Файл: Ересек мектепке дейінгі жастаы балаларды абілеттерін диагностикалау жне дамыту.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау және дамыту»
қазақ және орыс тілдерінде оқыту түріндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне және психологтарына арналған
МОДУЛЬ I
«ЕРЕСЕК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ НЕГІЗГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМДАР»
Отандық психологияда мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі ерте және кіші мектеп жасының аралығындағы орынды алады – бұл 3 жастан 6-7 жасқа дейінгі жас аралығы. Мектепке дейінгі жас үш кезеңге бөлінеді: кіші – 3-4 жас, орта – 4-5 жас және ересек – 5-7 жас. Мектепке дейінгі жас кезеңінің баланың психикасы мен тұлғасын дамыту үшін ерекше маңызды мәні болады. Аталған жас кезеңін ойын жасы деп атайды, себебі ойын мектепке дейінгі жастағы жетекші іс-әрекет болып табылады. Баланың өмір сүру жағдайлары қарқынды түрде кеңейіп келеді: отбасының шекаралары көше, қала, ел шегіне дейін созылады. Бала өзі үшін адами қатынастар әлемін және іс-әрекеттің алуан түрлерін ашады. Аталған кезеңде баланың міндеті - адами қатынастарға қатысу арқылы осы мағыналарды меңгеру және дамыту болып табылады. Ересектер баланы ересектік өмірге белсенді қатысудан шектейтін болғандықтан, бала бұл ұмтылысын ойын арқылы жүзеге асырады. Ойында бала ересектер әлемін және ондағы жұмыс істеу ережелерінің моделін құрады. Жетекші іс-әрекет – ойын - баланың адамдар арасындағы қатынастар жүйесін түсінуіне мүмкіндік береді және олардың көрнекі-бейнелі ойлауын және сөйлеудің белгілік-символикалық функциясын дамытуға ықпал етеді. Рөлдік ойын - бұл ересектердің өмірін модельдейтін балалардың өзіндік іс-әрекеті. Л.С.Выготский жас ерекшеліктерін өмірдің белгілі кезеңіндегі дамудың жалпы бағытын көрсететін белгілі жастағы балаларға тән деп анықтады. Мектепке дейінгі жаста аталған ерекшеліктерге, ең алдымен, сана мен өзіндік сананың салыстырмалы түрдегі төмен деңгейі жатады. Сонымен қатар, ес, зейін, ойлау, қиял сияқты процестердің жеткіліксіз дамығанын есепке алу қажет. Мектепке дейінгі жастағы психологиялық жаңа құрылымдар: - ырықтылық (жағдайды және болжауды бағалауға арналған аффектіні тоқтату мүмкіндігі ретінде); - «ішкі әлемнің» пайда болуы: өзінің күйлері мен толғаныстарын басқа адамдарға толық ашық ретінде дифференциациялауға үйрету; - толғаныстарды жалпылау қабілеті (тұрақты қатынастың пайда болуы ретінде, яғни сезімдердің пайда болуы); - көрнекі-әрекеттік ойлаудан көрнекі-бейнелі ойлауға өту жүзеге асады; - жанама есте сақтау қабілеті пайда болады; - адамгершілік даму: мәдени және адамгершілік нормаларды саналы қабылдаудың реттілігі ретінде қабылдауға өту; - кезеңнің соңында перцептивті модельдеу қабілеті және әлеуметтендірілген сөйлеу пайда болады. Осылайша, мектепке дейінгі жастағы балалардың бірқатар психологиялық және мінез-құлықтық ерекшеліктері болады, оларды білу балаларды психодиагностикалық зерттеу барысында сенімді нәтижелер алу үшін қажет болады. ТАҚЫРЫП 1 Ересек мектепке дейінгі жаста психомоториканы дамыту ерекшеліктері Мектепке дейінгі жас кезеңін баланың қарқынды психикалық және психомоторлы даму кезеңі ретінде қарастыруға болады. Дәл осы жас кезеңінде жекеленген психофизиологиялық функцияларды жетілдіруден бастап күрделі тұлғалық жаңа құрылымдардың пайда болуымен аяқталатын барлық сфералардың прогрессивті қайта құрылуы жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі жаста баланың моторикасында терең өзгерістер болады. Балалар күшті, төзімді бола бастайды, олардың қимылдары аса епті, икемді, үйлесімді болады. Бала осы жаста өзінің кейінгі өмірінде маңызды рөл атқаратын бірқатар жаңа күрделі қозғалыс біліктерін меңгереді. Сонымен, бала саналы және ерікті түрде қозғалыстарды орындауды үйренеді. В.