагнозы: Көмей папилломатозы

  • Негізгі: Көмей папилломатозы

  • Қосалқы: жоқ

  • Асқынулар: жоқ

Шағымдары

Тыныстың қиындауы, ентігу, дауыстың шықпауы, сөйлеудің қиындауы.

Anamnesis morbi

Алғашқы дауыстың шықпау белгілері мен температураның көтерілуін ата-анасы 1,5 жасында байқаған. Үйде емделумен айналыспаған, бірден дәрігерге жолыққан. «Ангина» диагнозы қойылып, антибиотиктермен емделген. Алайда баланың жағдайы жақсармаған. Осылайша қайтадан дәрігерге жолыққан. Аспаптық тексеру (ларингоскопия) нәтижесінде көмейдің екі жақты ісігі анықталған. Биопсия қатерсіз ісік нәтижесін берді. Алғашқы ота 05.05.22 жасалған. Отадан кейін баланың жағдайы жақсарып, дауысы шыға бастаған. Пациентке қазан айында екінші ота тағайындалған. Балаға диагноз қойылғаннан кейін, анасын тексеріс барысында папиллома вирусын тасымалдаушы екені анықталған.

Anamnesis vitae

Қарағанды қаласында туылған (әкесінің жасы 27, анасы жиырма 24). Отбасында алғашқы бала. Анасында жүктілік пен босануы қалыпты өткен. Қызы дүниеге 3200г, 50см болып дүниеге келген. Тамақтануы жақсы, күніне 3-4 рет болған, бір жасқа дейін анасының сүтімен қоректенген. Рационында жемістер мен көкеністер мен қосымша пюре, ботқа болған. Дамуы жасына сәйкес жүріп отырған. 1 жасында тұмаумен ауырған. Барлық профилактикалық екпелері жасалған. Екпелер мен антибиотиктерге аллергиясы анықталмаған.

Отбасылық анамнез: Ата-анасы папиллома вирусын тасымалдаушы екені анықталған. Отбасында тұқымқуалайтын аурулар анықталмаған. Әкесі темекі шегеді. Анасы мектепте мұғалім, әкесі әскери адам. Қыздың ата-анасы Қарағанды қаласында өскен, отбасы да сол қалада тұрады. Әлеуметтік жағдайы орташа.