Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Анасын саынан бала. Алданан арман 5саба.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Анасын сағынған бала». Алданған арман
№5-сабақ.
Бөлім: | Отбасы құндылықтары |
Педагогтің аты-жөні: | Исаева Айгерим Алмазовна |
Күні: | 14.04.2022 |
Сыныбы: 5 «Ә» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Алданған арман |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу, шығармадағы кейіпкері өзіндік тұрғысынан талдау |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын біледі. Көпшілік оқушылар үшін: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдары ның мағынасын сипаттай алады. Кейбір оқушылар үшін: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдары ның мағынасын анықтай алады. |
Құндылықтарға баулу: | Оқушыларды отбасы құндылығына баулу. Отбасыдағы құндылықтар оның мүшелерінің қарым-қатынасынан құрылады. Оқушыларды отбасындағы мүшелерді: атасын, әжесін, әкесі мен анасын, іні-қарындастарын сыйлауға, құрметтеуге, кішіпейілділік танытуды үйрету. Қазақ халқы отбасы құндылықтарына аса зор мән берген. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру. Топтастыру. | Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Фигуралар көмегімен оқушыларды 4 топқа біріктіру. | Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. | Фигураларсалынған конверт | ||
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын қойып үй тапсырмасын айту. Сұрақтар: Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша бір-біріне өздері сұрақ қояды, берілген үй тапсырмасын айту. | Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету», топтық жұмыс тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | ||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | Оқушыларға тапсырма орындатады. Пікірлерін сұрайды. Кері байланыс береді. | | Дескриптор: -Оқушылар сұраққа жауап береді. -Ой алмасады. -Пікірлерін толықтырады. Жалпы - 6 балл. | Жұмыс дәптерлеріне орындайды. Сұрақтарға жауап берген оқушылар жеке бағалау бойынша балл алады. | ||
Топтық жұмыс | Мұғалім оқушыларды топқа бөлу арқылы тапсырманы орындауын қадағалайды. | 3 топ болып, бір-бірімен кішігірім жарыс ұйымдастырады. Сұрақтар қояды. | Дескриптор: -Топқа бөлінеді. -Сұрақтар қояды. -Жарысады. Жалпы - 4 балл. | 5-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері | ||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды. - менің түсінгенім..... - енді мен......аламын. | Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | | ||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |