Файл: Социалистік Ебек ері дыс бсметов атындаы мектепке дейінгі шаын орталыы бар орта мектеп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ № 21 | "Социалистік Еңбек ері Құдыс Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | |||
Күні: 08.02.2017 жыл | Каланова Лаззат Нуруллаевна | |||
Сынып: 5 «А» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Қарапайым мәтіндік редакторында практикалық жұмыс | |||
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушыларға мәтіндік редактор туралы алған білімдерінен практикалық жұмыстар жасату. | ||||
Алдыңғы оқу | Қарапайым мәтіндік редактор | |||
Жоспар | | |||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | | ||
Басталуы | Психологиялық ахуалды қалыптастыру топқа бөлу, топ ережесін құру. Атомдар мен молекулалар әдісі арқылы оқушыларды топқа біріктіру Үй тапсырмасы: «Иә немесе Жоқ». ойыны. Сіздерге ортақ 12 сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға «Иә немесе Жоқ» деп жауап бересіздер. 1-топ 1. “Paint” ағылшын сөзі сурет сурет салу дегенді білдіреді ме? ( ИӘ) 2. Суреттің ең кіші элементі сурет пе? ( ЖОҚ) 3. Paint редакторында жазу жазуға бола ма? (ИӘ) 4. Paint бағдарламасын іске қосу-Пуск-Paint пе? (ИӘ) 5. Пиксель бұл суреттің ең кіші элементі? (ИӘ) 6. Сурет салу редакторында 40 түс бар? (ЖОҚ) 2-топ 1. Түстер палитрасына тағы 10 түс қосуға бола ма? (ИӘ)? 2. Палитрада ең негізгі түстер қара, көк, жасыл? (ЖОҚ) 3. Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Shift пе? (ИӘ) 4. Қисық сызықта 2 бүгіліс жасау керек пе? (ИӘ) 5. Суретті түзу салу үшін ALT пернесін басу керек? (ЖОҚ) 6. Өшіргіш құралымен сурет салуға болады? (ЖОҚ) | Өздерінің есімдерің бірінші әріпінен басталатын сын есім айту. Егер сұрақ дұрыс болса қол шапалақтайсыздар | ||
Ортасы | Практикалық жұмыс Бейнебаян көрсету. Универсиадаға байланысты ойтолғау жазу. Оқулықпен жұмыс. Сергіту сәті: Жұмбақтар. Жұмбақты 3 тілде айту. 1-топтың жұмбағы: 1)Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары. Қыдырмашы біреуі Бір күн бар да, бір күн жоқ Соны есепке алсақ, Ұзын саны жүз жеті (пернетақта – клавиатура- keyboard) 2)Төртбұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек (монитор-монитор-monitor) 3)Бұтақ орнында мың бір инесі, Компьютер жаны оның мекені. (кактус-кактус-cactus) 2-топтың жұмбағы: 1)Компьютермен енеді, Қағазға басып береді. (Басып шығарғыш-Принтер-Printer) 2)Кемірушіге ұқсайды бейнесі, Түсі оның сұр, құйрығы ұзын. Ойланып. Білгіш болсаң жауап берші, Қалай деп аталады аты оның? (тышқан-мышь-mouse) 3)Әуез сазды беретін, Ол да керек құрылғы. Дыбыс шықса тосыннан, Бәрің соған бұрылдың (дыбыс шығарғыш-колонка) | оқулық | ||
Аяқталуы | «Бес жолды өлең» Мәтіндік редактор туралы бес жол өлең жазу. Не?- Мәтіндік редактор Қандай? -тез, түзетуші Не істеді? -сақтайды, жазады, түзетеді Түйін – Мәтіндік редактор – бұл мәтіндік құжаттар құруға ,оларды түзетуге, басып шығаруға мүмкіндік беретін программа. Синоним- көмекші | | ||
Рефлексия | «Жабық хат».Өздерінің сабақтан алған әсерлерін қағазға бүктеп жазады. | | ||
Тексерілді: | | |