Файл: за мерзімді жоспарды тарауы 3в кеестік азастанны мдениеті білім мен ылым Кні Сынып 8 Мектеп Мектеп жасына дейінгі шаын орталыы бар 41 жббом.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:8.3В Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым

Күні:

Сынып:8 ә

Мектеп: «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №41 ЖББОМ» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Молдасанова Айгүл

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:


«Сатпаев – жан-жақты ғалым»
Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасы-

на сәйкес)

8.2.3.4. Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру

Сабақтың мақсаты:

Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға береді


Бағалау критерийі

Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға бере отырып, қазақтың ұлы ғалымы екендігіне дәлел келтіре алады

Тілдік мақсаттар



Мәтін мазмұнын талдау барысында оқылым,тыңдалым,айтылым жазылымдағдылары жүзеге асады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

геолог, металлогения, минералогия, семинария, Ғылым Академиясы


Құндылықтарғабаулу

Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

География, Дүние жүзі тарихы

Алдыңғы білім

XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


10минут


Ұйымдастыру кезеңі

(Сәлемдесу, түгелдеу)

Психологиялық ахуал орнату, оқушылардың назарын шоғырландыру.
Топтарға бөлу.

Жіктеу бойынша топтарға деңгейлері әр түрлі оқушыларды аралас ретпен отырғызуға бағытталады.

Ақ, Көк, Сары түстер арқылы топқа бөлінеді.

Топ аттарын анықтау.«Адасқан әріптер» әдісі бойынша әр топ әріптерді құрастырып топ аттарын табады.Топ аттары сабақ барысына байланысты алынған.

1-топ: «Тарих»,

2-топ: «География»,

3-топ: «Алгебра»

1-Тапсырма.

Үй тапсырмасын сұрау. «Сиқырлы ұяшық» әдісі бойынша жалпы

оқушылар ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

Бұл тапсырма оқушылардың бойында жеке жұмыс істей білужәне сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға тиімді.


Тұлғалар

10

20

Жылдар

10

20

Суреттер

10

20

Деректер

10

20




Тұлғалар





Жылдар

1934 жыл

1926жыл

Суреттер





Деректер

1934 жылы астанада инженер- техникалық мамандарды даярлайтын бірінші жоғары оқу орны.... ашылды.

1928 жылы институт Алматыға көшіріліп, алғашқы Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылды. Оған 1935 жылы .......... берілді.


Декрипторлар:

  1. Тұлғалардың кім екендігін және атқарған қызметі туралы анықтайды

  2. Берілген жылдарда қандай оқиға болғандығын анықтайды

  3. Берілген суреттерде қандай оқиға бейнеленгендігін анықтайды

  4. Келтірілген деректер қандай оқиғаға қатысты жазылғандығын анықтайды.

Кері байланыс: «Көршіңе бір сөз таңда:Сен жарайсың! Себебі... Сенің пікіріңе мен қанағаттанамын, десе де сенің мүмкіндігің оданда зор, сол үшін...» әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді.
Қалыптастырушы бағалау . «Бас бармақ» көрсету арқылы бағалайды.

Өзгелерді жігерілендіру үшін ынталандырушы бағалау.
Тапсырманы орындау уақыты: Әр ұяшықтағы тапсырманы орындауға 1 минуттан уақыт беріледі. (барлығы 6 минут)
Қолдау көрсету. Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар тұлғаны, немесе суреттегі оқиға және берілген жылдар бойынша сұрақтарға жауап беруге қиналған жағдайда, оларға жетелеуші сұрақтар қойылады
Қорытынды.Тапсырманы қорытындылап, оқушылармен кері байланыс жүргізу кезінде «Ұяшықтардағы тұлғалар мен оқиғалардың ортақ белгісі қандай?» деген сұрақ қойылады.



слайд, интербелсенді тақта



Сен білесің бе?

https://youtu.be/fscaANKp6Tw



Сабақтың ортасы

15 минут



«Кинометафора» әдісіарқылы оқушылардың ойларын қозғау мақсатында «Дара тұлға». Оқу-танымдық анимация. Қаныш Сәтбаев » атты 3минуттық видеоролик көрсетіледі. «Түртіп алу» әдісі арқылы оқушылар керекті мағлұматтарды дәптерге жазып отырады.

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардан «Ашық микрофон» әдісі арқылы «Видеороликте кім туралы айтылады?» деген сұрақ қойылады. Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, сабақ тақырыбы осы тұлғамен байланысты екендігін анықтайды. «Өткен тақырыппен қандай байланысы бар?» деген жетелеуші сұрақ қою арқылы Қаныш Сәтбаевтың қазақ ғылымына еңбек сіңірген ғалым екендігін анықтайды. Оқушылармен бірге сабақ мақсатын талқылаймын.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.

Себеп және салдар тарихи концептілер негізінде оқыту.

