Файл: Денсаулыты ныайтуа байланысты жаттыу трлерімен танысады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 182
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.5.1 Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістермен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі | ||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы орындай алады: Жаңа материалды толық меңгереді. Эстафеталық ойының ойнай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ойынының ережелерін түсінеді және сақтайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Жаңа тақырыпты жақсы түсінеді. Әдіс-тәсілдерін жақсы менгереді. | ||||
Бағалау критерииі | Қашықтықта жүгіру техникаларын көрсетеді Орта және алыс қашықтықтағы дене жүктемелерінің айырмашылығын және оның ағзаға тигізетін әсерін анықтайды | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау. | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Тренинг жазылған парақшалар | |
Ортасы | (К, И, Ф) «Өзеннен» секіріп өт. Оқушылар 2 командаға бөлінеді және жалпы старт сызығына бір-бірлеп сап бойынша тізіліп тұрады. Старттан 8 м аралықта екі параллель сызықпен екі метрлік ендіктегі шартты бұлақ белгіленеді, ал тағы 8 м аралықта әр тізбектің алдында бұрылу бағанасы қойылады. Сигнал бойынша тізбектің бағыттайтын ойыншылары бұрылу бағанасына жүгіріп келеді, екпінмен бұлақ арқылы секіріп өтеді, бағананы айналып өтеді, қайтып оралады, бұлақтан өткендей қайта өтеді, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады. Бұлақтан өте алмағаны үшін топқа 2 айыппұл секунд қосылады. Аз уақытта эстафетаны бітірген топ жеңеді. (К, Г, И, Ф) Казактар-қарақшылар Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінуі керек: «қарақшылар» мен «казактар». «Казактар» тұтқынға түскен «қарақшылар» — «абақтыдағылар» үшін орын табады, ал «қарақшылар» тығылады. Содан кейін «казактар» іздей бастайды, ал «қарақшылар» оларға міндетті түрде жетіп, ұстауы керек. Тұтқынға түскен «қарақшы» қаша алмайды. Барлық тұтқынға түскендер «абақтыға» отырады, оларды «казак» қарауылдайды. «Қарақшылар» «абақтыдағы» досына хабар айта алады, бірақ ол үшін олар «тұтқынды» ұстауы керек. Егер ол ойыншы бірден қашып үлгерсе, «казак»-қарауылшы оны қайтадан ұстап алады. «Казак» көмекке келген «қарақшыны» да ұстап ала алады. Барлық «қарақшылар» «абақтыға» түскен кезде ойын аяқталады. Содан кейін ойынды қайтадан бастауға болады, ал ойыншылар өз рөлдерімен алмасады. | Белгі бойынша топтын бірінші ойыншылары, белгіленген жалаушаға дейін, қапшықпен қосаяқтап секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға қапшықты жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады. | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | фишкалар, бағалау парақтары, секіртпе, шеңбер, қапшық, гимнастикалық орындықтар, төсеніш, қағаз доптары, себет, стикерлер. Техника қауіпсіздігін сақтау. | |
Сабақтыңсоңы | Бағдаршам» әдісі арқылы өзіндік бағалау Жасыл-барлығы дұрыс Сары- қателер бар Қызыл-дұрыс болмады Рефлексия «Таңдау мен себеп» 1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын, себебі... 2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды, себебі.... 3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым, себебі.... 5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін, себебі .... Үйге тапсырма: Қабілеті жақсы және жоғары оқушылар орындайды: суретте берілген көлік түрлерінің екеуін таңдап, сипаттамалық мәтін жазады. Қабілеті орта оқушылар орындайды:суретте берілген көлік түрлерінің біреуін таңдап, сипаттамалық мәтін жазады. Бағалау. Топ басшысының бағасы. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||||||||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||||||||||
