Файл: азастанда гандболдын пайда болуы жне даму тарихы Гандболды дене трбиесі жне халыты сауытыру жйесіндегі орны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 195

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Гандбол ойының оқыту әдістемесі, әдіс тәсілдер

Жоспар

  1. Қазақстанда гандболдын пайда болуы және даму тарихы

  2. Гандболдың дене тәрбиесі және халықты сауықтыру

жүйесіндегі орны

1. Шамамен 1895 жылы Германияда пайда болған. Халықаралық қол добы федерациясы 1928 жылы құрылды. 1936 жылы Берлинде өткен Олимпиялық ойындар бағдарламасына енді. 1946 жылы Халықарлық қол добы федерациясының ережелері өзгертіліп қайта құрылды. Қазақстанда қол добынан алғашқы жарыстар 1925 жылдан бастап өтіп келеді. Ал ресми жарыстар 1959 жылдан бастап өтуде. Қол добының әр командада 7 немесе 11 адам ойнайтын екі түрі бар. Алғашқысы 40x20 м алаңда ойналады. Доптың салмағы 425–475 грамм, диаметрі 54–56 сантиметр, қақпаның ені 3 метр, биіктігі 2 метр. Ойыншылардың қақпа алдындағы 6 метрлік алаңға енуіне болмайды. Ойын 30 минуттық (әйелдер үшін 25 минут) екі таймнан тұрады. Қол добынан Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасы 2002 жылыАзия чемпионы және 14 - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.Гандболды негізінен даттың гандболистер 19 – 20 ғасырларда қыс кезінде гандболдың орнына ойнау үшін ойлап тапқан. Гандболдың тарихы тереңде жатыр: бұл спорт түрінің атасы – Гомердің «Одиссеясы» мен ежелгі римдік дәрігер К. Гамнус еңбектерінде кездесетін ертедегі допты қолмен ойнайтын ойындар. Орта ғасырларда бұл ойындарға Вальтер одан кейін Фагельвайдзер өз өлеңдерін арнаған.

Гандбол халықаралық спорттық ойын түрі деп 1898 жылы дат қаласы Ордрупта дене шынықтыру училищесінің мұғалімі Хольгер Нильсен денешынықтыру сабағында қыздар тобына «хаандбольд» деп енгізген кезден бастап есептеледі. Гандбол ойынының пайда болуының үлкен тарихы бар. Өте ерте қазіргі гандболға ұқсас ойындар болған. 1892 жылы Чехословакияда доппен ойнайтын «чешска хазена» деген ойын пайда болған. 1898 жылы Хольгер Нильсен «хаанбольд» ойынын енгізген. Нильсен екі ойын гандбол мен баскетболдан құраған, қыздарға арналған бұл 7*7 ойынын ешкім әлемге таралады деп ойламаған. Құрамында 11 адамы бар ойын 1917 – 1919 жылдарда шықты. Ойынның бұл екі түрі де қатар ойналып жүрді. Бұл жарыстар мезгіл бойынша өткізіліп отырды: жазда гандбол алаңында 11*11 ойынын, ал қыста залда 7*7 ойынын. Кейінгі жылдардағы зерттеулер гандболды ертеде пайда болған дейді. 1890 жылы Чехияда «хазена» - (лақтыру) деген ұлттық ойын пайда болдады. Бұл ойын араласқан топтар арасында допты лақтырып, қағып алу арқылы ойналды. 1917 жылы Берлиндік Макс Хайзер екі ойыннан, қыздарға арналған «гандбол» ойынын құрады. 1918 жылы халықаралық спорт картасында екі ойын да анық көрсетілді: олар чех хазенасы (шығыста) және неміс гандболы (солтүстікте және батыста). 1920 жылдың өзінде – ақ Берлинде кубокқа және Германия біріншілігіне арналып қолмен ойнайтын доп ойындары өткізілді. Ал 1923 жылы жарыстың жаңа ережелері пайда болды. Доп көлімінің кішірейуі, «үш секунд» және «үш қадам» ережелерінің енгізілуі ойын техникасының жоғарылауына әсер етті. 1925 жылы тұңғыш халықаралық Германиялық және Австриялық командалар арасында жарыс өтті. Германия 5:6 есебімен жеңіліс тапты. 1926 жылы гандболды халықаралық спорт түрі деп мойындоу әлем елдеріне таралып, дамуына мүмкіндік берді. Люксембургте, Швейцарияда, Испанияда және тағы басқа елдерде гандбол жанкүйерлік клубтары пайда бола бастады. Содан бері гандбол басқа спорт түрлерімен тең дәрежеде болып есептеле бастады. 1928 жылы Амстердамда гандболдың халықаралық қызығушылар федерациясы құрылып, 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Оның құрамында гандболды дамытушы 11 ел кірді. Олимпиадалық бағдарламаға тұңғыш гандбол 1936 жылы енгізілді. Берлиндегі ХІ олимпиадаға ол алғаш енгізіліп, Германия командасы жеңіске жетті. Олимпиадалық ойындары өткен кезде халықаралық гандбол федерациясының ІV конгресі болып өтті, онда гандболдың 7*7; 11*11 түрлері бойынша әлем чемпионаты өткізілетін болып шешілді. Чемпионаттар бастапқыда тек ерлер командалары қатысуымен жүргізілуі тиіс болды. Қазіргі уақытта гандбол атлетикалық ойындар қатарына жатады. Ол әйелдер мен ерлер арасында өте атақты.


