Файл: азастан тарихы мемлекеттік емтихан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 779

Скачиваний: 52

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


айналады.

Әрбір мемлекет мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттауда бірегей

тәжірибемен ерекшеленеді

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы.

Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiред

Міндеттері

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды

Құрылғаны 7 мамыр 1992

Күштер тараулары

  • Құрлық күштері

  • Әуе қорғанысы күштері

  • Әскери-теңіз күштері

  • Әуеұтқыр әскерлері

  • Ракета әскерлері мен артиллериясы

  • Арнайы әскерлер




  1. Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу.

1988 ж кеңестік «Кооперация туралы» Заң қабылдады. Дәл осы уақыттан бастап Қазақстандағы банктік жүйе қалыптасуының Бірінші кезеңі басталды. Кооперативтік қаржылық ұйымдар банктер саласындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуына негіз болды. Кооперативтік деген статус арқылы банктер несиенің уақыты мен шарттарын, пайыздық үстеменің деңгейін анықтауда, банктік қызметтің түрлі формаларын қалыптастыру мен түскен табысты пайдалануда өзіндік ролге ие болды.
Айта кету керек, Кеңес Одағындағы алғашқы кооперативті банк Қазақстанда анығырақ Шымкент қаласында «Союзбанк» деген атаумен пайда болды. 1990 ж 25 қазанда Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік суверинетті туралы Декларация қабылдады. Бұл Тәуелсіздік қарсаңындағы атаулы даталардың бірі болатын. Дәл осы жылы банк жүйесін реформалау үшін негіз болған «ҚазақССР-дегі банк және банк қызметі туралы» атты Заң қабылданды. Бірінші рет коммерциялық банк сөзіне анықтама берілді. Жекеменшік банктер мен шетелдік капиталдың қатысуымен пайда болған банктердің, ломбард, инвестициялық және зейнетақылық қор тәрізді басқада несиелеу мекемелері қызметтерінің басталу және тоқтатылу тәртібі бекітілді. Осы арқылы бұрынғы екідеңгейлі банктердің консервативтік жүйесіне тоқтау салынып, орталығы Мемлекеттік банк , екінші деңгейде коммерциялық банктер болатын, нарықтық банк жүйесі пайда болды. Мембанктің статусына да қатысты өзгерістер болды. Енді ол респбуликаның барлық банктік жүйесі туралы туралы барлық есепті Жоғары Кеңеске тапсыратын болды.
Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ақша бірлігі қүрайды. Қазақстан ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы «Қазақстан Ұлттық валютасын еңгізу туралы» жарлығы негізінде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға еңгізілді. Сөйтіп Қазақстанның ұлттық ақшасы мен валюталық жүйесі бүрыңғы КСРО республикасының ақшасымен валюталық жүйесінен дараланды. Қазақстан Республикасы ақша бірлігі (ұлттық валюта) болып теңге бекітілді. Ол 100 тиыннан түрады. Қазақстанның айналымдағы ақша белгілері банкноттар мен монеталардан қүралады. ҚР Ұлттық Банкінің айналымға шығарған банкноттары мен монеталары Республиканың бүкіл аумағында барлық төлемдер үшін, есепшотқа салу үшін, сақтау үшін, аудару үшін, акредитивтерге айналдыру үшін ешбір шектеусіз қабылданады. Ақша қаражаттарын шығару, олардың айналымын үйымдастыру және айналымына шек қою тек қана Ұлттық банктің шешімімен жүзеге асады. Банкноттар мен монеталардың қажетті санын анықтаушы, оларды өндіруді қамтамасыз етуші және сақтаушы да Ұлттық Банк болып табылады.

Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер.

Политологиялық тұрғыда шекараны ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіреді. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже.



Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді.

Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.

Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т.б.) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады.

Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады.

Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады.

Ресми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қара-уылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер – Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды.

ҚР Мемлекттік шекарасы

ҚР Мемлекттік шекарасы – Қазақстан территориясындағы құрлықтың, судың, жер қойнауының және әуе кеңістігінің шегін анықтайтын түзу сызық, сол сызық арқылы өтетеін жазықтық.

ҚР Мемлекттік шекарасын белгілеу

ҚР-ң мемлекттік шекарасы жергілікті аймақтарда нақты көрінетін шекаралық белгілермен белгіленеді. Шекаралық белгілердің түрлері,өлшемдері,олардыңсипттамасы мен құру тәртібі ҚР Министрлер кабинеті мен халықаралық шарттар арқылы анықталады


  1. Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.

2022 жылғы 16 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Жолдауы жарияланған болатын.