Күні | | ||||||||||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.5.1 Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістермен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: Ұзындыққа және биіктікке секіру тәсілдерін түсінеді , меңгереді Көбі: Дене қозғалыс қасиеттерін дамытады.Жылдамдылыққа, ептілікке үйренеді. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||||||||||||
Бағалау критерииі | 1. . Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасайалады; 3. Ойын үрдісінде тактикалық амалдар қолданады. | ||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||
Басы | Бой сергіту жаттығулары. Сап жаттығулары Жалпы дамыту жаттығулары Жүру түрлері.Аяқтың өкшесімен,сыртқы қырымен,аяқтың ұшымен ,жартылай отырып, төменгі жылдамдықпен жүгіру. Тынықтыру жаттығулары Орнында жасалатын жаттығулар 1.Б.Қ екі қол белде. 2.Б.Қ..екі қол иық үстінде,аяқ иық кеңдігінде алшақ 3.Б.Қ екі қол кеуде тұсында 4.Б.Қ сол қол белде,оң қол жоғары 5.Б.Қ аяқ иық кеңдігінде алшақ 6. .Б.Қ аяқ иық кеңдігінде алшақ,қолдыңсаусақтарын айқастыра ұстап 7. Б.Қ..екі қол тізеде | Қойылған сұраққа өз ойын айту, жауап беру. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары - Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. - Екі қол белде өкшемен жүру. - Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. - Бір қалыпты жеңіл жүгіру. - Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру. - Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру. 1. | Қол шапалақ | Футболдобы, ысқырық,уақыт өлшегіш,жалауша. | |||||||||
Ортасы | Жаңа сабақты түсіндіру Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Биіктікке секіру 4 жаттығудан тұрады. Олар: екпіндей жүгіру, серпілу, кермеден асу, жерге түсу. Биіктікке секіруді «аттап секіру» де те атайды. Себебі көлденең кермеден секіргенде одан алдымен бір аяқты, содан кейін екінші аяқты аттап секіреді. «Аттап секіруді» бастамас бұрын орындалатын жаттығулар: 1. Бір орында тұрып, белгілі бір биіктіктен жай аттап өту. Белгілі бір биіктіктен аттап өту үшін алдымен сілтенген аяқ сол биіктіктен асып, жерге тигеннен кейін барып екінші аяқты асырады. 2. Бір орында тұрып биіктіктен секіру. Серпілетін аяқтың өкшесі секіру сызығын басып, тізе сәл бүгілген қалыпта болады. ал сілтенген аяқ қолмен бірге жоғары сермей көтеріледі. Серпілетін аяқ биіктен асқан кезде жерге түсетін бүйірге қарай сәл бұрылу керек. «Аттап секіру» әдісімен секіргенде алдымен көлденең кермеге екпіндей жүгіріп келу керек. Әр адамның жүгіргендегі адымының ұзындығы әр түрлі болғандықтан, жүгіріп келетін қашықтығын әркім өзі белгілегені дұрыс. Егер оң аяқпен серпілетін болса, жүгіруді солаяқтан, ал сол аяқпен серпілсе, оң аяқтан бастайды. Секіргенде серпілетін аяқ сәл бүгіліп, соңынан алға созылған қолмен бірге түзуленіп жазылады. Серпілген аяқ жерден көтерілгенде толық жазылуы тиіс. Сілтеген аяқ кермеден асқан соң сәл бүгіліп барып жерге түседі. Биіктікке секіру түрлері: Бір адым аттап секіру. Жүгіріп келіп екі адым аттап секіру. Жүгіріп келіп үш адым аттап секіру. 25 мин Оқушыларға қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Биіктікке секіру құрал-жабдықтарын, секіріп түсетін жерді тексеріп алу, қалай орындау керектігін көрсету. Оқушыларды биіктікке секіру жаттығуларымен таныстыру . Жеңіл атлетика бөлімдері а) Алыс және жақын қашықтыққа жүгіру. ә) Жоғары және төмен старт ережелері. б) Ұзындыққа және биіктікке секіру. в) Орнынан секіру қимылдары. Қауіпсіздік ережелрін сақтау Оқушылардың жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау. Ұлттық ойындар: Соқыр теке. Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ Қайда кеткен құлыншақ Соқыртеке бақ-бақ Мені ізден тап-тап Деп тақпақтайды. Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді. | Белгі бойынша топтын бірінші ойыншылары, белгіленген жалаушаға дейін, қапшықпен қосаяқтап секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға қапшықты жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады. | Топ белсендісі анықталып, топ басшысы болып тағайындалуы ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | Футболдобы, ысқырық,уақыт өлшегіш,жалауша. | |||||||||
