Файл: ріптестерді бірімен тлімгерлік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Алдажар Гүлжан Жиенейқызы мұғалім портфолиосы А 3 есебі

№1 топ «Педагогикалық қоғамдастықтағы

Астана қаласы мұғалім көшбасшылығы»

29.08.2016 жыл


Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі

жүзеге асырылғаны туралы рефлексиялық есеп
Тәлімгерлік - ұзақ  уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп  арасында,  сенімді,  жеке тұлғаға бағытталған  қарым – қатынаc  құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін,  ойлауын тәжірибелік іс-амалдардың тиімділігін жеткізуде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Осы айтылғандар туралы ойлана отырып, мен әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгерістер енгізу мақсатында тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыру қажет екенін түсіндім. Тәліпке тәлімгерлік ету барысында  мен өзімнің білімім мен тәжірибемді бөлісемін және тәліптің оқу үдерісіне өзгеріс енуіне ықпал етемін, ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, сонымен қатар оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретуде әдістерді тиімді пайдалана білуді үйренеді деп ойлаймын. Осы орайда тәлімгер өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды. Олар – тәлім алушыға мүмкіндіктер мен проблемаларды  қарауға мүмкіндік береді; оған шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.

Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады. Міне осыны негізге ала отырып, тәліппен арамызда сенімді қарым-қатынас орнаса деген мақсатта мен алдымен кездесу өткізгенім дұрыс деп ойлаймын. Мен осы кездесуде қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырған екі сұрақ бар екендігін түсіндіріп берсем деймін.. Бізді "XXI ғасырда нені оқыту керек?" және "Мұғалімдер оқушыларды XXІ ғасырға қалай дайындайды?" – деген сұрақтар үнемі ойландыру керектігін басымырақ айтқым келеді. Мұндағы менің ойым тәліптің алғашқы күннен осы сұрақ төңірегінде ойланғанын қалаймын. Тәліптің қажеттіліктерін анықтау мақсатында сауалнама аламын (ауызша және жазбаша). Мен тәліптің дәстүрлі сабақтарына қатысып, оқытудағы өзекті мәселесін және мүмкіндіктерін анықтағаным дұрыс деп ойлаймын. Тәлімгер тәліпке күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге, сенімділік, жанашырлық, шынайылық, адалдық қасиеттерін танытуға дайын болады. Тәлімгер мен тәліптің арасында қарым-қатынас мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік  алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі. Сонда тәлімгер тәліпке ол үшін  нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның жеке тәсіліне, нақты мән мәтінге, жұмыс тәсілінің ыңғайына, іс-әрекеттің  дұрыс  бағытын таңдауға септігін тигізеді (Oxley 2003). Осы орайда мен тәліппен отырыс өткізіп, оған кәсіби қолдау көрсеткенім дұрыс деп есептеймін. Ары қарай тәліптің менің және әріптестерімнің сабақтарына қатысуы жоспарлануда. Мұндағы мақсат, тәліптің оқушылардың ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар түрлерін үйренуі. Келесі жоспарланған жұмыс тәліптің сабақтарына қатысу. Бұл кезде мен тәліптің оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретудегі әдістерді қалай тиімді пайдаланып жатқанын анықтаймын деп жоспарлап отырмын. Тағы бір кәсіби отырыс өткізіп, тәліптің сабақтарына байланысты ұсыныстар мен әдістемелік көмектер бергенім дұрыс деп есептеп отырмын. Бұл отырыста кез келген мұғалімнің оқушыны сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін жұмыс жасап, сабақта әдістерді тиімді пайдалану туралы ойланғаны дұрыс деп айтып кеткім келеді. Менің тәлімгерлікті,
сын тұрғысынан ойлауға үйретуде әдістерді қалай тиімді пайдалануға болады? - деген сұрақтан бастауымның себебін түсіндірсем деймін. Сонымен қатар сын тұрғысынан ойлау бақылау, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылатынын т.б. айтып берсем деп отырмын. Тәліптің сабақ беру үдерісіне өзгерістер енгізуінің даму көрсеткішін мониторинг арқылы анықтаймын деп жоспарлап отырмын.

Тәлімгерлік ету барысында мен өзімнің біліміммен, іс-тәжірибеммен бөлісіп, тәліптің еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздеуіне, оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретуде әдістерді тиімді пайдалануына т.б. қолдау көрсетемін деген сенімдемін.

Тәлімгерлік жоспары


Тақырыбы:

Сын тұрғысынан ойлауға үйретуде әдістерді қалай тиімді пайдалануға болады?

Тәлімгерлік етудің мақсаты:

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдістерін қолдануда тәліптің сабақ беру үдерісіне өзгерістер енгізіледі

Күтілетін нәтиже:

Тәліп оқытудың әдіс-тәсілдерімен танысады, оқу үдерісін дамытуға үйренеді және қолданады

Жоспар



Мерзімі

Мазмұны

Мақсаты

1

05.09-10.09

Кездесу өткізу

Тәлімгер мен тәліп арасында сенімді қарым-қатынас орнайды

2

05.09-10.09

Сауалнама

(жазбаша, ауызша)

Тәліптің қажеттіліктері анықталады

3

12.09-17.09

Тәліптің сабақтарына қатысу

Тәліптің мүмкіндіктері анықталады

4

12.09-17.09

Кәсіби отырыс

Тәліпке кәсіби қолдау көрсетіледі

5

19.09-24.09

Сабақтарға қатыстыру

(тәлімгер, әріптестер)

Тәліп оқушылардың ойлауын дамытуға бағытталған оқытудың әдістерін үйренеді

6

19.09-24.09

Кәсіби отырыс

Тәліп пен тәлімгер бірлесіп сабақтарды жоспарлайды

7

26.09-01.10

Коучингке қатыстыру

(тәлімгер, әріптестер)

Тәліп оқушылардың ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар түрлерін үйренеді

8

26.09-01.10

Тәліптің сабақтарына қатысу

Тәліптің оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретудегі әдістерді пайдаланудың тиімділігі анықталады

9

26.09-01.10

Кәсіби отырыс

Тәліптің сабақтарына байланысты ұсыныстар және әдістемелік көмектер беріледі

10

26.09-01.10

Мониторинг

Тәліптің сабақ беру үдерісіне өзгерістер енгізуінің даму көрсеткіші анықталады