Гандбол дамуының жаңа сатысы 1946 жылы жаңа халықаралық гандбол федерациясының ИГФ (IHF) құрылуымен байланысты. Ол гандболдан әлемдік чемпионаттарды 11:11 форматта ойнауды бекітті, және ерлер мен қатар әйелдер командасын да қатысушыларды енгізді. 1949 жылы Будапештте өткен әйелдер чемпионатында Венгрия командасы ең мықты деп танылды.

Бұдан әрі әлемдік біріншілектер 4 жылда бір өткізіліп тұрды. 11:11 форматында барлығы 7 ерлер және 3 әйелдер чемпионаты өткізілді. 1966 жылы 11:11 форматы бойынша ең соңғы чемпионат өтті, бұдан әрі 7:7 гандбол форматы дами бастады. 1954 жылы Швецияда осы форматта ерлер арасында әлемдік чемпионат өтті. Жеңіске Шведтер жетті, ал әйелдер арасында 7:7 форматы бойынша алғаш 1957 жылы Югославияда өтті. Бірінші орынды Чехословакия командасы жеңіп алды.

147 ұлттық федерацияны біріктіретін (2002) Халықаралық гандбол федерациясы. Олимпиадалық ойындар бағдарламасында 1946 жылы ерлер командасында 11 адам, 1972 жылы команда құрамында 7 адам болды. 1976 жылдан бері олимпиадалық ойындарда әйелдер командасы да қатысуда.

ХГФ ережелері бойынша олимпиадалық турнир спортзалда өтеді.

Қолмен ойналатын ойындар туралы алғашқы деректер Гомердің «Одиссеясында» және көне римдік дәрігер Галеннің еңбектерінде кездеседі. Орта ғасырларда осыған ұқсас ойындарға Вальтер фон дер Фогельвейде өлеңдер арнаған.

Қазіргі гандболды даттық гандболистер XIX – XX ғасырларда қыс мезгілінде гандболды алмастыру үшін ойлап тапқан. Гандболдың гандболдан айырмашылығы гандбол қолмен ойналады және әрбір командада 6 ойыншы мен қақпашы бар.

Халықаралық спорттық классификацияда гандбол ойыны 1898 жылы даттық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ордруп Хольгер Нильсен қыз балалардың дене шынықтыру сабақтарына «хандбол» (ханд - қол, бол - доп) деп аталатын ойынды енгізгенде пайда болды деп тіркелген.