Сабақтыңсоңы | Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім. - нені толық түсінбедім деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. «Білемін, білдім, білгім келеді» амалы арқылы оқушылардан кері байланыс алуға болады. Ол үшін олар төмендегідей кестені толтырып кетеді:
Үй тапсырмалары беріледі; Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады) Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Эстафета және қозғалмалы ойындар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.5.1. Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті ұсыныс жасайды 2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады | ||||
Сабақтың мақсаты | Әр түрліэстафеталық, қозғалмалы ойындарда қарапайым дене дамуына әсер ететін жаттығуларын орындау, әр түрлі қозғалыс-қимылды қайталау, орындаудың маңыздылығын білу, жаттығуларды тиісінше кешенді, ретімен орындау. | ||||
Бағалау критерииі | Қарапайым әр түрлі қозғалмалы дағдыларды, эстафеталық жаттығуларды орындайды, дене дамуына ықпал ететінін, маңыздылығын түсінеді, қозғалыстарды ажыратады. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау. | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Тренинг жазылған парақшалар | |
Ортасы | «Ормандағы далашық». Ойыншылардың алдында ормандағы алаңның аймағы бар, ондағы үстелдерде пластмасса стакандар, үстел үстілік тенниске арналған кішкене шар тұр. Стаканның жоғарғы жағы күңгірт пленкамен жабылған. Оқушы станканда не бар екенін біле алады. Ол үшін оны мәреде ашуы және стаканның ішіндегі затты топқа көрсетуі керек. «Мандариндер» (теннистік кішкене шарлар) барлық стаканда болмайды. Ойыншылардың міндеті өздерінің кезектерінде, ормандағы алаңға жүгіріп баруы, кез келген стаканды алуы және қайта оралуы керек. Ойыншы стаканды таңдамауы керек. Кездейсоқ табу арқылы топ өзіне ұпайды жинайды. Мандарин саны көп болған сайын, жеңіске деген мүмкіндік көбейеді. Осыған ұқсас эстафета нұсқасын өткізуді ұсыну. Әр топ алдында 5 метр аралықта үстел үстінде пазлдың 8 бөлігі жатады. Пазлдың бір жағында сурет, екінші жағында нөмір болады. Әр ойыншы топтағы кезегі келгенде нөмірі бар пазлды алады. Бірінші ойыншының міндеті үстелге дейін жүгіріп бару, өз нөмірі бар пазлды табу, өзіне ыңғайлы әдіспен туннель арқылы өту және пазлды туннельден кейінгі тақтаға 5 метр аралықта жапсыру болып саналады. Жапсырған соң ойыншы өз тобына жүгіріп келіп, қайта қосылады. | оқушылар акедергі алабынан жақсы өткен тәсілдерін көрсетеді оқушы басқа оқушыларға кедергілер алабынан қалай өткені туралы түсіндіріп, көрсетеді. Қайтадан кедергілер алабынан өтді ұйымдастырады | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | Мектеп алаңы, ысқырық, конустар, құрсаулар, кіші доптар және, нысана. | |
Сабақтыңсоңы | Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Сабақтың қорытындысы. Рефлексияда оқушы сұраққа жауап береді: кедергілер алабынан өтуіне байланысты өз серіктестерінің көмегі қаншалықты ықпалын тигізді? | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Эстафета және қозғалмалы ойындар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.2.5.1. Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті ұсыныс жасайды 2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады | ||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: Жаттығу техникасын үйренеді,жаттығу техникасын жетілдіреді Көбі: Допты менгеруін арттырады, ойыны мәдениетін қалыптастырады. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||||
