Файл: Отбасы жадайында сбилік жасындаы балаларды лкендермен арым атынасы арылы тілін дамыту. Байланыстыра сйлеу трлері, зіндік ерекшеліктері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Отбасы жағдайында сәбилік жасындағы балалардың үлкендермен қарым – қатынасы арқылы тілін дамыту.
Байланыстыра сөйлеу түрлері, өзіндік ерекшеліктері.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселеге баса назар аударылады:бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын жүйесін анық,түснікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың байланысып сөйлесуіне баса назар аудару қажет;оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге төселдіру керек.
Байланысып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмыс ,сөйлем әңгіме құрастыру жұмысы жүргізіледі .Байланысып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарлаған сабақтарда ,сабақтан тыс ойын сәттерінде ,шығармаларды сахналауға ертеңгіліктерді өткізуде дамытылады.Тәрбиеші атқан ертеңгісі зейін қоя тыңдап , мазмұнын ауызша қайталап айтуда, әңгімелеп беруде ,грамматикалық тұлғада дұрыс байланысып сөйлеуге үйретіледі.
Тәрбиеші-педагогтар,ата-аналар баланың кез-келген уақытта берген жауыбының толық,дауысының анық ,ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек.
Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог. Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.
Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.
Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.
Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.
1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.
2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.
3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.
4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.
5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.
Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.
Әңгімелету әдісі баланы монолог түрінде сөйлеуге үйретуді көздейді. Әңгімелету программада көрсетілген тақырыптарға сәйкес,барлық сабақта жүргізіледі.
Байланыстыра сөйлеудің мынадай стильдері болады:
1.Толық стиль көпшілікке арналған стиль немесе оны кітаби стиль деп атайды.-лекция оқығанда,жиналыста сөйлегенде,радио және телевидениеде сондай-ақ сабақта.Толық стильді сөзге анық дикция болуы керек,орташа қарқын,дауыстың күші,үйдің көлемі мен дауыс тембрімен сәйкес келеді.
2. Толық емес стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста пайдаланады. Мұнда сөздің дыбыстардың артикуляциясы және шапшаң сөйлеу немесе ұлықсат етіледі. Сөйлеу мәдениетін жеткілікті меңгерген әрбір адам жағдайға сай ешбір дайындықсыз екі стильді де пайдалана алады. Арнайы дайындалған сөз шешендік өнер немесе көркем оқу деп аталады.
Әңгімелеуге үйрету әдістері
Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.
Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).
Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік). Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.
Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету.
Өмірден («Менің анам», «Наурыз – көктем мерекесі», бақылау бойынша («Көңілді тамшылар»), сурет бойынша (Ә. Қастеевтің «Дала») әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету.
Әңгімелеп бере білу қабілеті
Әңгімелеп бере білу қабілеті бала үшін дүниетануын, өз білімін, түсінігін тексеру, бағалау білу құралы болып келеді.
Баланың әңгімелеп беру қабілетіне қалыптастыруға балабақшада үлкен көңіл аударады. Балаларды өз ойларын жүйелеп, әр бөлігін бір-бірімен байланыстырып жеткізе білуге үйрету. Мектепке дейінгі жаста ауызша монологтік тілдің екі типі қалыптасады: мәтінді қайталап айтып беру және әңгімелеу.
Бала әңгімесінде шығармашылық элементтеріде болады. Баланың мәтінді түсініп жеткізе білуі, бірақ автордың негізгі лексикасынан алыстамай, кейіпкерлерге жаны ашуы өте маңызды.
Әңгімелеу - өз бетімен бір фактыны, оқиғаны айтып бере білу. Бала тақырыпқа байланысты мазмұнын және айтып беру тілдік формасын анықтау қажет. Материалды жүйелеу, ретімен немесе жоспар бойынша айтып беру (тәрбиешінің немесе өзінің) . Бала оның әңгімесі қажет екенін сезінуі маңызды және әңгімелей білу қабілетін қостау қажет. Балаларда өздерінің әңгімелерінен қанағаттану, қуаныш сезімдері болуына жағдай жасау.
Формалары бойынша әңгімелеу суреттеу және сюжетті болады.
Суреттеу - бір заттарға немесе құбылыстарға сипаттама беру. Мұнда нақты түсініктер, бірақ образдың элементтері болу қажет. Ойлары жеткілікті түсінікті, аяқталған. Мысалы тәрбиешінің ортаңғы топтағы ойыншық үйректің сипаттамасы: «Бұл үйрек. Ол сары, мамық. Көздері үлкен қара тиектей. Өзі үлкен және жуан, қанаттары құрттай.».