Соңғы жылдардағы зерттеулер ойынның одан ерте пайда болғандығын дәлелдейді. 1890 жылы Чехияда доппен ойналатын «хазена» деп аталатын ойын өріс алды (хазена – лақтыру). 1917 жылы берлиндық Макс Хайзер екі ойынды біріктіріп, қыздарға арналған «қол добы» деп аталатын ойын құрап шығарды. Сол кезде бұл ойынның бүкіл әлемде кең өріс алатындығы ешкім ойламаған. 1920 жылы Берлинде «қол добы» бойынша Германия кубогы үшін алғашқы ойындар өткізілді. Ал 1923 жылы жарысқа жаңа ережелер енгізді. Доптың мөлшерінің кішіреюі, «үш секунд» және «үш қадам» ережелерінің енгізілуі ойын ойнау техникасын жақсартты. 1925 жылы Германия және Австрия командаларының алғашқы халықаралық кездесуі болды. Германия командасы 5:6 есебімен жеңіліске ұшырады. 1926 жылы гандболды халықаралық ойын ретінде қабылдау бірқатар елдерде бұл ойынның дамуына жол ашты. Люксембургте, Швейцарияда, Испанияда және т.б. елдерде гандболды дәріптейтін клубтар ашылды. 1928 жылы Амстердамда Халықаралық гандболға құмарлар федерациясы (ИАГФ) құрылды. Ол 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Оның құрамына гандбол ойыны белсенді дамыған 11 мемлекет кірді. 1936 жылы гандбол алғаш рет олимпиада бағдарламасына қосылды. Берлинде өткен XI Олимпиадада бірінші рет ойналып, оның жеңімпазы Германия командасы болды. Сол кезде ИАГФ-ның IV конгресі өтті. Конгресте гандболдан 7x7 және 11x11 форматында әлем чемпионаттарын өткізу туралы шешім қабылданды. Алдымен чемпионаттар тек ұлдар командалары арасында өтуі тиіс еді. 1938 жылы Германияда чемпионатты неміс спортсмендері ұтып алды. Гандболдың жаңа өріс алуы 1946 жылы болды, сол жылы жаңа халықаралық гандбол федерациясы (ИГФ) құрылды. Енді әлемдік чемпионаттар ұлдар және қыздар арасында 11x11 форматында ойналатын болды. Гандбол - командалық ойын, оның 6арысында бiр команда ойыншылары 6iр-бiрiне гандбол добын қолдарымен жерге сога отырып бередi де, екiншi команданын, қақпасына тycipyгe тырысды;



Гандбол алаңы – гандбол ойыны ойналатын ережеге сай көлемінде алаң;

Гандбол добы – гандбол ойынындағы қолданылатын спорт құралы;

Жүгіру – орын алмасудың негізгі тәсілі;

Ойыншы тұрысы – аяқтарын алшақтата ұстап, тізілерін аздап

бүгіп, кішкіне алға еңкейіп, қолдары бел деңгейiнде допты қабылдауға дайын болуы керек;

Допты eкi қолмен қағып алу - допты қагып алу ушiн eкi қолды ұшып келе жатқан допқаа қарай созылады;

Бiр қолмен қағып алу - допты eкi қолмен қагып алу мүмкін болмаганда бiр қолмен қағып алу қолданылады;

Доп беру – гандболдағы негізгі тәсілдердің бірі, ол арқылы

команда ойыншыларыбір-бірімен ымыраласа әрекет етіп, жеңіске жетуге

ұмтылады;

Допты қақпаға лақтыру – допты қақпаға барлық тәсілдермен лақтыруы бойынша түсіруге тырысады;

Допты алып жүру – допты бір қолмен, немесе алма кезек жерге сога отырып жүргізу;

2. 1. Ойышылар;

2. Доппен ойын ережелері, фолдар;

3. Ойыннын ұзақтығы;

4. Төрешелер және олардың міндеттері.

1. Гандбол – ол командалық ойын, 7 ге 7 ойыншы қатысады, доппен ойналады. Жалпы ойыншылар саны 12. Ойын жабық кеңістікте, 40*20 м. Алаңда дөңгелек үрлеген доппен, ерлер 425 – 475 г. Салмақпен, ал әйелдер 325 – 375 салмақпен ойнауы тиіс. Ойын екі бөлімнен тұрады, 8-12 жас 2х20; 12-16 жас 2х25; 16 жастан жоғары 2х30 минуттан, ал араларындағы үзіліс 10 минут. Ойынның мақсаты – қарсыластың қапқасына неғұрлым көп доп соғу. Бір ескере кететін жайт, қақпа алдындағы сызылған 6 метрлік зонаны доп лақтырған кезде басып кетпеу шарт. Гандболда тең ойын бола береді, бірақ кей жағдайларда, мысалы, міндетті түрде жеңімпаз болу керек десе, онда қосымша уақыт (2 – 5 минут) беріледі: егер онда да жеңімпаз анықталмай тағы тең ойын болатын болса, екінші қосымша уақыт беріледі: олда тең ойын болатын болса, онда 7 метрден 5 мәрте айып добын лақтырады.

