ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 80
Скачиваний: 1
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Бекзат: Өнер — білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып — жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
Нурила:Ой-хой, дүние серуен!
Адам бір көшкен керуен.
Дүниені қызық қалдырып,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе лебіз — шықса жоқ,
Қауіп етіңдер өлімнен.
Қылышбайдан таралып,
Сөз нұқсасы келінген.
Дос-жаранға, кемтарға
Қайырлы бол делінген!
Қылған қайыр болмаса,
Не әкетесің өмірден?!
Дәулетіңнен не пайда
Таусылмастай көрінген?!
Жалғыз мұраң сол болар —
Қол қайырың берілген.
Басқа дүние бірі де
Көмілмейді кебінмен.
Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға,
Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға.
Жақсының әрқашанда жөні бөлек,
Жаман адам жарамас бір қымтарға.
1-жүргізуші Біржан:Қандай керемет десеңші ата баба өсиеті! Біздің таусылмайтын қазынамыз осы болар. Құрметтесең ата-баба мұрасын,
Қазақтардан табылады жыр асыл.
Сол асылға қосасың да бір асыл,
Үлкендерден бата тілеп тұрасың. Назарларыңыз экранда болсын.Макенов Нұркелдінің «Бабалар өсиеті — балаға мұра» атты арнауына шығарылған бейне көрініске назар салыңыздар
Өсиеті бабалардың ұрпағына қалдырған
Қазағымның қазынасы өтіп кеткен сан жылдар
Бабалардың өсиеті бәл жүрегі қазақтың
Әр сөздері талайлардың жүректерін жандырған
Бәріде заманының дарындары
Қазағымның өшпейтін жалындары
Олардың нақыл сөзі өшпейді ғой
Ұрпақтары болса егер бар ынталы
Олардың айтып кетем бір екеуін
Қара сөзбен өлеңмен жыр етемін
Айтар сөзге тыңдайтын құлақ болса
Түсіндірем өсиет не екенін
Білге қаған айтыпты ертеректе
Оның бәрі қалыпты жыр деректе
Айтқан сөзі қалыпты өсиет боп
Оның бәрі сақталған нұр жүректе
Айтқан екен өзінің кім екенін
Сақтаған ғой елінде өз мекенін
Пәк қыздарым күң болып қалмасын деп
Құртыпты ғой жаулардың көп тентегін
Әл-Фараби атамда болған дана
Жер тоздырып кеткен ғой білім ала
Жас ұрпағым білімді болыңдар деп
Өз артынан қалдырған кітапхана
Баласағұн бабамда жырлап кеткен
Айтқан сөзі өтеді сүр сүйектен
Ұры болма адал бол деп айтады
Қыңыр болма қарама тым биіктен
Ойнап босқа сеңделме деген Абай
Дана сөзі бұзылмас үлкен сарай
Бес досы мен дұшпанын атап кеткен
Түсінгенге ашылған үлкен сырда
Болмағын өсекші мен арам тамақ
Айтқан сөзді түсінбес ақпа құлақ
Керісінше еңбектен жалықпа деп
Айтып кеткен осының бәрін шырқап
Ыбырай да қосқан ғой өз үлесін
Өсиетке толтырған зор үлесін
Қатарынан қалмасын деген оймен
Бізге мұра қалдырды кең кеңесін
Ұрпағым деп жанын берген ағаларым
Қазағым деп қорғаған қалаларын
Бізге жарқын болашаққа жол берер
Өсиет қалдырды ғой бабаларым
1-жүргізуші Біржан:Иә, расында ата бабамыз ұрпақтарын ойлай отырып, көптеген өсиеттер мен мұралар қалдырған.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? — дей келе, Нұркелді ұлдарыңыздың «Ақындарға» атты жырын қабыл алыңыздар.
2- жүргізуші Сая: Пах, шіркін! Әу демейтын қазақ бар маболашақ әншілерімізге сәттілік тілей отырып, біз әрмен қарай жалғастырамыз.
Құдірет бар домбыра ішегінде,
Қолыма алып қаққанмын мүшелімде.
Мен онымен қияға көтеріліп,
Мен онымен тереңге түсемін- дей келе, ата-бабамыздың мұра етіп қалдырған киелідомбырамыздың шанағынан төгілген «Жастар биі» күйін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші Біржан: Көңіліңе ұйып аппақ сүт есім,
Жабағы ойды жылдар бойы түтесің
Арамнан да бір адалдық, әділдік,
Сараңнан да бір жомарттық күтесің. Ендігі кезекте Аскен Шаймерден мен Мұратәлі Айғанымның Абайға арнауын қабыл алыңыздар!
