ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 782
Скачиваний: 52
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. 1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.
-
XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы.
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмән келтірмейтін деректерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген.
XVI ғасырда қазақ хандығы нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсті. Қасым ханның тұсында қазақ хандығында ішкі қайшылықтар жойылып, саяси және экономикалық жағынан күшейіп, шекара ұлғая бастады. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолы» жасалды. XVI ғасырдың екінші жартысында әлсірей бастаған хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі зор болды. Тәуекел ханның тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынастар нығайып, Орта Азияның сауда орталықтарына шыға бастады.
XVII ғасырда Есім хан орталықтандырылған мемлекет құруға әрекет ете бастады. Есім ханның тұсында қазақ хандығының Оңтүстік шекаралары кеңейе бастады. «Есім ханның ескі жолы » деп аталатын заң пайда болды. XVII ғасырдың екінші жартысында Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717 жж.) халықтың бірлігі, ынтымағы арта түсті. Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары жазылды. Қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңы жасалды.
XVIIІ ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылғаны белгілі.
Әз Тәуке ханның өлімінен кейін (1718 ж.) елдің бірлігі бұзылды. «ХVІІІ ғасырдың бас кезі,-деп атап көрсетті академик Бартольд,- Азия мұсылмандары үшін саяси-экономикалық, мәдениет салаларында құлдырау жылдары болып табылады». ХVІІІ ғ. басында Ш.Уәлиханов айтқандай, «қазақ халқының басына күн туды». Әсіресе, жоңғарлардың қаһарлы жүзі қазақ елінің шымбайына батты. Абылай ханның айтуынша, «ХVІІІ ғ. басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды».
Осы кезеңді пайдаланып қалмақтар қазақ жеріне шапқыншылық жорықтарын жүргізе бастады. 1710-1711 жж., 1717 ж., 1723-1725 жж., 1740-1742 жж. қазақ жеріне жоңғарлар бірнеше дүркін шабуыл жасады. Қалмақтарға күйрете соққы берген қазақ батырлары Жоңғар мемлекетін құлатты. Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалуда Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру қабілеті, дипломатиялық шеберлігі зор болды.
Қазақ қоғамының экономикалық-саяси өркендеуі ұсақ рулық дәрежеден аса алмады. Қазақ елін түгел қамтыған үлкен бір тұтас хандық мемлекет құрылуына мүмкіндік болмады. Қазақтың үш жүзі бір-бірімен өзара байланыссыз оқшау өмір сүруге тырысып бақты. Көрші елдер осы хандықтардың наразылықтарын пайдаланып, оларды біртіндеп бағындыруды көздеді.
Сыртқы жаулардың ішінде Қазақстанның ең қауіпті дұшпаны жоңғарлықтар еді. Жоңғарлар шабуылы қазақ хандығының тарихында ауыр кезең болды. Бұл - ел есінде «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» немесе «қайың сауған, ақ тышқан» жылы деп сақталған жұт жылы еді.
Қазақ хандығы төрт жүз жылға жуық өмір сүрді. Іргелі елдер қатарына қосылды. Алыс-жақын елдермен әкімшілік-саяси жағынан да, тарихи-руханияттық тұрғыдан да тұрақтылық пен байланыс орнықты. Алайда, Абылай өлімінен соң-ақ (1731ж.) Ресейдің отаршылдық саясаты күшейе түсті. Ресейдің басқыншылық-үстемдік әрекеттерінен Қазақ Ордасы құлады. Қазақ хандығы бұл тұста саяси-рухани тәуелсіздігінен айырыла бастады. Азаттық, теңдік тақырыбы күн тәртібіне өткір қойылды.
-
XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы.
1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған.
Оның тұсында ойрат-жоңғарлардың көсемі Батыр қоңтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылдарына қарсы күресті. Жәңгір хан тұсында ойрат-жоңғарлары арасында 3 ірі шайқас:
1.1635
2.1643
3.1652 жылдары болған.
1643 жылы 2 шайқаста Қазақтар жеңді. Осы жылдың қысында Батыр қоңтайшы Қазақ жерлеріне шабуыл жасайды. Ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20000 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Қоңтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып, 1652 жылы ол қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады. Бұл дәуірде Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арсында алауыздықтар мен бақталастық өршіді. Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680-1718жж тұсында Қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті. Ол бір орталыққа бағынаған Қазақ хандығын құруға күш жұмсады. Феодар шонжарларының өкілдері мен билерден құралған хандық кеңестің және билік кеңесінің рөлін арттырды. Жыл сайын ташкент қаласыны түбіндегі Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен Ұлыста арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде Төле, Әйтеке, Қазыбек билер арасында шешілді.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 23
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы.
