Файл: Дипломды Жмыс 5В090900 Логистикa (сaлa бойыншa).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 184

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Дүйсенби Жанель


Компания өнімдерінің сатылымдарын басқару жүйесін жетілдіру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В090900 - «Логистикa (сaлa бойыншa)»

Алматы 2022

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Экономика және Бизнес жоғары мектебі

«Бизнес-технологиялар» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тaқырыбы: «Компания өнімдерінің сатылымдарын басқару жүйесін жетілдіру»

5В090900 - «Логистикa (сaлa бойыншa)»


Орындаған:__________________________________ Ж.А. Дүйсенби

(қолы)

Ғылыми жетекші:аға оқытушы ____________­­­­_____ А.Ш. Оразымбетова

(атағы) (қолы)

Қорғауға жіберілді:

Хаттама № ___ , ___ «__» _________ 20___ ж.


Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент ___________________ З.Б. Ахметова

(қолы және мөрі)


Нормобақылаушы___________________________________Қ.А. Мұса

(қолы)


Алматы 2022

Реферат
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, 25 әдебиеттер тізімінен және 9 кесте, 35 сурет, 3 қосымшадан тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі 64 бетті қамтиды.

Өнім, өнімді САТУДЫ басқару, табиғи өнім, маркетинг.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі:«Bayatar&Co» ЖШС.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні:«Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін талдау және бағалау негізінде компанияның өнімдерін сатуды басқару жүйесін жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасау және экономикалық негіздеу.
Реферат
Дипломная работа состоит из введения, трех основных глав, заключения, 25 использованных литератур и содержит 9 таблиц, 35 рисунков, 3 приложении. Объем дипломной работы 64 страниц.

ПРОДУКТ, УПРАВЛЕНИЕ ПРОДАЖИ ПРОДУКТОМ, НАТУРАЛЬНЫЙ ПРОДУКТ, МАРКЕТИНГ.

Объект исследования: ТОО «Bayatar&Co».

Предмет исследования: Система управления продажами ТОО «Bayatar&Co».

Цель дипломной работы: На основе анализа и оценки системы управления продажами ТОО «Bayatar&Co», предложить рекомендации по повышению эффективности системы управления продажами и дать экономическую обоснования предложенных рекомендации.

Abstrsact
The diploma work consists of an introduction, three main chapters, a conclusion, 25 references and contains 9 tables, 35 figures, 3 applications. The volume of the thesis is 64 pages.

PRODUCT, PRODUCT SALES MANAGEMENT, NATURAL PRODUCT, MARKETING.

Object of study: Bayatar&Co LLP.

Subject of study: Sales management system of Bayatar&Co LLP.

The purpose of the thesis: Based on the analysis and evaluation of the sales management system of Bayatar & Co LLP, propose recommendations for improving the efficiency of the sales management system and give an economic justification for the proposed recommendations.




МАЗМҰНЫ


Кіріспе.................................................................................................................

5

1

Компанияның өнімдерін сатуды басқарудың теориялық аспектілері................................................................


8

1.1

Компания өнімдерін сатуды басқару жүйесінің түсінігі, экономикалық мәні мен мазмұны..........................................................


8

1.2

Сатуды басқарудың функциялары, саясаты және заманауи әдістері

15

1.3

Компания өнімдерін сату арналарының мәні, түрлері және ерекшеліктері...........................................................................................


23

2

«Bayatar&Co» ЖШС-НІҢ өнімдерін сатуды басқару жүйесін талдау және бағалау...............................................


31

2.1

«Bayatar&Co» ЖШС-гі шаруашылық қызметінің сипаттамасы ........

31

2.2

«Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін бағалау......................................................................................................


41

2.3

Кәсіпорынның өнімдерін сатуды басқарудағы өзекті мәселелерді талдау........................................................................................................


48

3

«Bayatar&Co» ЖШС-НІҢ өнімдерін сатуды басқару жүйесін оңтайландыру..............................................................