Бағалау критерииі | Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын анықтайды. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Бой сергіту жаттығулары. Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:
Постермен жұмыс. Оқушыларға үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың олимпиада ойындарында көрсеткен өнерінен үзінді беріледі. Белгіленген уақытта постерге Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары -қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүр -екі қол белде өкшемен жүру -екі қол белде аяқтын ішкі және сыртқы қырымен жүру -бір қалыпты жеңіл жүгіру -тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру -арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру -алға қарай созылган қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру -қол алақанына аяқтын ішкі,сыртқы қырын тигізе жүгіру -өкшені артқа көтеріп,екі алақанға тигізе жүгіру -екі қол тізеде,толық отырып журу -отырып секіре жүру -дем алу,дем шығару . | | Қол шапалақ | Ұялы телефон | |
Ортасы | Жаңа сабақты түсіндіру Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі . Қимыл –қозғалыс ойыны Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді: 1) жеке ойнайтын ойындар: а) «Жел мен желбақыш »; ә) «Айнал да жүріп кет » . 2) екеу болып ойнайтын ойындар : а) «Кім күшті ?»; ә) «Кім бірінші болады ?». 3) эстафеталық ойын : «Доп» ойыны . Қимыл-қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл –қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады . Сонымен бірге бір-бірімен байланыс жасап ,тіл табысуға көп көмегін тигізеді . Ұлттық ойындар: Күш сынаспақ Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Тауық күрес. Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады. | Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды Жұп бойынша Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді Кілт сөздер мен тіркестер. Оқушыларды түсінігін талқылау, көрсету топтық ойын жақсарту туралы белсенділігі туралы әлеуметтік дағдыларды түсіну және көрсету қозғалу дағдылары секіру, лақтыру, жүгіру | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау Бағалау парақшасын толтырады. ҚБ | Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б. Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер. | |
Сабақтың соңы | Кері байланыс Оқушылардың өз тәртіптеріне рефлексия жасауды мобильдендіру (мотивация, әрекет тәсілдері, қарым-қатынас). Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады: 1. Маған сабақта не ұнады. 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайл арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Эстафета және қозғалмалы ойындар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.5.1. Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті ұсыныс жасайды 2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады | ||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы: Білім алушы техника қауіпсіздік ережесін сақтайды. Көбі: Білім алушы техника қауіпсіздік ережесін түсінеді,айтып бере алады. Кейбірі: Білім алушы, техника қауіпсіздік ережесін түсінеді ,айтып бере алады, көрсете алады. | ||||