Орбұлақ шайқасы 1643 жылдың көктемінде Қазақ хандығы мен жаңадан негізі қаланған Жоңғар хандығының арасында болды. Шапқыншылықтың басты себебі – жоңғар ақсүйектерінің қазақтардың құнарлы жайылым жерлеріне көз тігуі еді.
Жоңғар хандығының негізін қалаған Батыр қонтайшы 1643 жылы 50 мың әскерімен қазақтардың жеріне басып кіреді. Бұны естіген қазақ ханы Жәңгір уақыт оздырмай бар жоғы 600 жасағымен жауға қарсы аттанады.
Шайқас Жоңғар Алатауының етегіндегі Орбұлақ деген жерде (қазіргі Алматы облысы, Алтынемел асуы) болған. Мұндағы екі таудың ортасында қазақтар жоңғардың қалың қолына небәрі 600 әскермен 3 күндей төтеп береді. Шайқастың үшінші күні Самарқаннан Жалаңтөс батыр 20 мың қолымен көмекке келіп, жоңғарларды тас-талқан етіп жеңіске жетеді.
Қазақ тарихында аса ірі соғыс саналатын бұл шайқастың жеңіспен аяқталуының басты себебі Жәңгір ханның көрегендігі еді. Ол шайқас болатын жерге алдын ала келіп, барлау жүргізіп, әскерін шабуылдауға ыңғайлы болатындай екі таудың ортасындағы терең сайға орналастырады. Кейбір деректер бойынша бұл екі таудың биіктігі 200 метр, теңіз деңгейімен өлшегенде 2000 метрге дейін барады. Жоңғар әскерінің осы қос таудың ортасынан өтетінін білген Жәңгір хан алдын ала көшпелілердің соғыс тарихында бұрын болмаған ор қазып, бекіну тактикасын қолданады. Ол ор қазып, білтелі мылтықтары бар әскерлерін ор ішіне орналастырып, екі таудың шыңына мерген садақшылары мен тас атқыш жауынгерлерін отырғызады. Жоңғарлар еш алаңсыз екі таудың ортасына кіргенде қазақтар екі жақтан бас көтертпей тас жаудыра бастайды. Тас тау болып үйіліп, жоңғар әскерінің бір бөлігі қуыстың ішінде, екінші бөлігі сыртында қалады. Дәл осы кезде қазақтар ес жинауға мүмкіндік бермей, бірден оқ жаудырып, жоңғарлардың әскерін зор шығынға ұшыратады. Осылайша Жәңгір хан шайқас нәтижесі санда емес, сапада, өрлік пен намыста екенін дәлелдейді.
Жәңгір ханның тамаша жеңісі туралы дерек тарихнамада XVIII ғасырдан бастап жазылған. Орбұлақ шайқасы туралы алғаш мәлімет берген неміс тарихшы И.Э. Фишер болатын.
Орбұлақ шайқасын қазіргі заманның тарихшылары аты аңызға айналған Фермопил түбіндегі шайқаспен, ал Жәңгір ханды Спарта патшасы Леонидпен теңестіреді. Шын мәнінде осы екі оқиғаның бір-біріне ұқсас жерлері көп. Ежелгі гректерден келе жатқан аңыз бойынша Спарта патшасы Леонид өзінің 300 әскерімен бір жағы теңіз, екінші жағын тау қоршаған тар жерде Ксеркстің 80 мың әскеріне қарсы тұрады. Ал Жәңгір ханның 600 қолы жоңғардың 50 мың әскерін жанкештілікпен Орбұлақ тұсында тоқтатып, бестен бір бөлігін жойып жіберген.
Жәңгір хан шапқыншылық заманда ел басқарып және өз өмірін халқының қауіпсіздігіне арнады. Ол сыртқы саясатқа ерекше көңіл бөлді. Шығыс Түркістан, Орта Азия, қалмақ ұлыстарымен тығыз қарым-қатынас орнатты.
Бүгінде Орбұлақ шайқасы болған жерге ескерткіш орнатылған.
-
Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
Тәуке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.
Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.
1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.