ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 59

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мақсаты:  ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту. Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері екенін ескеріп, мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: 
- Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсінеді, бір - біріне деген сезім нығайады; Идеясы: « Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің!»  Әдісі: әңгімелесу- пікір алмасу, сұрақ-жауап сыни тұрғыдан ойлау, ассоциация, құрастыру, тренингтер, ситуациялық сұрақтар шешу, шығармашылық жұмыс, кері байланыс, бағалау Ресурстары:  ватман, А4 қағаздары, маркер,доп, ойын элементтері, жағдаяттар, стикерлер, бағалау парақшалары т.б. Түрі: дөңгелек үстел, топтық жұмыс Жүргізілу барысы: 
Кіріспе сөз : 
- Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен дөңгелек үстелімізді бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз! І.Ұйымдастыру бөлімі. 
Психологиялық тренинг «Көңілді күн» 
«Сәлемдесу» жаттығуы 
Мақсаты:
 қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру; Жаттығу барысы Қатысушыларға шеңбер құрып тұрады. Әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі:«европалықтар» қолдарын қысады,«жапондықтар» бастарын иеді,«Қазақтар» құшақтасады.Тибет халқы тілдерін шығарады.Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Қытай қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады.. Филиппины саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де «мано по» деп айтады.

  • Бақыт пен сезімді қалай байданыстырасыз?

  • Ендеше, бүгінгі дөңгелек үстелімідің тақырыбы: «Бала сезімі-көңіл толқыны»
    ІІ.Тренинг «Біз баламызды танимыз ба?» суреттер балалардың көздері. суреттерден балаларын тауып алу.
ІV. Топтық жұмыс. Сұрақ- жауап: «Әрбір баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады»- деп Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына,көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады.Ата-ана - бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы,өзін көретін айнасы.Сондықтан,ата-аналар,мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр. 1-топқа:Баланың көңіл-күйіндегі кішкене өзгерістерге назар аударасыз ба?1.Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз? 2.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па? Ата-аналардың пікірі тыңдалады Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр. Егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз 1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»4 - қателік Балаларды тым еркелету5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспауМіне құрметті ата - аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.VI. Топтық жұмыс Жаттығу. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» Жағдаятқа ену1-топ Ата-аналар1-жағдаят Анашым,мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы. 2-жағдаят Бала сыныптасымен төбелесіп қалды, Сізді тез арада мектепке шақыртып жатыр, не шара қолданасыз? - Ата - анаға жадынама -Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің - Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады 

- Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады - Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады - Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді - Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады - Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүреді Балаңыздан хат. Рефлексия «Бес саусақ әдісі»«Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе, бәрі өз қолымдада!» Әр саусақ сіздің көзқарасыңызды көрсетеді, сол бойынша өз ой-пікіріңізді төмендегі нұсқауға сәйкес салынған саусақтың ішіне толтыру (пікірлер, ұсыныстар) Бас бармақ - мен үшін бүгінгі жиналыста маңызды және қызықты болды.Балаң үйрек - осы сұрақ бойынша мен өзіме қажетті мәлімет алдым.Ортан терек - бұл маған қиынға соқты...(маған ұнамады)...Сылдыр шүмек - менің психологиялық ортаны бағалауым.Кішкентай бөбек - бір тілекМұғалімнің қорытынды сөзі: Ата - ананың бақыты,көңілінің тоқ болуы баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отырып«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан - Өле - өлгенше соны таныр қиядан Өнер - білім берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан. Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған Жақсы - жаман болса бала солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен дөңгелек үстелді аяқтаймын Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет, сау болыңыздар! Қошемет, қол соғайық!