Файл: останай облысы кімдігі бiлiм блiмiні останай аласы білім бліміні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қостанай облысы әкімдігі бiлiм бөлiмiнің «Қостанай қаласы білім бөлімінің
№ 28 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыс түрлері. Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс
Бөлім: | 8.3В Химиялық байланыс түрлері | |
Педагогтің аты-жөні: | Әліқұл Мерей | |
Күні: | 09.02.2023 | |
Сыныбы: 8а | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: | 8.1.4.3.-заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру | |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Кристалдық тор типтерін білу; Көпшілігі: Кристалдық тор типтері бойынша заттың қасиетін түсіну; Кейбіреуі: Әр түрлі кристалдық торы бар заттардың қасиеттерін салыстыру; Қажеттіліктері бар балалар үшін: Заттардың кристалдық тор типтеріне байланысты модельдерін құрастыру; | |
Бағалау критерийлері | Кристалдық тор типтерін ажыратады ; Кристалл тор типіне байланысты заттың қасиетін анықтайды; Қажеттіліктері бар балалар: Кристалдық тор типтерін біледі; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Ұйымдастыру кезеңі (10 минут) | Сәлемдесу. Сабаққа дайындығын тексеру, психологиялық дайындық, сабақ мақсаты мен міндетін айту. Топтарға бөлу. «Колесо фортуны» әдісі бойынша оқушыларды таңдау арқылы, үй жұмысы тексеріледі. | Сәлемдеседі. Сабаққа дайын, белсенді қабылдау мен өзара қарым-қатынасқа дайын.Топқа бөлініп отырады. Үй тапсырмасына жауап береді. | Бағалау критериімен танысады. | Презентация, оқулық. «Колесо фортуны» әдісі Колесо фортуны (piliapp.com) | ||||
Сабақтың басы (10 минут) | Миға шабуыл «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі Оқушыларға суретті қолдана отырып, берілген заттардағы байланыс типін анықтауды, соған сәйкес қасиеттерін сипаттауды ұсыныңыз. 1 - тапсырма Топтық зерттеу жұмысы:
| Берілген тапсырмаларды уақытылы орындайды. | Оқушылар бірін- бірі бағалайды. | Үлестірмелі материалдар. | ||||
Cабақтың ортасы (10минут) | 2- тапсырма Берілген қосылыстар мен байланыс типтерін сәйкестендіріңіздер.
| Берілген тапсырманы дәптерлеріне жазып алады. | «Екі жұлдыз бір тілек» Топтар бірін – бірі бағалайды. | Үлестірмелі материалдар. | ||||
Сабақты қорытындылау (9 минут) | Сабақты тест тапсырмаларын беру арқылы қорытындылау. Химиялық байланыс және зат құрылысы 1 нұсқа 1. Электртерістік – берілген элемент атомдарының: А) басқа химиялық элемент атомдарынан электрондар тартып алу Б) электрондарын оңай беріп жіберу В) тотықтырғыштармен әрекеттесу қасиеті 2. Коваленттік байланыс жүзеге асады А) электрондық бұлттар Б) валенттік электрондар в) екі жалпы электрон немесе электрон жұптары г) электростатикалық тартылу күштері есебінен 3. Иондық байланыс бар заттардың формуласын көрсетіңдер: А) О2 б) Н2О в)НСl г)KF 4. Су молекуласындағы химиялық байланы: А) коваленттік полюссіз б) коваленттік полюсті в) 5. Мыстың физикалық қасиеттері А) ұшқыш зат б) жоғары электрөткізгіш В) сұйық зат г) аморфты 2 нұсқа 1. Азот атомдары азот молекуласында бір-бірімен А) ков. Полюссіз байланыс б) иондық байланыс В) металдық г) ков. Полюсті байланыспен байланысқан. 2. Атомдық нөмірлері 3 және 9 элементтерінің арасында А) коваленттік б) иондық в) металдық г) сутектік ьайланыс пайда болады 3. Цезий хлоридіндегі химиялық байланыс А) ковалентті полюсті б) ковалентті полюссіз в) металдық г) иондық 4. Балқу температурасы төмен заттың атын атаңдар А) су б) алмаз в) калий хлориді г) азот 5. Молекулалық кристалдық торлы зат А) электрөткізгіш б) қиын балқиды в) ұшқыш г) ұшқыш емес | Екі нұсқаға бөлініп тест тапсырмаларын орындайды. | Мұғалімнің бағалауы. | Үлестірмелі материалдар. | ||||
Сабақтың соңы (6 минут) Рефлексия. Үй тапсырмасы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - ненібілдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет; | Бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтады. Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс туралы жазып келу. | | Үлестірмелі материалдар. | ||||
|