Д.Шадриков психомоториканың мұндай қасиеттерін: қозғалыстар, әрекеттер, реакциялардың түрлерін, қозғалыс сипаттамаларын және отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде ажыратылып көрсетілген бұлшық ет белсенділігінің сипаттамаларын толыққанды түрде жалпылайды. Психомоторлы қабілеттердің дамуы туралы мәселені қарастыруға мүмкіндік беретін психомоторлы процестердің өнімділігінің сипаттамалары ретінде (қозғалыс және қимыл әрекеттерінің жүйесі ретінде) ол жылдамдық, дәлдік, қарқындылық, ырғақ, күш, төзімділік, үйлесімділік, ептілік көрсеткіштерін ажыратып көрсетеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың қозғалыстың жаңа формаларын саналы түрде меңгеретінін атап өту маңызды. Оның моторикасының дамуы оқшауланған болып саналмайды. Ол баланың іс-әрекетін дамытудың кең контексіне енгізілген және оның алдында тұрған міндеттерге, оны әрекет етуге итермелейтін мотивтерге байланысты болады, даму барысында баланың қозғалыс біліктерінің сипаты ғана емес, сонымен бірге оларды меңгеру тәсілі де өзгереді. Заттық әрекеттерді орындау барысы бойынша жаңа қозғалыстарды қалыптастырудан өтудің және мектепке дейінгі жаста алғаш рет бақыланатын жаңа қозғалысты саналы меңгерудің дербес міндетін ажыратып көрсетудің балалардың моторикасын әрі қарай дамыту үшін маңызды мәні болады. Егер ерте балалық шақта (1-3 жас) баланың меңгеретін қарапайым қозғалыс дағдылары, оның практикалық және ойын іс-әрекетінің жанама өнімі болса, онда оқу іс-әрекеті (жазу дағдысы және т.б.), спорт, еңбек, көркемдік іс-әрекет үшін қажетті қозғалыс біліктерінің күрделі формалары саналы оқытуды талап етеді. Психомоторика кез-келген психикалық құбылыстардың қозғалысында объективизация болғандықтан, психомоторлы сынақтардың нәтижелері бойынша адамзат психикасының қозғалыс сферасы туралы ғана емес, сонымен қатар оның басқа сфералары (аффективті, сенсорлық-перцептивтік, интеллектуалды, ерікті), сондай-ақ жүйке жүйесінің қасиеттері мен тұлғаның сапалары туралы айтуға болады. Кейбір психомоторлы әдістер осындай диагностикалауға бағытталған. Алайда, осы сынақтардың көпшілігінің басты мақсаты - адамның қозғалыс дамуын диагностикалау. Психомоторлы әдістер балаларды, спортшыларды диагностикалауда, кәсіптік бағдарлауда және кәсіби іріктеуде кеңінен қолданылады. Әдістердің аталған тобы – зерттеуші психологиялық тәсілдерді «қатаң» топтастырудың шарттылығының ерекше айқын үлгісі. Психомоторлы сынақтардың негізгі мақсатына сәйкес олар әдетте психодиагностикалық әдістер тобына жатқызылады. Алайда, олардың көпшілігінің өздерінің процедурасы бойынша эксперимент жүргізудің айқын белгілері болады: психикалық құбылыстардың тәуелсіз және тәуелді айнымалылары арасындағы байланыстарды анықтау үшін объектіге мақсатты бағытталған және қатаң реттелген түрде әсер ету. Психомотриканы зерттеу әдістерінің арасында жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеу әдістері маңызды орын алады. Олардың маңызды бөлігі реакция уақытының көрсеткіштерін қолданады. Олардың арасында «Наклон кривой» (В.Д.Небылицын) және оның модификациясы (Н.М.Пейсахов), «Угашение с подкреплением» (Л.В. Хозак) әдістемесінің рефлексометрикалық нұсқасы, «Внешний тормоз» (В. С. Мерлин) және т.б. әдістемесі сияқты танымал әдістемелер бар. Аса белгілі және танымал әдістемелер ретінде «Теппинг тест» және «Кинематометрикалық әдістеме» алынады. Сонымен бірге, мектепке дейінгі жастағы балалардың психомоторикасын зерттеу үшін динамомтерия әдістері қолданылады. Психомоториканы зерттеудің алғашқы, бірегей әдістемелерінің бірін 1923 жылы Н.И.Озерецкий ұсынған болатын. Ол әдістеме моторлы дамуды, қозғалыстарды сөздік реттелуін диагностикалауға және балалардың физикалық және психикалық дамуындағы ауытқуларды анықтауға бағдарланған. Өлшеуге келесі қозғалыс сапалары жатады:
5) синкинезиялар (қосарласқан қимылдар), олар моторлы аппараттың саралану дәрежесін сипаттайды. Берілген оқу құралындағы сенсорлы процестердің және психомоториканың қалыптасу деңгейін зерттеудің кешенді сызбасы қозғалыстардың бір мезгілде орындалуын бағалауға, қолдар мен аяқтардың динамикалық тепе-теңдігін, статикалық тепе-теңдікті бағалауға бағытталған тапсырмаларды қамтиды. Бұдан басқа, сызба ұсақ моториканы бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтиды. ТАҚЫРЫП 2 Ересек мектепке дейінгі жаста когнитивті даму ерекшеліктері Ересек мектепке дейінгі жастағы баланың түйсіктер сферасында сезімталдықтың барлық түрлерінің табалдырығының төмендеуі байқалады. Сонымен бірге, аталған жас кезеңінде қабылдаудың саралану деңгейі артады. Баланың қабылдауының негізгі қасиеттерінің дамуында екі қарама-қайшы үрдістер диагностикаланады. Бір жағынан, аталған жас кезеңінде тұтастықтың артауы орын алады, ал екінші жағынан – перцептивті бейненің құрылымдылығы мен бөлшектеу көрініс табады. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай форманың объектіден ажырату қабілеті байқалады. Алты жасқа қарай балалар фигуралардың контурын қатесіз орналастыру тапсырмасын орындай бастайды, мысалы үй мен саңырауқұлақтың контурларын белгілей бастайды. Ерте жастағы балалар бұл тапсырманы әлі орындай алмайды. Балалардың контур бойынша объектілерді ажырата білу қабілеті баланың қабылдауының тұтастығының қалыптасуының көрсеткіші ретінде алынады. Ересек мектепке дейінші жаста баланың қабылдауының құрылымының дамуында өзгерісті кезең басталады. Бұл жағдай балалардың жекеленген бөлшектердег фигураны құрастыруға қабілетті болуында, күрделі объектілерде жекеленген құрылымдық элементтерді ажырату және олардың арақатынасын белгілеу қабілетіне ие болуында көрініс табады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тек қарапайым емес, сонымен бірге күрделі көп компонентті фигуралардың арасынан үлгі бойынша таңдауға арналған тапсырмаларды табысты орындайды. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде геометриялық фигуралар түріндегі әлеуметтік перцептивті эталондар меңгеріледі. Бұдан басқа, алты жасқа қарай әлеуметтік объектілер мен құбылыстарға қатысты қабылдаудың нақты таңдамалылығы қалыптасады. Ересек мектепке дейінгі жастағы баланың қабылдауының дамуында заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері туралы жалпы қабылданған түсініктер болып табылатын белгілі заттық бейнелерді қолданудан тікелей сенсорлы эталондарды қолдануға өтудің ерекше маңызы болады. Аталған жас кезеңінде психиканың жетекші формасы ретінде елестету алынады, ол өнімді және ойын іс-әрекетінің алуан түрлерінде белсенді түрде дамиды. Аталған жас кезеңінде кеңістіктік ұғымдардың дамуы жеткілікті жоғары деңгейге жетеді. Мысалы, берілген жас кезеңіндегі балаларға кеңістіктік жағдайларды талдауды жүзеге асыруға ұмтылыс тән болады. Елестетулер баланың психикалық дамуының біртұтас процесіне маңызды әрі біршама әсер етеді. Психиканың алуан түрлі формалары екінші реттік бейнелермен - елестетулермен байланысты болған жағдайда аса табысты қалыптасады. Аталған жағдаймен байланысты, психикалық белсенділіктің қиял, көрнекі-бейнелі ойлау, сонымен бірге ес сияқты формалары аса қарқынды дамиды. Дегенмен, мектепке дейінгі жастағы балаларға естің ырықсыз сипаты тән болғанмен, ересек мектепке дейінгі жастағы аса маңызды