Шаймерден:Ұрпағына терең ой ақыл бергенҚарасөзге әрқашан болған мергенИбраһим атты ұлы адам шыққан едіСемейдің қазіргі Абай деген жерденӨлеңдеде ешкімге дес бермедіҚара сөзге өрілді, есті өрнегіҚазақтың ең бағалы тұлғасы бопӨнеге қалдыруды кеш көрмедіҚазақтың бәріне Абай дара тұлғаТалпынамын бәріңді қаратуғаФилософ, аудармашы ақын бабамТек ұлы болу үшін жаратылған175 жыл болды бабамызғаПарасат пен нұр шашқан санамызғаАбайдың өзі өмірден өткеніменӨлең болып жүреді ол арамыздаАйғаным: Абай дана, Абай үлгі біздерге,Абай жарқын болашаққа із берген.Абай ата жолын қуған жастардың,Салауатты болашағын көрем мен.Шабытымның үміт оты алаулап,Абай ата өлең жаздым сізге арнап.Ақын жолын, ақын бала қуар деп,Қадам бастым болашаққа айбындап.Серт бердім, ұмытпауға өз тілімді,Серт бердім қолда ұстауға көк туымды.Қасиетті, киелі қазақ тілін,Ұрпақтарға мұра қып қалдыруды.Туған тілім иманы ар ұяттың,Абай ата айнасы бар қазақтың.Тура жолды көрсеткен, әр шумағы,Абай ата асылы адамзаттың.Мойындаған ұлы Архимед ұрпағы,Мойындаған ойшыл славян ұлдары.Өсиеті таусылмайтын қазына,Біз Абайдың сыбығалы ұрпағы.2-жүргізуші Сая: Ата-баба жолын қуған ақындарымызды көріп, шығармаларын тыңдау көңіліңді бір тебірентеді екен.Көп жасаған қарияАқылы теңіз-дария.Көп өнеге сөзі барСөзі – соқпақ, өзі нәр.Ата салты – ардақты,Әрбір сөзі – салмақты.Сол сөздерді ұқпасаңТістерсің бір күн бармақты, — дей келе, ендігі кезекті окушыларымыздын «Ата тәлімі» көрінісін қабыл алыңыздар2-жүргізуші Сая: Ата тәлімін алу болашаққа нық сеніммен қарау десем, қате айтпаспынАтадан — өсиет,Анадан — қасиет – демекші, оқушыларымыздың ата-әжелерінің сөзіне зер салайық.Бұл бейнекөріністе оқушылардың ата-әжелерінің өсиетін көрдік.1-жүргізуші Біржан:Үлкендердің бізге берген өсиеттері мен мұраларын мәңгі жадымызда сақтап, келешек ұрпаққа беру біздің міндетімізҚұлақтан кіріп бойды алар,Әсем әнмен тәтті күй.Көңілге түрлі ой саларӘнді сүйсең менше сүй – демекші, жақында өткен композитор Кеңес Дүйсекеевтің75 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сәлем, саған туған ел» атты республикалық оқушылар арасындағы ән байқауында 1-орын иеленген Жарқынай қыздарыңыздың орындауында «Қазағымсың» әнін қабыл алыңыздар! Сөзін жазған: Қажымұқан Абзалов әні: Сая Махамбеттікі.
2-жүргізуші Сая:«Күміс көмей жез тандай» осындай-ақ болар сірә!Қарасай Айнара: «Бабалар өсиеті — балаға мұра» атты эссе (хабарланбайды)1-жүргізуші Біржан: Асылы залымдардың лайланды,Дүниені маған десең шыр айналды.Ит үрер жақсыға да,жаманға да,Қылмағы бірақ залал құдайдан-ды2-жүргізуші Сая: Ұлы дала. Ғасырлар бойы ұрпақ өсірген кеңбайтақ қазақ жері. Халқымыз оның қадір-қасиетін жақсы түсініп, жоғары бағалаған. Отанымызкөне заманнан бері ұрпақ өсірген ата-бабаның мекені. «Мен қазақпын» деп ешкімнен қымсынбай кең жайлап жүретін қасиетті кеңістік.Осымен «Бабалар өсиеті- балаға мұра» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Аман-сау болыңыздар! Қорытынды: Қазақ халқы жаратылысынан шешендік өнерге бейім болған. Қиыннан қиыстыра, сөйлейтін тапқыр да, қанатты ойларымен би, шешендер даулы мәселені төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Барынша адал, тура сөйлейтін,халық қамқоршылары болған бабаларымыздың әруағы риза болсын. Кейінгі ұрпақ, әрине біздер осы бабаларымыздың өсиеттерін есте сақтап, сөз қадірін түсіне білуге үйренейік.