Мемлекет басшының Жолдауы еліміздің таяу жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жолын айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат.
Осыны ескере отырып, Жолдаудың негізгі басымдықтарын қала жұртшылығының арасында түсіндіру мақсатында, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің ұжымымен, тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Умирбаева Д.С. мекемеде іс-шара ұйымдастырып, ақпаратты толықтай жеткізіп, хабарлады.
Жолдау 5 бөлімнен тұрды:


  • Заман талабына сай тиімді мемлекет

  • Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика

  • Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі

  • Қуатты өңірлер - қуатты ел.

Жолдаудың 7 көздеген нысаны:


  • Пандемиядан кейінгі экономикалық даму

  • Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.

  • Сапалы білім беру

  • Өңірлік саясатты жетілдіру

  • Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру

  • Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау

  • Ұлттың ұйысуы - одан әрі дамудың басты факторы.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өзгерістер туралы айтты, Бұл уақыт тарих беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының - Жаңа Қазақстанның бастауы болады. Президент әрбір сөзінде халықтың пікіріне құлақ асып шешім қабылдағанын жеткізді. Соның ішінде жаңадан облыстар құру Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты атау берудің астарында зор мағына бар. Ерекше бір айта кететіні халық егер қарсы болмаса Қапшағайдың атауын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың атына берудіде ұсынды!


  1. Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.

Білім жүйесіндегі реформалар

Білікті мамандар даярлау ісінде адамдарға қазіргі заманға сай озық білім берудің маңызы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі»,-деп атап көрсетті. Елбасы осы ойын дамыта келіп, «бізге экономиканы және қоғамдық өмірді жаңа сатыға көтеру қажеттігіне сай осы заманғы білім беру жүйесі керек» екендігіне назар аударды.
Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына (концепциясына) сәйкес жасалады. Бұл жүйе: отбасылық тәрбие; мектеп жасына дейінгі тәрбие; жалпы орта білім беру: мектептен тыс тәрбие мен оқыту: кәсіптік-техни калық, орта арнаулы, жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім (аспирантура, докторантура т.б.) беру; кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; қосымша білім беру(екінші мамандық) сатыларынан құрылады.

Орта білім алу бізідің елімізде тегін. Қазіргі Қазақстан Республикасында ерекше мәртебеге ие болған мемлекеттік жоғары білім ордасында білікті мамандар даярланады.Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік бірлестікке енуі қазақстандық жастардың шет елдерде оқуына мүмкіндік туғызды.
Халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылатын 1997 жылғы Лиссабон Конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жұйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон Конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап берді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам.
Тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктерді сөз еткенде ел дамуына өлшеусіз үлес қосуы тиіс білім мен ғылым саласына тоқталмай өту мүмкін емес. Әсіресе, Қазақстан жастарына жаһандағы дамыған, оқу-тоқуы жетілген мемлекеттердің есігін ашқан «Болашақ» бағдарламасының жөні бөлек.

Әу баста «Болашақ» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылы 5 қарашадағы №1394 қаулысына сәйкес құрылды. Бұл бағдарлама 90-жылдардың күрделі кезеңіне сәйкес келгенімен, Елбасы бағдарламаның ел келешегі үшін маңызды екенін жақсы түсінген еді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміз нарықтық қатынастарға көшкен сәттегі қиындықтарға қарамастан жасалған қадамның маңызды болғанын атап өткен-ді. «Болашақ» бағдарламасын бекіту туралы қаулы қабылдаған кезде Қазақстанның төл валютасы айналымға әлі енбеген болатын. Соған қарамастан мемлекет тәуекелге барды. «Біздің «Болашақ» бағдарламасын бекіткеніміздің дұрыс болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Еліміз үшін ең күрделі болған 1993 жылы қарттарға зейнетақысын бере алмай жатқан кезде, мұғалімдер мен дәрігерлерге, әскерилерге айлығын төлей алмай жатқан тұста жастарымызды әлемнің ең үздік ЖОО-ларына жолдап жаттық. Мемлекет әрбір жас үшін жыл сайын 30 мың-50 мың АҚШ долларға дейін төлеп отырды. Міне, осы жолмен қазір 14 мың жас өрен оқып, тағы да 20 мыңын ата-аналардың өзі жіберіп отыр. Олардың 12 мыңы қайтып келіп, біздің экономикаға жұмыс істеуде» деген еді Елбасы 2019 жылы. Яғни, экономика мен әлеуметтік салаларға қаржы табылмай тұрған қиын сәтте мемлекет білімді кадрлар даярлауды бірінші орынға шығарды. Бүгінде бағдарлама өз жемісін беріп жатыр.