Бағалау критерииі | Дене жаттығуларын орындау барысында туындаған қиындықтарды анықтайды. Дене жаттығуларын орындау барысында туындайтын тәуекелдерді атайды. Қиындықтар мен тәуекелдердің алдын алу жолдарын ұсынады. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Дайындық бөлімі Оқушыларды бір қатарға сапқа тұрғызу. а)cәлемдесу. б)Сабақтың тақырыбымен мақсатын ,баяндау. Сап жаттығуларға оңға, солға , кері бұрылу. Қозғалыс кезінде орындалатын жаттығулар. а) Қолдар желкеде өкшемен жүру. ә) Қолдар белде аяқтың ұшымен жүру. б)Қол белде табанның сыртқы қырымен жүру. в)Қол белде табанның ішкі қырымен жүру. г) Қол белде жартылай отырып жүру. в)Толық отырып жүру Жалпы дамыту жаттығулар. 1)Б.қ аяқтың арасын ашып қолды белге қойып басты оңға 4рет солға 4рет айналдыру. 2) Б.қ аяқтың арасын ашып қолды иыққа қойып алға қарай 4рет артқа қарай 4рет айландырамыз. 3) Б.қ аяқтың арасын ашып оң қолды жоғары көтеріп оң қолды екі рет сол қолды ауыстырып екі рет сілтеу . 4) Б.қ аяқтың арасын ашып сол қолды белге қойып оң қолды жоғары көтеріп солға қарата 2рет оңға қарата 2рет иілу 5) Екі қол белде оңға, солға бұрылу.`1-2 оңға ,3-4 солға. 6)Қолдар жоғарыда. 1-қолдар жоғарыда,2- еңкейеміз, 3-отырамыз, 4-тұрамыз. 7) Бір орында 1,2,3 оң аяқпен, 1,2,3 сол аяқпен 1,2,3 қос аяқпен секіреміз. | Оқушы өз жұбын табады Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Ысқырық, секундомер, плакат, түрлі түсті маркерлер | |
Ортасы | Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Мұғалім әрбір шеңберге 2-3 доптан бір-бірлеп домалатып жібереді. Доптардың тоқтамауы және шеңберден шықпауы керек, оларды тек қана аяқпен және қолмен итеруге болады. Оқушылар ойын шартын сәтті орындайтын болса, мұғалім қосымша доп санын домалатып жібереді. Доп ортада тоқтап қалатын болса, мұғалім оны алып тастайды. Шеңбердегі доптар саны бойынша рекордты орнатуға әрекет жасау керек. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. (К) Оқушылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай, жылдам көршісіне беруге әрекет жасайды. Бір-біріне допты өте жоғары мәнерде лақтыруға немесе шеңберге арқасымен қарап және қолдарын артқа ұстап тұрып беруге болады. Балалардан көздерін жұмып ойнау немесе ойында бір уақытта бірнеше допты пайдалану арқылы жаттығуды қиындатуға болады. (К) Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Жетекші шеңбердің ортасына тұрады және допты мына сөздермен жоғарыға лақтырады: «Допты аспанға!». Басқалары осы уақытта шеңбер ортасынан мүмкіндігінше әрі қарай жүгіруге тырысады. Жүргізуші допты қағып алып, «Тоқта!» деп айқайлайды Басқаларының барлығы тоқтайды, ал жүргізуші орнынан түспей, өзіне ең жақын орналасқан адамға допты лақтырады. «Тигізілген» жеткізушіге айналады. Жеткізуші мүлт кетсе, онда ол шеңбер ортасына қайтадан барады, допты жоғарыға лақтырады, ойын жалғасады. Мұғалімге нұсқаулық: Ойын арқылы қозғалыстың дәлдігі, реакцияның жылдамдығы жетілдіріледі. Сұрақ: Дәл қозғалыс, зейін қою, жылдам реакция, назар дамытылады. Сұрақтар : Допты лақтыру динамикасын өзгерте аласыз ба? Жылдамырақ, орташа, дереу, байсалды. Қатысушылардан осы ойында пайдаланған негізгі қозғалыс дағдыларын сипаттап беруін сұраңыз. Қатысушы жақсы жүгірдім деп ойласа, бас бармағын жоғары қаратуын сұраңыз. Сенімді болмаса, бір-біріне қарайтын саусақтар. Олар жүгірісін жақсарту керек деп ойласа, саусақтарын төмен қаратыңыз. Источник: https://rcdo.kz/publ/2682-ysa-merzmd-zhospar.html | Ереже: 1 Күзетші қояндарды бақша мен үлкен шеңберде ұстауы тиіс. 2.Ұсталған қояндар жаңа күзетші сайланғанша ойынға қосылмайды. 3.Қояндар бастаушының айтуымен бір немесе екі аяқпен секіруге тиіс. Ережені бұзғандар ұсталған болып есептеледі. Қауіпсіздік ережесін сақтау Ойынның ережесін басшылыққа алу,әдістемлек нұсқау беру. | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау | Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б. Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер. | |
Сабақтыңсоңы | Қалыптастырушы бағалау. «Социаграмма» әдісі: Тапсырма: оқушылар сабақтан қаншалықты дәрежеде тың мәліметтерді алғанын шәкіл тұсына белгілейді. Кері байланыс Оқушылар сабақта алған білімдерін қорытындылау үшін «Білемін, білгім келеді, үйрендім» (ББҮ стратегиясы) кестесін толтырады. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |