Файл: азастанда гандболдын пайда болуы жне даму тарихы Гандболды дене трбиесі жне халыты сауытыру жйесіндегі орны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 197

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


қақпашы қақпа сызығының ішінде орналасып допты денесінің кез келген бөлігімен тиісе алады;

қақпашы қақпа сызығының ішінде орналасып доппен үш қадамнан артық жасауына болады;

қақпашы қақпа сызығынан тыс жатқан допқа тиісе алмайды;

Лақтыру (бросок)

Алғашқы лақтырыс

Алғашқы лақтырыс – бұл ойынның басында немесе гол соғылғаннан кейін болады. Командалардың бірі жереби нәтижесінде бірінші таймда алғашқы лақтырыс жасауға мүмкіндік алады. Екінші таймның басында алғашқы лақтырысты қарсылас команда жасайды. Голдан кейінгі алғашқы лақтырысты допты қақпасына жіберіп алған команда орындайд. Алғашқы лақтырысты жасайтын ойынша алаңның центрінде тұруы керек. Лақтырыс әділқазының ысқырығынан кейін, 3 секунд ішінде жүзеге асады. Доп ойыншының қолынан шыққан сәттен бастап лақтырыс орындалды деп есептеледі.

Шеттік сызықтан лақтырыс жасау

Шеттік сызықтан лақтырыс мына жағдайларда жасалады:

доп шеттік сызықтан асқанда – лақтырыс доп алағнан шыққан жерден жасалады;

доп алаңның конструкциясының жоғарғы жағына тигенде – лақтырыс соған жақын шеттік сызықтан жасалады.

Лақтырысты соңғы болып қолы тиген ойыншы ойнайтын команданың қарсыластары орындайды.

Қақпашының лақтырысы.

Қақпашы келесі жағдайларда лақтырыс жасайды:

доп қақпа сызыған толығымен өткенде және соңғы болып допқа қолы тиген қақпашы немесе соның команда мүшесі;

қарсылас команда мүшесі қақпа сызығын өтіп кеткенде (доппен).

Лақтырысты қорғанып жатқан команданың қақпашысымен орындалады. Қақпашы қақпада тұрып лақтырыс жасайды, және ол лақтырған доп қақпа сызығынан асуы керек. Қарсылас команда мүшелері қақпа сызығының бойында түруы мүмкін, бірақ оларға қақпашы лақтырыс жасамай тұрып допқа қол тигізуіне тыйым салынады.

Еркін лақтырыс.

Еркін лақтырыс ойын ережелерін бұзғанда немесе тайм-ауттан (ереже бұзылмаса да) кейін ойынды жалғастыру үшін тағайындалады. Еркін лақтырысты ереже бұзған команданың қарсыластары немесе тайм-аутқа дейін доп қай командада бол, сол команда мүшесі орындайды. Еркін лақтырысты ереже бұзылған жерден жасайды. Қарсыластар еркін лақтырысты жасап тұрған ойыншыдан 3 м қашықтықта орналасады. Еркін лақтырыс әділқазының ысқырығынсыз орындала береді.

Жазалар.

Ереже бойынша гандболда жазаның үш түрі бар:

ескерту жасау;

екі минутқа алаңнан шығарып жіберу;

дисквалификация.

Ескерту

Ескерту сары карточканы көрсетумен қатар жүреді. Ескерту тәртіптер мен ережелер бұзылғанда (әділқазының шешіміне наразылық көрсеткенде, допты аяқпен тепкенде, қарсы команда лақтырыс жасағанда үш метрлік ережені бұзғанда) жасалынады. Бір ойын барысында ең көп ескертулер саны:


бір команданың барлық ойыншылары үшін – жиыны 3 ескерту;

бір команданың ресми өкілдері үшін – 1 ескерту.

Ойын барынсында екі минутқа алаңнан шығарылған ойыншыға ескерту жасалмайды.