53

3.1

«Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін жетілдіру жолдары...................................................................................


53

3.2

«Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды экономикалық негіздеу.................


58

Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................


61

63







Кіріспе
Қазіргі кезде тарату немесе өткізу логистикасы саласын зерттеуге деген қызығушылықтың артуы тарату немесе өткізу логистикасы әдістерін кәсіпорында тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Жалпы логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді, ал өткізу логистикасы қызметін жетілдіру тауарларға қатысты ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Тарату логистикасы саласы бойынша отандық ғалымдардың, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен кәсіпкерлердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында өткізу логистикалық әдістерін ұтымды пайдаланудың арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі. Ол өз кезегінде әлемдегі барлық экономика салаларындағы өнімдерді тиімді сату арналары арқылы соңғы тұтынушыға оңтайлы жеткізу нәтижесінде бәсекеге қабілеттілік деңгейін тұрақты түрде қамтамасыз етуге бағытталған.

Отандық бизнестің даму деңгейін жоғарылататын және бәсекеге қабілеттілігін арттыратын өнімдерді сатуды басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру қажеттілігімен байланысты мәселелерді шешу өзекті болып табылады. Сондықтан зерттеу тақырыбының да өзектілігі компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, оның өнімдерінің сату қызметін жоспарлау, ұйымдастыру мен басқару үрдістерін тиімді жүзеге асыру негізінде өнімдерді сатуда тиімді логистикалық тарату арналарын ұсыну болып саналады. Логистика - бұл синергетикалық нәтижеге жету үшін жүйелік тәсіл мен экономикалық ымыраға негізделген шикізаттың бастапқы көзінен дайын өнімнің түпкілікті тұтынушысына және ілеспе ақпараттық және қаржылық ағындардың қозғалысын бақылауды жетілдіру. Логистиканың қазіргі кездегі бір бағыты - логистикалық тізбекте бірыңғай экономикалық нәтиже алуға бағытталған тауарларды бөлу, қоймалау, өндіріс орнынан сату нүктесіне тасымалдау процесін қамтамасыз ету. Тауарларды бөлудің логистикалық процесінде көлік шикізат жеткізушілерден бастап, әр түрлі делдалдарды қамтитын және дайын өнімді тұтынушылармен аяқталатын біртұтас технологиялық тізбекті құрайды, яғни бұл бірыңғай көлік-өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылады. Көліктің логистикадағы негізгі міндеті - шығындар мен уақыт шығындарын азайту.


Біздің еліміз де бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру және дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Оған экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатындағы реформаларды құру және оларды тереңдету жөнінде белгілі бір тізбектілікпен жүзеге асырылып отырған шаралар дәлел. «Қазақстан 2050» Стратегиясындағы негізгі мақсатымыз мемлекетіміздің әлемнің ең дамыған отыз елдер қатарына енуі деген. Сонымен қатар, ол дамушы елдер арасында бәсекелестік қатал болып, жаһандық экономикалық бәсекелестік күреске дайын болуға шақырды. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін тұтастай алғанда экономиканың, сондай-ақ жекелеген кәсіпорындардың бәсекелестік артықшылықтарын анықтау және арттыру қажет.

Қатал бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорын шаруашылығының тиімділігін арттыруға және бәсекелестер алдында бизнестің тұрақты артықшылығына ие болуға бағытталған даму стратегиясын әзірлеуге мәжбүрлеуде. Қабылданатын және іске асырылатын стратегиялық басқару шешімдерінің тиімділік деңгейі бірінші кезекте кәсіпорын өнімдерінің сапасын арттырумен және сатуды тиімді басқару жүйесімен айқындалады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде өнімдерді сатуды ұйымдастыру мен басқару қызметтерімен байланысты ақпараттарды талдау, өңдеу мен беру жылдамдығын арттыратын жаңа құралдар пайда болуда. Нәтижесінде еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік туындауда, өнімдерді сатушы мен сатып алушы арасындағы іс-әрекеттер жылдам ұйымдастырылуда, тұтынушылардардың тапсырыстары жедел өңделуде, қаржылық есеп айрысу іс-әрекеттері де оңтайландырылуда. Банктік қызметтердің дамуының нәтижесінде түрлі қаржылық операциялар, өндіруші мен сатушы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы есеп айырысулар тиімді жолдармен іске асырылуда.

