Файл: 20192020 оу жылыны информатика пнінен элективті курс Scratch технологиясыны жобалы ызметі бойынша есеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2019-2020 оқу жылының информатика пәнінен элективті курс «Scratch технологиясының жобалық қызметі» бойынша есеп

Мұғалім: Жумабаева Алуа Советовна
Оқытудын негізгі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны информатика мен математика пәнің кіріктіріп оқутуға мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың логикалық және бағдарламалық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн Мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Ол компьютерді информатика және математика сабақтарында оқу құралы ретінде оқушылардың оқу-танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді.

Информатика мен математиканы кіріктіріп оқыту оқушылардың компьютер арқылы ақпараттық технология әдістерімен қарулануына себебін тигізеді.

Информатикадан 10 «Б» сыныпқа арналған Scratch технологиясының жобалық қызметінің мазмұны оқушылардың өзіндік анимациялық, интерактивті оқиғаларды, ойындар мен модельдерді құрастырудың жаңа бағдарламалық ортасы болып табылады. Scratch бағдарламасында әр түрлі нысандарды ойынға қосуға, қозғалысқа келтіруге және түрін өзгертуге болады. Бұл нысанды бағдарлау ортада әр бір бағдарламалар түрлі түсті кірпіштер түрінде жинастырылған. Scratch бағдарламасының тағы бір ерекшелігі мұнда оқушылар дайын компьютерлік ойындарды қолданбай өздерінің жеке ойындарын, оқиғаларын және моделдерін құрастырады.

Аптасына 1 сағаттан жалпы көлемі 34 сағатқа есептелінді.

Информатикадан 10 «Б» сыныпқа арналған Scratch технологиясының жобалық қызметінен білім беру тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге сәйкестендіріліп ұсынылды.

Бағдарлама құрылымына төмендегі мәселелер енді:

  • 10 сынып бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;

  • тақырыптық жоспарлау.


Курс мазмұны мынаны қамтиды:

  • Алгоритмдеу және програмалау түсініктері, алгоритм түрлер, тармақталу алгоритмi, тармақталу алгоритмдi програмалау,циклдiк алгоритм,циклдiк алгоритмді програмалау, сызықтық алгоритмдерді білу.

  • Scratch ортасы. Scratch мүмкіндіктері, Scratch интерфейсі,Scratch – тің басты мәзірің білу.

  • Қозғалыс командасы, сыртқы бейне командасы, дыбыс командасы, қалам командасы, бақылау командасы, сенсор командасы, сандық командасы, айнымалылар командаларын қолдана білу.



Мақсаты: оқушылардың бойында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеті:

  1. Оқушының қызуғышылығын арттыру

  2. білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;

  3. білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;


Элективті курс «Scratch технологиясының жобалық қызметі» нәтижесіндеоқушылар мына біліктіліктерді білді:

  • Scratch бағдарламалау тілін қолдануды.

  • Scratch бағдарламалау тілімен анимация құруды.

  • Scratch бағдарламалау тілімен арифметикалық амалдарды орындауды

  • Scratch бағдарламалау тілімен модельдеуді

  • Scratch бағдарламалау тілімен өз оқиғаларын құрастыруды.

Элективті курс сабақтарында , Scratch бағдарламалау тілі бойынша онлайн қашықтық «час кода» олимпиадасына қатысып сертификаттармен марапатталды.


Үйренді:скриптердің мазмұның, спрайттардың басқару элементтерінің мазмұнын, арифметикалық өрнектерді жазуды, тұрақты және айнымалы элеметтерді енгізуді, „және“, „немесе“ логикалық операцияларды қолдану, Scratch бағдарламалау тілін білді.