Команда 12 ойыншыдан құрылады.

Алаңда 7 ойыншы жүре алады. Қалған ойыншылар қосалқы болып табылады.

Бүкіл ойын кезінде команда ішіннен бір адам алаңда қақпашы болады. Қақпада тұрған ойыншы кез келген уақытты алаң ойыншысы бола алады. Сәйкесінше кез келген алаң ойыншысы қақпашы бола алады. Ойын басында командада 5 ойыншы болуы керек. Команда ойыншыларының саны ойын кезінде кез келген уақытта көбейеді. (Континенттік жарыс кезінде бұл сұрақ берілген жарыс регламенті бойынша шешіледі).


Команда ойыншыларының саны алаңда 5-тен кем болса да ойын жалғаса береді. Ойын толықтай аяқтала ма жоқ па оны тек төрешілер шеше алады. Бүткіл ойын барысында командада ең көп дегенде ресми 4 адам болады

Ойыншы немесе ресим адам ойын басталар уақытта алаңда болып, оның тегі хаттамаға тіркелген жағдайда ойынға қатысу құқығына ие болады. Ал егер ойыншы немесе ресми адам матч басталып кеткеннен кейін келсе, хатшыдан рұқсат алуы керек және оның тегі хаттмаға тіркелуі керек.

Ойынға қатысу құқығына ие ойынша кез келген уақытта өз орын алмастыру құқығы бойынша алңға шыға алады.

Ал ойынға қатысуға құқы жоқ ойыншы алаңда жүрсе, ол ойыннан шығарылады. Ойын қарсылас команда әрекетімен қайтадан басталады.

2. Доппен ойнау

Ойын алаңы.

Ойын жабық мекемеде 40x20 көлеміндегі тіктөртбұрыш алаңда өтеді. Алаң айналасында 1 метрден кем болмайтын қауіпсіздік шекарасы болу керек. Алаңның ұзын шекарасы шеттік сызық, ал қысқасы - қақпа сызығы (қақпаның тіреулерінің арасында) деп аталады. Барлық сызықтар алаңның шектеуші сызықтары болып табылады. Үш метр ұзындықта ішкі қақпаның шекара сызығымен қатарластырып үзік сызықпен еркін лақтырыс жүргізіледі (9 метр ұзындығына) Бұл сызықтардың ені, яғни қалыңдығы 5 см-ді құрайды. Бұл сызықтың сегменттерінің ұзындығы және олардың ара қашықтығы 15см. Қақпа сызығына қарама қарсы, 7 м қашықтықта қақпаның ортасынан ұзындығы 1 метр болатын 7 метрлік сызық жүргізіледі. Қақпа сызығына қарама қарсы 4 метр қашықтықта қақпашыны қорғап тұратын, ұзындығы 15 см болатын сызық жүргізіледі. Шеткі сызықтардың центрі орталық сызықпен жалғанып қосылады.

Қақпа.

Әрбір қақпа сызығының центрінде қақпалар орналасады. Олар жерге берік орнығуы керек. Қақпаның ішкі өлшемдері: ені 3 м, биіктігі 2 м. Қақпада сетка болуы қажет. Қақпа көрерменге көрінетін жағынан екі контрастты түске боялу керек.

Гандболдық доп теріден немесе синтетикалық материалдан жасалады. Ол домалақ болады. Сырты сырғанақ болмау керек. Гандболдық доптың үш мөлшері болады:

айналасы 50-53см, салмағы 290-330г , 8-12 жастағы ұл балалар мен 8-14 жастағы қыз балаларға арналған;

айналасы 54-56 см, салмағы 325-375г , 14 жастан асқан қыз балалар мен 12-16 жастағы ұл балаларға арналған;

айналасы 58-60 см, салмағы 425-475г , 16 жастан асқан ұл балаларға арналған.