жетістіктердің бірі ретінде ырықты есте сақтауды дамыту алынады. Бала өзіне аса маңызды қызығушылық танытатын және біршама әсер қалдыратын құбылыстарды жақсы есте сақтайды. Осылайша, көптеген жағдайларды тіркелетін материалдың көлемі аталған құбылысқа немесе затқа деген эмоционалды қатынаспен анықталады. Аталған есте сақтаудың жекеленген формаларын төрт-бес жастағы балалардан байқауға болады, сонымен бірге, ырықты есте сақтаудың алты-жеті жасқа қарай біршама дамитынын байқауға болады. Көп жағдайда берілген жағдайға мектепке дейінгі жастағы баланың ойын іс-әрекеті ықпал етеді, оның аясында бірқатар мәліметтерді есте сақтау және қайта жаңғырту қабілеті табысқа жетудің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Аталған кезеңнің маңызды ерекшелігі ретінде, ересек мектепке дейінгі жастағы баланың алдына белгілі материалды есте сақтауға бағытталған мақсат қойылуы алынады. Мұндай мүмкіндіктің болуы есте сақтаудың тиімділік деңгейін арнайы арттыруға бағытталған алуан түрлі тәсілдерді, мысалы қайталау тәсілдерін, материалды ассоциативті және мағыналық байланыстыру тәсілдерін баланың қолдана бастауымен байланысты болады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың заттардың алуан түрлі байланыстары мен қасиеттерін тануы аталған заттардың бейнелерімен әрекет ету процесінде жүзеге асырылады. Аталған жас кезеңінде баланың сөйлеуі, оның дамуы, сонымен бірге әртүрлі психикалық функциялар елестетулермен тығыз байланысты болады. Балалардың сөйлеуді түсінуі сөйлеуді тікелей қабылдау процесінде балада пайда болатын елестетулердің мазмұнына біршама байланысты болады. Мектепке дейінгі балалық шақта басым болып табылатын дамудағы маңызды өзгерістерге қарамастан, мектепке дейінгі жастағы баланың ырықсыз зейіні аса маңызды болып табылады. Ересек мектепке дейінгі кезеңде де балаларға біртекті іс-әрекетке шоғырлану біршама қиын, мектепке дейінгі жастағы балаларға субъективті қызықты ойын іс-әрекетінде зейін аса тұрақты болуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңін психиканың белсенді қалыптасу кезеңі, психофизиология саласында ғана емес, сонымен қатар тұлғалық сферадағы алуан түрлі сапалық жаңа құрылымдардың пайда болу кезеңі ретінде қарастыруға болады. Жаңа сапалық құрылымдар көптеген факторлардың әрекетінің әсерінен пайда болады – сөйлеу және ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас, танымның әртүрлі формалары және баланы іс-әрекеттің алуан түрлеріне ендіру арқылы пайда болады. Барлық аталған жағдайлар баланың әлеуметтік жағдайларға, сондай-ақ өмір талаптарына тиімді бейімделуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, психиканың, перцепцияның, сенсориканың қарапайым формалары дамуын жалғастырады. Жалпы алғанда, мектепке дейінгі жас баланың практикалық және танымдық іс-әрекет субеъктісі ретінде қалыптасуындағы бастапқы кезең болып табылады. «Ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау және дамыту» қазақ және орыс тілдерінде оқыту түріндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне және психологтарына арналған МОДУЛЬ I «ЕРЕСЕК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ НЕГІЗГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМДАР» ТАҚЫРЫП 3 Ересек мектепке дейінгі жаста коммуникативті қабілеттерді дамыту ерекшеліктері Коммуникативті қабілеттер - бұл қарым-қатынаста көрінетін тұлғаның дара-психологиялық ерекшеліктері, сонымен қатар адамның өмірдегі жетістігі байланысты болатын адамдармен қарым-қатынас жасау біліктері мен дағдылары. Коммуникативті қабілеттер - бұл кешенді көпдеңгейлі тұлғалық құрылым, тұлғаның коммуникативті сипаттамаларының жиынтығы, сонымен қатар оның іс-әрекетінің және қарым-қатынасының реттеуін және жүруін қамтамасыз ететін әлеуметтік-перцептивті және операциялық-техникалық білімі мен біліктері. Коммуникативті қабілеттер қарым-қатынас жағдайының белгілі жағдайларын ажыратып бөлуге, әртүрлі жағдайлардағы басқа адамдардың күйлерін түсінуге және соның негізінде олардың мінез-құлқын адекватты құруға мүмкіндік береді. Ересектермен немесе құрдастарымен (көшеде, көлікте және т.