ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Орал қаласының білім беру бөлімі
Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы
Сабақтың тақырыбы:
«Бала ата-ананың айнасы»
(ашық сабақ)
Педагог-психолог: А.Е.Баян
Орал 2023ж
Сабақтың тақырыбы: Бала ата-ананың айнасы
Сабақ мақсаты:қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,психологиялық жаттығулар арқылы қарым-қатынас орнату.
Міндеттері:ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру,балаларды түсінуге, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын,педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар: музыка,түрлі-түсті қағаз,шариктер,таяқшалар,шығыршық
Әдістері:пікір алмасу,сұрақ-жауап,психологиялық жаттығулар
Контингент: 4 «д» сынып оқушылары мен ата-аналары
Тренинг бағдарламасы
-
«Танысу» жаттығуы» -
«Кедергілер» жаттығуы -
«Саусақтағы санды тез айт!» ойыны -
«Мен саған сенемін!» жаттығуы -
«Алақан» жаттығуы
Тренинг ережесі:
1.Сөзді бөлмеу
2.Бір-біріне кедергі жасамау
3.Бірігіп жұмыс жасау
4.Күлімсіреу
Барысы:
Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар,оқушылар,бүгінгі тренинг сабағымызға қатысып пікірлесіп,бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты нығайтайық деген оймен бүгінгі ашық сабақты өткізіп отырмыз.Қош келдіңіздер!
1.«Танысу» жаттығуы
Нұсқау: Кезектесіп алдымен ата-ана,кейін оқушы ортаға шығып бір-бірлерін басқа қырларымен (қабілет,қызығушылықтары,мінез-ерекшеліктері т.б) ерекше таныстыру үлгісін көрсетеді.Мен қандай ата-анамын? Мен қандай баламын? Осы сұрақтарға ерекше танысу барысында,өз айнамызға көз салып көрейік.Талдау: таныстыру ұнады ма?Шынайы болды ма? Мақтау,мадақтау,жағымды ойдың әсері қандай болды?
2.«Кедергілер» жаттығуы
Нұсқау: Ата-ана мен балалар ортаға шеңбер жасап,қолдарын ұстап,дөңгелене тұрады.Шығыршықты (дөңгелекті) бүкіл деесінен айналдырып,кезектесіп өткізіп шығады.Бір,екі рет қайталайды. Өмірде де ата-ана жүріп өткен жолмен балалар да жүріп өтеді.Қаншалықты біз балаларымыздың кедергілер мен қиындықтарға жолықпауын қаласақ та,баланың әр кезеңінде өз қиындықтары болады.Балалар осы уақытқа дейін ата-анасына айтпаған қиындықтарды өтірік-шыны аралстырып айтады.Ата-ана қайсысы жалған,қайсысы шын екенін танып білу керек.Бұл жағдайда балаға бірден ұрыспай,ол неден туындады,шешімін табу үшін мақал-мәтел,нақыл сөздерді еске түсіріп айту керек.
3. «Саусақтағы санды тез айт»
Нұсқау: ата-ана мен бала арқаларын сүйеп,теріс қарап тұрады.Бір,екі,үш деп саналғанда, тез бұрылып,саусақтарымен санды көрсету керек.Кім бірінші болып айтты,баланы талпындырып,жігерлендіреді.Өкпе мен ренішті босатады.
Талдау:бұл жаттығу ұнады ма?
4. «Мен саған сенемін!»
Нұсқау:үстел үстіне ыдыс қойылады,бірінші ата-аналар бастайды.Шариктерді қолдағы таяқшаның көмегімен,бірлесіп,екі қолға ұстап ыдысқа түсіру керек.Екінші айналымда,тек бір таяқшаның көмегімен қайталау керек.Балалармен де осылай жасап,қайталанады.
Талдау:бұл жаттығудан қандай ой түйдіңіз?
5.«Алақан» жаттығуы
Нұсқау:түрлі түсті қағаз таратылады.Қағазға өз алақандарын салады.Балалар нені қалайды,ата-анадан қандай қолдау сөздер күтеді соны жазады.Ал,ата-аналар баласының қандай болғанын,қандай іспен шұғылданғанын жақсы көретінін жазу керек.Алақанды бір-бірлерімен ауыстырады.Дауыстап оқиды
Талдау:нені ескеру керек екенбіз?
Қорытынды:Ата-ананың қарым-қатынасы баланың дамуына әсер етеді.Ол үшін ата-ананың көңіл-күйі маңызды.Ғажайып сөздер арқылы бала жүрегінің кілтін таба білу.Баланың өздігінен әрекет етуін күтпей,алдымен өзіміз бастап,көрсетіп,үлгі болу керектігін ескеруіміз керек.Шынайы қызығушылық білдірсек қана,баланы ынталандыра аламыз.Баламен өткен әр бір сәт,оның өмірінің жарқын сәттерінің көрінісі болмақ.Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңызға Алғыс айтамын.Сау болыңыздар!