ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 62
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Магнит өрісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
I-нұсқа
1. Қай суретте магнит өрісінің күш сызықтары дұрыс көрсетілген? [1]
2. Оң қол ережесін жазыңыз. [1]
3. Ампер күші үшін сол қол ережесін жазыңыз. [2]
4. Егер магнит өрісіне орналастырылған 0,1 метрлік өткізгішке 0,08 Н Ампер күші әсер етсе, магнит өрісінің индукциясын табыңыз. Бұл өткізгіштегі ток күші 0,5 А құрайды. Магнит өрісі ток бағытына 30 градус бұрышпен бағытталған. [2]
5. 300 эВ энергиясы бар электрон 0,6 мТл индукциясымен біртекті магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалады. Лоренц күшін, электронның қозғалыс жылдамдығын және радиусын анықтаңыз. [3]
6. Суретте электрмагнит сұлбасы бейнеленген. Егер электрмагнитті ток көзінен ажыратып, оның оң жақ шетіне жолақ магнитті оңтүстік полюсімен жақындатса, қандай құбылыс байқалар еді? Жауабыңызды түсіндіріңіз. [3]
Барлығы: 12 балл
«Магнит өрісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
II-нұсқа
1. Суретте жолақ магнитке жақын орналасқан төрт компас көрсетілген. Қай компастың бағдаршасы дұрыс бағытталған? [1]
2. Оң қол ережесін жазыңыз. [1]
3. Лоренц күші үшін сол қол ережесін жазыңыз. [2]
4. 0,8 Тл индукциясы бар магнит өрісіне орналастырылған өткізгішке 1,8 Н Ампер күші әсер етеді. Магниттік индукция векторы өткізгішке 45 градус бұрышпен бағытталған. Өткізгіштің ұзындығы 10 метр. Өткізгіш арқылы өтетін ток күшін есептеңіз. [2]
5. Дж энергиясы бар протон 0,01 Тл индукциясымен біртекті магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалады. Лоренц күшін, протонның қозғалыс жылдамдығын және радиусын анықтаңыз. [3]
6. Суретте электрмагнит сұлбасы бейнеленген. Егер электрмагнитті ток көзіне қосып, оның оң жақ шетіне жолақ магнитті солтүстік полюсімен жақындатса, қандай құбылыс байқалар еді? Жауабыңызды түсіндіріңіз. [3]
Барлығы: 12 балл