б.) белгілі қарым-қатынас жағдайында болып, коммуникативті қабілеттері дамыған бала жағдайдың сыртқы белгілерін және ондағы әрекет ету ережелерін түсіне алады. Кикілжіңді немесе басқа шиеленісті жағдай туындаған жағдайда бала оны қайта құрудың позитивті тәсілдерін табады. Ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативті қабілеттері келесі қабілеттерді қамтиды: байланыс орнату тілегі, қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті, құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынаста жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді танып-білу. И.К. Гаврилова, Е.А. Гущина, Л.В.Чернецкая сияқты зерттеушілер мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативті қабілеттерін дамытуда белгілі біліктерді ажыратып көрсетеді: қоршаған адамдардың эмоционалды толғаныстарын және күйлерін танып-білу, өзіндік эмоцияларын вербальды және вербальды емес тәсілдермен көрсету, ынтымақтасу, тыңдау, есту және ақпаратпен алмасу қабілеті. Коммуникативті қабілеттердің дамуы сөйлеудің дамуымен тығыз байланысты. Сөйлеу қарым-қатынас құралы ретінде белгілі кезеңде пайда болады, қарым-қатынас жағдайында мақсаттарға жетуге ықпал етеді. Ақпаратты жеткізу процесінде сөйлеудің нұсқаушы немесе индикативті функциясы көрінетін белгілі затты көрсету жүзеге асады, сонымен қатар сөйлеудің предикативті функциясы немесе пікір білдіру функциясы көрініс табатын әртүрлі мәселелер бойынша өзіндік пікірлерін білдіру орын алады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативті қабілеттері диалогты сөйлеуде біршама дәрежеде көрініс табады. Диалогты сөйлеудің дамуы ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жағдайында тікелей жүреді. Ересек мектепке дейінгі жасқа қарай балалардың коммуникативті тәжірибесінің жеткілікті үлкен қоры жинақталған. Олар өздерінің әрекеттерін қатарластардың әрекетімен үйлестіре алады, өздерінің әрекетін жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларымен салыстыра алады. Аталған коммуникативті нормалар мен ережелерді меңгеру баланың отбасында, ересектермен және қатарластармен қарым-қатынаста жүзеге асырылады. Балалық шақта ересектермен және қатарластармен қарым-қатынас тәжірибесі баланың әрі қарай тұлғалық, әлеуметтік және коммуникативті дамуының базисі болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың құрдастарымен қарым-қатынасының өзгешелігі оның ересектермен қарым-қатынасынан көп жағдайда айрықшаланады. Баланың құрдастарымен байланысы біршама айқын, эмоционалды қанық, өткір интонациялармен, айқай, күлкімен қатар жүреді. Басқа балалармен қарым-қатынаста ересектермен қарым-қатынас жасауда ұстануды талап ететін қатаң нормалар мен ережелер болмайды. Құрдастарымен қарым-қатынаста балалар ашық болады, күтпеген сөздерін айтады, бір-бірін мазақтайды, шығармашылық пен қиялды көрсетеді. Төрт жастан алты жасқа дейінгі мектепке дейінгі жастағы балаларда құрдастарымен қарым-қатынастың ситуативті-іскерлік түрі байқалады. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай балаларда қарым-қатынастың жаңа формасы - ситуативтіден тыс-іскерлік қарым-қатынас қалыптасады (М.