Екі минутқа алаңнан шығару

Екі минутқа аулақтау денсаулыққа қауіпті іс-қимылдар (физикалық әрекеттермен байланысты бас және мойын айналасындағы) үшін, алаңға артық ойыншы шыққнда, қосалқы ойыншы алаңға шыққанда тағайындалады. Екі минутқа аулақтау әділқазы қолының екі саусағын көтеріп көрсету арқылы көрініс табады. Екі минутқа аулақтатылғн ойыншы ойын алаңынан шығып, қосалқы ойыншылар отырған орындыққа барады. Бұл кезде команда толық емес құрамда ойынды жалғастырады. Үш рет екі минутқа аулақтатылған ойыншы автоматты түрде дисквалифицирленеді, яғни ойын соңына дейін алаңнан аулақтатылады.

Диквалификация.

Дисквалификация қызыл карточка көрсетумен қатар жүреді. Қызыл карточка алған ойыншы алаңнан шығарылады және оған ойыншылармен қарым қатынас жасауға тыйым салынады. Қызыл карточка қатаң түрде ержелерді бұзған үшін ( тіл тигізу, көрерменге, әділқазына, басқа ойыншыға шабуылдау) беріледі.

Рұқсат етіледі: алақанды (ашық немесе жабық күйінде), қолды, басты, денені, бөксені немесе тізені пайдалана отырып лақтыруға, қағып алуға, тоқтатуға, итеруге немесе беруге; допты ең ұзақ дегенде 3 секунд ұстауға (доп жерде жатса да)

Доппен ең көп дегенде үш адым жасауға. Бір адым жасалды деп саналады егер:

екі аяғымен бірдей еденде тұрған ойыншы, бір аяғын еденнен жоғары көтеріп, қайтадан оны еденге қойса немесе бір аяғын бір орыннан екінші орынға ауыстырса;

ойыншы еденде тек бір аяғымен тұрса, допты қағып алып, содан соң еденге басқа аяғымен тұрса;

ойыншы секіруден кейін еденде бір аяғымен тұрса, содан соң сол аяғымен секіріп немесе басқа аяғымен еденге тұрса;

Ойыншы секіруден кейін еденге екі аяғымен бірдей тұрса, содан кейін бір аяғын көтеріп, оны қайтадан еденге қойса немесе бір аяғын бір жерден екінші жерге ауыстырса

Комментарийлер:

Бір адым жасалынды деп есептеледеі егер, ойыншы бір аяғын бір орыннан екінші орынға ауыстырса, содан кейін бірден басқа аяғын сол аяғына тата.

Қозғалыста:

допты жерге бір ұрып, оны бір немесе екі қолмен қағып алу;

допты бір қолмен жерге көп рет ұрып немесе допты бір қолмен көп рет алып жүріп, содан кейін оны қағып алып немесе оны бір немесе екі қолмен қағып алу.



Доп бір немесе екі қолмен қағып алынғаннан кейін-ақ, оны үш секунд ішінде немесе үш адымнан соң беру керек болады.

Допты алып жүрі осы сәттен басталады (доп ойыншы денесінің кез келген жеріне тиіп, ойыншы оны жерге бағыттағанда).

Доп басқа ойыншыға немесе қақпаға тиген соң, ойыншыға допты алып жүру рұқсаты қайта беріледі (дриблинг).

Допты бір қолдан екінші қолға өткізу.

Доппен орында тұрып тіземен, отырып, немесе жерде жатып ойнау.

Рұқсат етілмейді:

Доп жерге, басқа ойыншыға немесе қақпаға тимей тұрып бұрын оған бір реттен кем тимеу.

опты қағып алу кезінде жіберілген қателер ескерілмейді Ойыншы допты қағып алу немесе тоқтату кезінде допқа ие бола алмай қалған жағдай қате болып есептелінеді.

Егер топ доп жіті назарда болса, онда ойыншыға оған бір реттен кем тиюге рұқсат етілмейді.

Тізеден төмен аяқпен допқа тиюге болмайды, тек бір жағдайда ғана болады, егер допты аяққа қарсылас лақтырса;

Егер доп ойын алаңында болған төрешіге тисе, ойын жалғастырылады.

8 ереже. Тәртіп бұзушылық және спорттық әдепті сақтамау.