Дегенмен де, кіші және орта бизнес саласындағы отандық кәсіпорындардың көпшілігінің бәсекеге қабілеттілік дәрежесі ойдағыдай жоғары дәрежеде емес, өнімдерді сату қызметтері соңғы жылдары ғана автоматтандыру жүйелеріне бейімделуде. Сондықтан қазіргі жағдайда «Bayatar&Co» ЖШС-гіне сатуды басқарудың икемді жүйесін құру, өнімдер сапасын жоғарлатуға негізделген бизнес құру, сату үрдісіне байланысты ақпараттарды жинау мен өңдеуге қатысты қызметтерді жоғары деңгейде ұйымдастыруға назар аудару қажет.

Көріп отырғанымыздай, ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға ие болу үшін кәсіпорындар сату үрдістері ұтымды басқару жүйесі мен стратегияларын құруға мұқтаж.


Дипломдық жұмыстың мақсаты.«Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін талдау және бағалау негізінде компанияның өнімдерін сатуды басқару жүйесін жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасау және компанияның өнімдерін өндіру мен сату бойынша шығындарды төмендету әдістерін ұсыну.

Дипломдық жұмыстың міндеттері.

  • Компания өнімдерін сатуды басқару жүйесінің түсінігін, экономикалық мәні мен мазмұнын ашып көрсету;

  • Сатуды басқарудың функцияларын, саясатын және заманауи әдістерін айқындау;

  • «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін бағалау;

  • Кәсіпорынның өнімдерін сатуды басқарудағы өзекті мәселелерді талдау;

  • «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдер сапасын жоғарлатуға бағытталған ұсыныстар жасау;

  • «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын анықтау;

  • «Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды экономикалық негіздеу.

Зерттеу объектісі:«Bayatar&Co» ЖШС-нің өнімдерін сатуды басқару жүйесі.

Зерттеу пәні:«Bayatar&Co» ЖШС.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы.Өнімдерді сатуды басқаруды жан-жақтылы зерттеу мен талдау барысында қазіргі кездегі нарық жағдайын ескере отырып, «Bayatar&Co» ЖШС-гі өнімдерін сатуды басқару жүйесін бағалауға мүмкіндіктер беретін тиімді әдістерді ұсыну және өнімдерді өндіру мен сату бойынша шығындарды төмендету жолдарын айқындау зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың тәжірбиелік маңыздылығы.Компания өндіретін өнімдердің сапасын жоғарлатуға және өндірілген өнімдерді сатуды басқару жүйесін оңтайландыруға бағытталған іс-шараларды отандық «Bayatar&Co» ЖШС-гінің шаруашылық іс-тәжірбиесінде қолданысқа енгізу мүмкіндігі зерттеу жұмысының тәжірбиелік маңыздылығы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі. Өнімдерді сатуды басқаруға арналған шетелдiк және отандық ғалымдар мен экономика және маркетинг салаларының білікті мамандарының ғылыми еңбектерi, оқулықтары мен мерзімдік басылымдардағы мақалалары, сонымен қатар, зерттеу жұмысының ақпараттық базасының негізін «Bayatar&Co» ЖШС-нің шаруашылық қызметі бойынша қаржылық есеп берулер жинағы, өнімдерді өндіру мен сату қызметтері, шығындар көлемі бойынша дереккөздер құрады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет көздерінен тұрады.

Зерттеу жұмысының бірінші тарауында компанияның өнімдерін сатуды басқарудың теориялық аспектілері сипатталынған.