Команда.

Команда 14 ойыншыдан құралады. Ойын барысында алаңда 7 ойыншы ғана болуына рұқсат етіледі, қалған ойыншылар қосалқы ойыншылар болып табылады. Алаңдағы бір ойыншы қақпашы. Ойынның басында әрбір командада бес ойыншыдан көп емес болу керек. Кез келген уақытта ойыншының бірі алаңнан шыққанда оның орнын қосалқы ойыншы басады, ал алаңда болған ойыншы қосалқы ойыншыға айналады. Бұл кезде ойыншылар тек қана өз командасының алмастыру сызығы арқылы ғана орындарымен ауыса алады. Ойыншылар арасындағы алмастырулар саны шектеусіз.


Гандбол ойыншыларының келесідей позициялары болады:

Қақпашы

бұрыштама немесе шеттік (флангаларда ойнайды, әдетте олар өте жылдам әрі айлакер ойыншылар)

центрлік (орталық) немесе РАЗЫГРЫВАЮЩИЙ

жартылай орталық (шеттік пен орталық ойыншылар арасында ойнайды)

сызықтық (алты метрлік сызықта ойнайды. Оның міндеті қарсыластың қорғанысына бөгет болу)

Ойыншылардан басқа командағы төрт ресми өкіл болуы мүмкін.

Әділқазы, хатшы және секундомерші.

Матчта екі әлілқазы арқылы төрағалық етіледі. Егер әділқазылар әр түрлі шешім қабылдаса, олар арасында жиналыс болады. Сол жиналыста екеуінің келісімі арқылы бір ортақ шешім қабылданады. әділқазыларға хатшы мен секундомерші көмектеседі.

Ойын ұзақтығы.

Ересек комндалар арасындағы матч (16 жастан жоғары) 30 минуттық екі таймнан тұрады. Әрбір тайм арасында 15 минуттық үзіліс болады. 8-12 жас аралығындағы балалардың матчі 20 минуттан тұратын екі таймнан, ал 12-16 жастағы балалардың матчі 25 минуттық екі таймнан құралады. Үзілістен кейін командалар алаңдарымен ауысады. Егер жеңімпаз анықталмай жатса қосымша уақыт беріледі: бес минуттан тұратын бір минуттық үзілісі бар екі тайм. Егер бірінші рет берілген қосымша уақыттан кейін жеңімпаз анықталмаса, онда сол шарт бойынша тағы да қосымша уақыт беріледі. Егер екінші қосымша уақыттан соң жеңімпаз анықталмаса 7 метрлік лақтырыс тағайындалады. Ойын барысында (доп алаңнан шыққанда) уақыт тоқтатылмайды.

Ойын.

Ойыншыларға допты ұстап алуына, итеруіне, бір біріне беруіне, тоқтатып алуына болады. Бұл іс-қимылдап денесі, басы, қолы жіне тізесі арқылы жүзеге асады.

Ойыншылар допты қолдарында 3 секундтан артық ұстай алмайды. Ойыншылар допты ұстап 3 қадамнан артық жасай алмайды, үш қадамнан кейін олар допты қақпаға лақтыру керек, келесі ойыншыға беру керек немесе жерге соғу керек. Қарсыластан допты алақанымен алып алуға болады. Қарсыластын қимылына денесі арқылы бөгет болуға болады.

Әділқазының бейтарап ойын туралы белгісі. Бұл белгіден кейін командалар ойынды белсендірек ойнауы тиіс.

Айқын шабуылдар болмаса ойын ойналынбайды. Доп қақпа сызығын толығымен асқанда ғана гол есептелінеді. Доп қақпаға бөгде біреудің (бөгде адамның қимылы немесе алаңға бқгде заттың түсуі) араласуы нәтижесінде түспесе, әділқазы гол салынды деп есептейді. Матчты қақпаға көп гол салған команда жеңеді.

Қақпашы.

Қақпашының әрекеттері айрықша ережелермен реттелінеді:

қақпа алаңынан тыс алаңға шыға алатын жалғыз ойыншы;