допты меңгеру үшін қолды немесе білекті пайдалануға;

Кез келген жағынан қарсыластың қолынан допты алу үшін алақанды ашық күйде қолдануға;

Қарсыласты денесімен жабуға (тегер қарсыласта доп болмаса да);

Қарсыласқа дене күшін пайдалануға және оның қозғалысын қадағалау кезінде оған қолман тиюге.

қарсыластың қолынан допты жұлып алу;

қарсыласты қол немесе аяқтың көмегімен итеруге;

қарсыласты құшақтауға, ұстап қалуға, итеруге және оған қарай жүгіруге, секіруге;

ережені бұза отырып, қарсыластың қимылдарына бөгет жасауға, қарсы тұруға немесе оны қатерге апаруға.

Тәртіп бұзушылық үшін берілген ескертулер өсу сатысына байланысты беріледі.

Нағыз спортсменннің рухымен сәйкес келмейтін дене немесе сөз арқылы білдірілетін сезімдер, спорттық әдіепсіздік деп қарастырылады. Бұл ойыншыларға қалай қатысты болса, ойын алаңындаңы немесе ойын алаңынан тыс жердегі ресми тұлғаларға да дәл солай қатысы бар.

Қарсыласының денсаулығына өзінің іс-әрекетімен қатер төндірген ойыншы ойыннан шығарылуы керек. Егер ол:

қақпаға доп лақтырып тұрған немесе допты бері тұрған ойыншыға кез келген жерінен қолымен қандай да бір соққы жасаған жағдайда;

Қарсыластың басына немесе мойынына соққы жасаған жағдайда;

сқарсыласты әтейі аяғымен немесе тізесімен соққанда, немесе тағы басқа соққыларды пайдаланғанда, соның ішінде аяғын шалған жағдайда;


Қарсыласты секіру немесе қозғалуы кезінде итергенде, қарсыластың өздігінен қимыл жасауына бөгет болғанда;

еркін лақтыру кезінде допты қорғаушының басына қаса қана жіберген уақытта (қақпаға тура лақтыру кезінде), немесе діл осылай егер ол қақпашы орынынан бері қарай қозғалмайды деген шартпен 7 метрлік қашықтықтан допты лақтыру кезінде, допты қақпашының басына лақтырса.

Ойын алаңында және одан тыс жерде ойыншының немесе команданың ресми тұлғасының оғаш мінез көрсетуі ойыннын шығару арқылы жазалану керек.

Ойын кезінде «күшін қолданып зорлық» көрсеткен ойыншы бірден ойыннан шығарылуы керек. Берілген жағдайда зорлық басқа адамға (ойыншыға, төрешіге, хатшыға, команданың ресми тұлғасына, делегатқа, көрерменге т.б.) деген қасақана ойластырылған қимыл болып саналады. Басқаша айтқанда, жаман мінез емес, ол басқа адамға деген жаман көзқарас, қылық, ал бұл дегеніміз зорлық деп қарастырылады.

8:2-7 ережесін бұзған жағдайда, қарсыластар командасына допты қақпаға 7 метрден лақтыру құқы беріледі.

Финалдық дыбыс белгісі

Ойын уақыты алаңда төрешінің ысқырығы бойынша басталады. Ол финалдық дыбыста аяқталады. Финалдық дыбыс ақпараттық есептегіш немесе секундомершінің белгісі бойынша автоматты түрде жүзеге асады. Бұндай дыбыс жоқ болған жағдайда, төреші ойын уақытының аяқталу мерзіміне ысқыру белгісін береді. Автоматты түрдегі финалдық дыбысы бар ақпараттық есептеуіш болмаған жағдайда, секундамерші құм сағатты немесе секундомерді пайдаланады және финалдық дыбысты өзі береді. Финалдық дыбысты ақпараттық есептеуіш арқылы берген жағдайда, ойын уақытының 0-ден 30 минутқа дейін есептелгені жөн. Финалдық дыбысқа дейін немесе финалдық дыбыс кезінде жасалған тәртіп бұзушылықтар, төрешілермен айыпталады, егер олар оны финалдық дыбысқа дейін айыптап үлгермесе финалдық дыбыстан кейін де айыптайды.