Суреттеу әңгімелердің – салыстырмалы және түсіндірмелі түрлері болады. Түріне қарай екі түрлі затты салыстырып айтып береді.
Түсіндірмелі әңгімелеуде - бала өз ойын жеткізеді, әрекеттерді көрсете алады. Мысалы бала екінші балаға қандай да болса затты, ойыншықты қалай дұрыс қолдану , қалай ойыншықпен ойнау қажет екенін түсіндіріп береді.
Сюжетті әңгімелеу - бұл бір уақытта болған, кейіпкерлері бар әңгіме. Балаларға сюжетті әңгімелер туралы түсінік беріледі – бірінші кейіпкерлерін атайды, кейде олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріледі, соңынан бірінші оқиғаның қай жерде болғаны туралы артынан 2-3 эпизодтардың арасындағы байланыс, ең соңында аяқталуы жөнінде айтады.
Үшінші түрі – шығармашылық әңгіме болып есептеледі. Бала өзі ойластырып айтады, бірақ бала суреттегі кейіпкер туралы, көрмей тұрған зат туралы ойдан шығарып айта алады.
Немесе қолында ұстап тұрған ойыншықтар туралы әңгіме құрастыра алады.
Практикада бала түрлерін араластырып та айта алады. Тәрбиеші балаға талап қояды: бірінші не көріп тұрсын сол туралы айт, артынан ойдан шығарып айтуға болады.
Кішкентайлар тобында әңгімелеуге әзірлейді. Әңгімедегі оқиғаларды бірінен соң бірін тәрбиешінің сұрақтарына, илюстрацияларға, силуэттерге қарап әңгімелеп беруді ұсынады.
Бірнеше сөзбен өз ойларын айтқан балаларды мадақтау. Балалар тәрбиешінің әңгімесіне қатысады: аяқталмаған сөйлемдерде сөздерді аяқтайды, әңгімеде оқиғалар бір-бірінен соң келетінін байқайды.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Тілдің синтаксистік жағы байланыстырылып сөйлеу және әңгімелеуге үйрету процесі арқылы жетіледі. Төл сөз кеңінен пайдаланылады, жай, жайылма, салалас сабақтас құрмалас сөйлемдер көптеп кездеседі.Ойын-инсценировкалар драматизациялар халық ертегілерімен: «Торғай мен қарлығаш», «Түлкі мен ешкі», « Жыланның басы мен құйрығы» т.б. Жұмбақтар,мақал-мәтелдер кеңінен пайдалынады. Балалардың шығармашылығы, әңгіме құрастыру, кітапшалар жасау. Бастауышты сын есіммен байланыстыру, мысалы:сәби көңілді.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік-тапсырмалар орындату, белгілі тақырып бойынша әңгіме құрастыру өз қиялынан әңгіме, ертегі құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру керек.Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын-жаттығулар мен дидактикалық материалдар, ойындардың маңызы зор.Тіл дамыту сабағының негізгі бағыттары кез-келген сәтте бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.Олай болса, баланың тілін дамытуда алдымен сөйлеу процесін дұрыс жолға қою керек.Сонда ғана тіл дамыту әдістемесін жүзеге асыруға болады.
Тіл дамыту сабағына қойылатын талаптар:
-
Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру; -
Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу; -
Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-әрекетке пайдалана білу; -
Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына еңгізу; -
Сурет сериялары бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу; -
Заттардың аттарын, қасиетіне, белгісіне қарап ажырату; -
Монологті және диалогты сөйлеудің екі түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау; -
Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін жетілдіру; -
Оқылған шығарма, ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып, олар туралы өздігінен қорытынды жасау;
Балалар қазақша сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді қайталағанда сөйлеу екпінін дикциясын, яғни сөзге, буынға, екпінді дұрыс түсінуге үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын (ертегі кейіпкерлерінің рольін сомдау, сюжетті рольді ойындарды ойнау) баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі. Сөздік қорды дамытуда тағы да өте көп әдіс – тәсілдер қолданылады. Соның нәтижесінде ата-аналар балаларының неге қабілетті, өз тарапынан балаға қандай көмек керектігін біліп, (ертегілерді оқу, тақпақтарды жаттату т.б) көмектесіп отырады. Ата-аналар балабақша өміріне белсене араласып «Ашық есік күндеріне» ашық сабақтарға, спорттық мерекелерге, көрмелерге, ата-аналар жиналыстарына қатысады.