И. Лисина). Балалар бір-біріне қайда болғанын, нені көргенін айтады, өздерінің жоспарларымен және тілектерімен бөліседі, басқалардың сапаларына және әрекеттеріне баға береді. Бұл жаста заттармен және олармен әрекет етумен жанамаланбаған «таза қарым-қатынас» орын алады. Балалар ұзақ уақыт бойы жеткілікті әңгімелесе алады, бұл ретте олар ешқандай практикалық әрекеттерді орындамайды. Аталған кезеңде балалардың арасында берік, таңдамалы бейімділіктер пайда болады, «дос», «достық» ұғымдары пайда болады. Мектепке дейінгі жастағы балалар шағын топтарға бірігеді (2-3 баладан) және өздерінің достарына деген ашық, айқын тілектерін білдіреді. Қатарлас бала ол үшін өзін салыстыру объектісіне айналып қоймайды, сонымен бірге, өзіндік құнды, біртұтас тұлға, қарым-қатынас субъектісіне айналады. Басқа бала өзін-өзі танытудың құралына айналып қоймайды, сонымен бірге баланың өзіндік «Менінің» мазмұнына айналады. ТАҚЫРЫП 4 Ересек мектепке дейінгі жаста эмоционалды интеллектіні дамыту ерекшеліктері Эмоционалды интеллект біртұтас алғанда, айқын когнитивті компоненті бар когнитивті-тұлғалық құрылым ретінде, эмоцияларды түсіну мен басқарудың ақыл-ой қабілеттерінің жиынтығы, сонымен қатар эмоционалды ақпаратты өңдеуге және қайта құруға, түрлендіруге байланысты интеллектуалды іс-әрекеттің білімдері, біліктері мен дағдылары, операциялары мен стратегиялары ретінде қарастырылады. Эмоционалды интеллект (EQ) – адамның өзін және басқа адамдарды басқару қабілеті. Эмоционалды интеллект өзіндік сананы, импульсивтілікті бақылауды, сенімділікті, өзіндік мотивацияны, оптимизмді, коммуникативті дағдыларды, басқа адамдармен өзара қатынастарды тиімді құра білуді қамтиды. Эмоционалды интеллектінің құрамдастары (Д. Майер, П. Сэловей):
Мектепке дейінгі жаста эмоционалды даму интеллектуалды дамудан озық жүреді. Сондықтан, эмоционалды интеллектіні, яғни эмоцияларды түсіну, бақылау және басқаларға бағдарлануды, сонымен бірге басқа адамдармен ынтымақтасу қабілетін мектепке дейінгі жастағы баланың тұлғасын дамытудың негізі ретінде қолдануға болады. Мектепке дейінгі жастағы баланың мінез-құлқы біршама дәрежеде ой талқылаулармен емес, эмоциялармен реттеледі. 4-6 жаста баланың эмоционалды сферасы келесі үлгіде сипатталады:
Мектепке дейінгі жастағы баланың эмоцияларының алуан түрлі жеткілікті спектрі болады. Оның сезімдері мен толғаныстары ең алдымен, отбасы шеңберіндегі атмосферамен байланысты болады. Мектепке дейінгі жастағы бала әртүрлі интонацияларды және мимиканы қолдана отырып, сезімдерін көрсетуге қабілетті болады. Жаңа біліктер мен қызығушылықтар баланың алуан түрлі эмоцияларының біртұтас спектрінің пайда болуына, сонымен бірге қажеттіліктері мен мотивтерінің пайда болуына ықпал етеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың эмоциялары мен сезімдерінің гаммасы біртіндеп күрделенеді: ол қуанышты немесе үрейді, қызғанышты, мұңды, аяушылықты, ашу-ызаны, сергектікті, нәзіктікті, ұялшақтықты, таңғалуды, қанағаттануды және т.б. сезінуі мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы баланың әрекеттерінде интеллектуалды сәт көрініс табады, ол толғаныстар, уайымдар мен тікелей әрекеттің арасында пайда болады және балаға тән аңғал және тікелей әрекеттің тікелей қарама-қарсылығына айналады. Мектепке дейінгі жастағы баланың танымдық, әлеуметтік және тұлғалық дамуының маңызды компоненті ретінде оның басқа адамның көзқарасын түсіну және ескеру қабілеті алынады. Мектепке дейінгі жастағы бала аса алыстатылған мақсаттарды көздеуді және өзінің іс-әрекетінің ықтималды эмоционалды салдарын көруді біртіндеп үйренеді. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай эмоционалды интеллектінің құрылымы келесі қабілеттерді қамтиды:
Эмоциялар сөздігінің сандық өсу үрдісі баланың даму дәрежесіне қарай байқалады. |