Егер төрешілер, секундомершінің дыбыстық белгіні уақытнан ерте бергенін байқаса, онда олар ойыншыларды ойын алаңында, ойынның қалған уақытын аяқтау үшін қалдыруға міндетті. Уақытыннан ерте берілген дыбыстық белгі кезінде доп қай командадща болса, сол жерінен тоқтатылып, сол команда ойынды қайта бастайды.Егер доп ол кезде ойында болмаса, ойын жағдайға байланысты жалғастырылады. Егер ойынның бірінші таймы ойналу уақытнан асып кетсе, онда екінші тайм сәйкесінше қысқартылуы керек. Ал егер ойынның екінші таймы ойналу уақытнан асып кетсе, онда төрешілер ешқандай өзгерістер енгізбейді.

4. 17 ереже. Төрешілер


Әр ойынға құқығы бірдей екі төреші тағайындалады. Оларға секундомерші мен хатшы өз көмектерін көрсетеді.

Төрешілер ойыншыларды ойынға келген уақытынан бастап, олдардың ойыннан кеткен уақытына дейін қадағалайды. Матч басталар кезде төрешілер ойын алаңының, қақпаның, доптардың дайындығын тексереді. Ойында қандай доп қолданылатынын да солар шешеді. Сонымен қатар төрешілер екі жақ командалардың формаларын тексереді, олар ережеге сай болуы қажет. Олар ойын хаттаамасын да тексереді. Олар сондай-ақ ойыншылар мен ойыншыларды алмастырушы ресми тұлғалардың санын да тексереді, сонымен қатар ойын хаттамасындағы әр команда жетекшісінің қолхаттарын тексереді. Барлық ереже бұзушылықтар жойылуы керек. Бір төреші жеребьевканы екінші төреші және екі жақ команданың да капитандарының қатысуымен жүргізеді.

Ойынның басында төрешілердің біреуі алаңдағы төреші позициясын қабылдайды, ал артқы жағында бастапқы лақтыру құқығына ие болған команда тұрғызылады. Алаңдағы төреші ойынды ысқырық арқылы бастайды. Ал допты басқа команда жұлып алғанда, төреші қорғанушы команданың қақпасының сыртқы сызығының артқы жағына тұрады. Екінші төреші болса, ойын басында қақпа сызығы бойындағы төреші позициясын қабылдайды. Ал осы төреші тұрған қақпа иелері допты иеленгенде ол алаңға төрешелік жасауға шығады. Белгілі бір уақыт сайын төрешілер алаңдағы орындарын ауыстырып отыруы керек.

Негізінде ойын төрешілері өзгертілмеуі керек. Олар ойын ережелерінің бұзылмауын қадағалап, тәртіп бұзушылық болса, айып салулары керек. Егер бір төреші кездесуді аяқтай алмаса, онда ойынды екінші төреші бір өзі жалғасытра береді. Егер екі төреші де ереже бұзушылықты байқап, айып тағылатын командаға жаза берерде екеуінің ойы екі жақтан шықса, әдетте неғұрлым ауыр пйып салынады. Егер екі төреші де ойын ережесінің бұзушылығын немес доптың ойын алаңынан ауытқып кеткенін байқаса, және допты қай командаға беру керек екендігі туралы екеуінің шешімі әр түрлі болған жағдайда, екі төрешінің өзара ақылдасып шешкен шешімі қабылданады. Егер бір шлешімге келе алмаса, онда алаңдағы төрешінің шешімі қабылданады. Тайм-аут міндетті болып саналады. Бір бірімен өзара келіскенен кейін төрешілер қажетті белгіні көрсетеді және ысқырық дыбысы берілгеннен кейін ойын қата басталады.

Салынған доптардың есептелуіне екі төреші де жауапты.

Одан басқа, олар ескертулер, ойыннан шығаруларды да ескеріп отырады.

Ойын уақытын қадағалауға екі төреші де жауапты. Уақытты есептеуде келіспеушіліктер туып жатса, онда төрешілер өзара келісіп, ақылдасып шешім қабылдайды. Төрешілер сонымен қатар ойын аяқталғаннан кейінгі хаттаманың дұрыс толтырылуына да жауапты. Төрешілер фактілер мен жағдайды бағалау негіздерінде қабылданған шешімдер, нақты болып саналады. Егер қабылданған шешімдер