Файл: Таырыбы Сыныбы 9б жетекшісі Рамазанова Индира Масаты оушылара азастандаы 100 жаа есім.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы:<<Ұлттың алтын қоры>><< 100 жаңа есім>>
Сыныбы:9Б
Жетекшісі:Рамазанова Индира
Мақсаты: оқушыларға «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасымен таныстыру. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту.
Барысы:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы
Қорытынды
1. Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес. Оларды ұрпаққа ұлықтап, ізгілікті істерін насихаттауда түрлі шаралар атқарылып жатқаны айқын. Солардың бірі – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған.
Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын.
2. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Елдегі меценеттар мен қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғалардың көпшілігі танымалдылыққа танытуға мән бермей жатады. Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген меценат тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Алайда мұнда халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғаны жұрттың өзі ұсына алады. Қазірдің өзінде жүз есімді анықтау мақсатында әр өлкеде қызу ұсыныстар келіп түсуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санатын сағат санап өсіп жатқандай. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар жобаға ұсынылуда. Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.
3. Қорытынды: бейнефильм « Балқашықтар «100 жаңа есім» тізіміне кіре алады.
Жобаға үміткерлерді іріктеу барысында еліміздің барлық аймақтары қамтылатын болады. Жалпы, жобаға қатысты ұсыныстар 2017 жылдың 5 маусымына дейін қаралады. Жобаға қатысты «ЕL.kz» сайтының аясында «Қазақстанның бет-бейнесі болғым келеді» айдарын ашу жоспарланып отыр. «Қазақстандағы 100 жаңа есімді» іріктеу үшін «ЕL.kz» порталында жаңа функция іске қосылады. Ол нағыз мультимедиалық порталға айналады. Порталда 100, 200 немесе 500 емес, барлық табысты адамдарды орналастырсақ деген ұсыныс бар. Кез келген адам қалаған уақытында сайтқа кіріп, Қазақстанның жаңа есімдерімен таныса алады», деді Дәурен Абаев. Арнайы жұмыс тобының отырысына қатысушылар жаңа есімдерді іріктеу, саралау сәтінде сан түрлі саланың тізгінін ұстаған білікті мамандар мен ерен еңбегімен көзге түскен жандардың қамтылуы керектігін бірауыздан мақұлдады. Басқалай айтқанда, аталған жобаға қатысушылардың қай-қайсысы да қазақстандықтарға үлгі болатындай тұлға болуы тиіс. Сонымен, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыруды бастады.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Берекелі отбасы
Сыныбы:9Б
Жетекшісі:Рамазанова Индира
Тәрбие сағатының мақсаты: ата- ана мен бала арасындағы ізгі қарым – қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Ата – ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір- біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата- ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата – ана екенін түсіндіру.
Тәрбие сағаттың көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, слайдтар.
Әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап, тренингтер, ситуациялық сұрақтар.
Түрі: сайыс.
Құрметті ата- аналар, ұстаздар!9 «б» сыныбының өткізгелі отырған «Берекелі отбасы» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Қазақ қоғамында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызықққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.Оттың басы, ошақтың қасы- ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Қазіргі қоғамда ата – ана баласынан не күтеді? Ата – ананың бақыты неде? Баласы ата – анасын қалай бақытты етпек?
Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Берекелі отбасы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Сайысқа қатысуға келген отбасыларымен таныстырайын:
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар мүшелерімен таныстырып өтейін.
Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:
Отбасын таныстыру
Ситуациялық сұрақтар
Ситуациялық жағдаяттар «Қонақ күту әдебі
«Кім зерек?»
Сайыкерлеріміз дайын болғанша балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.
Отбасы деген сөзді қалай түсінесің?
Отбасына кімдер жатады?
1-бөлім. Таныстыру. Отбасы мүшелері өздерін таныстырады.
Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.
Сенің отбасың қандай?
Сенің отбасыңда неше адам бар? Олар кімдер?
Отбасыңда сені қалай еркелетіп айтады?
Сен отбасыңдағы адамдарды қалай атайсың?
2-бөлім. Ситуациялық сұрақтар.
Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жуапкершілігі басым ба?
Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
Балалардың шығармашылығына назар аударайық.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі –бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол.
Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
«Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
1-оқушы: — Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы орындамап едім, апай сұраса, «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.
2-оқушы: — Анашым, мен бүгін емтиханнан «2» алдым.
3-оқушы: — Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым.
Ата – аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін нақыл сөздерді қолданып ) көрсетеді.
Балаңыздың туған күні қашан?
Балаңыздың парталас көршісі кім?
Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?
Балаңыздың сүйікті асы не?
Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
Балаңыз сізді ренжіикенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
Қорытынды.
Ата – ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас қандай болу керек?
Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?
Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бір – бірін жақсы көреді және қамқор болады.
Ата – ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық.
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
Жақсы – жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата – ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы ата – аналар , сіздерге байланысты. Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілейміз!
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Мен төтенше жағдайда қалай қорғанамын?
Сыныбы:9Б
Жетекшісі:Рамазанова Индира
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру.
Азаматтық қорғаныстың қазіргі өмірде маныздылығын таныту.
МҰҒАЛІМ Өзге жанды құтқару үшін өз өміріңді тәуекелге тігу оңай емес. Құтқарушының әрбір жұмыс күні ерлікке пара-пар. Дегенмен, бұл жерде көзсіз батылдықтан гөрі кәсіби біліктілік қажет. Ендеше, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мереке құтты болсын! Елім дейтін айбынды азаматтарымыз қашанда аман болсын!АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС –ХАЛЫҚТЫ, ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРДЫ, АУМАҚТЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ЗАҚЫМДАНУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУ (ҚИРАТУ) ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІНЕН, ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН ЖАЛПЫ МЕМЛЕКЕТТІК ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЛЫП ЕСПТЕЛІНЕДІ. Ал, балалр,енді бүгінгі біздің қонағымыз төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері Габдулин Турлыбек.
Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).
Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:
Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).
Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).
Өрт
Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
Автокөліктен шыққан жалынға;
Күн күркірегендегі найзағайларға;
Майланған материалдың үйкелісіне;
Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.
Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен,
шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.
Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.
Орманда жүргенде есіңізде болсын:
Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;
Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.
ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ: СУ
Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.
Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:
белгі қойылған жерден аспаңдар!
рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
суда бұзықтық жасамаңдар;
өтірік дабыл көтермеңдер;
өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
таныс емес жерде шомылмаңдар.