2-Тапсырма.

Галерея әдісі.Топпен орындайтын жұмыс. Оқушылар тақтада ілінген тұлғалардың фотосуретінен Қаныш Сәтбаевты тауып, берілген тұлғаның атқарған қызметтерін сәйкестендіріп табулары керек. Тапқан мәліметтеріне әр түрлі ресурстарды пайдалана отырып дәлелдеме келтірулері қажет. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың бойында жеке және топпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
1. Берілген суреттердің ішінен Қаныш Сәтбаевты табу

2. Қаныш Сәтбаевтың атқарған қызметін анықтау.

3. Сәйкестендірілген мәліметтерге әртүрлі ресурстарды пайдалана отырып, Қаныш Сәтбаевтың ғылымның дамуына қоқан үлесіне баға береді.







Дескрипторлар:

  1. Фото суреттердің ішінен Қаныш Сәтбаевты табады

  2. Қаныш Сәтбаевтың ғылым салаларында атқарған қызметін дұрыс табады.

  3. табылған мәліметтерге дәлелдеме келтіріп, баға бере алады.


Бағалау. «Лайк» әдісі бойынша топтар бір-бірінің жұмыстарының ұнаған/ұнамаған тұстарының себебін түсіндіріп баға береді.
Қарқыны.Сыныпта әр түрлі деңгейлі оқушылар отыруына байланысты тапсырманы орындау үшін 5 минут беріледі.
Диалог. Қолдау. Оқушылар суреттерді талдау кезінде топта диалогқа түседі. Тапсырманы орындау кезінде белсенділік танытпай тартыншақтап отырған оқушыларға жетешелуші сұрақтар қойылады. Мысалға: Сәтбаев деген кім еді? Деген сияқты сұрақ қою арқылы оқушыға тапсырманы орындауға қолдау көрсетемін.
Бағалау. Тапсырманы толықтай орындаған топқа немесе жекелей оқушыларға жоғары бағалау береміз. Өзгелерді жігерлендіру үшін бағалаудың уәждеу функциясын пайдаланамын..
Қорытынды: оқушылармен «Сәтбаев деген кім және атқарған қызметі қандай болған» деген сұрақ қою арқылы кері байланыс жүргіземін.


https://www.youtube.com/watch?v=Tp0rt_PJj1o


Оқулық, интернет көздері, фотосуреттер



Сабақтың соңы

10 минут

Қорытындылау. Жұптық жұмыс. «Ашық хат» әдісі

Қ.Сәтбаевтан келген хаттағы сұрақтарға жауап береді.
1.Оқушылардың топ аттары неге байланысты «Алгебра», «География», «Тарих» деп бөлінді. (Қаныш Сәтбаевтың еңбексіңірген ғылым салалары)

2. Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөлі қандай болды ? ( Алғаш алгебра оқулығын жазған, Затаевичке 25 халық әнін берген, еліміздің металлургия базасын жасаған және т.б. )

3. Қазіргі кезде Сәтбаевтың аты берілген ғимараттарды т.б. нәрселерді атаңыз . (көшелерге есімі берілген, ескерткіштері орнатылған, сатпаевит минералы, Сәтбаев қаласы, Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Қазақстан Ғылым Академиясының Геология институты осы кісінің атымен аталады. )

4. Сәтбаев ғылымның қандай салаларына еңбек сіңірді? Қысқаша мысал келтіру (геология, геолог, металлогения, минералогия, математика, қазақстан тарихы, география т.б. )
Дескрипторлар:

1. Оқушылардың топ аттары неге байланысты екендігін айта алады

2. Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға бере алады

3. Қазіргі кезде Сәтбаевтың аты берілген ғимараттарды т.б. нәрселерді атай алады

4. Сәтбаев ғылымның қандай салаларына еңбек сіңііргендігіне мысал келтіре алады
Қалыптастырушы бағалау. Ауызша мадақтау, алғашқы орындап болған жұптарға «Өте жақсы», «Керемет!», «Жарайсың!» деп мадақтаймын.Әлі толық таба алмай отырған оқушыларға «Неге олай ойладың», «Тағы не қосуға болады екен?», - деп ой бөлісіп алғажетелеймін.
Қарқыны.Сыныпта әр түрлі деңгейлі оқушылар отыруына байланысты тапсырманы орындау үшін жұптарға 7 минут беріледі.
Диалог. Қолдау. Тапсырманы орындау кезінде белсенділік танытпай отырған жұптарға жетешелуші сұрақтар қойылады. Мысалға: Сәтбаев туралы тағы қандай мәлімет білесіз? Деген сияқты сұрақ қою арқылы оқушыға тапсырманы орындауға қолдау көрсетемін.
Бағалау. Тапсырманы толықтай орындаған жұпқа жоғары бағалау береміз. Өзгелерді жігерлендіру үшін бағалаудың уәждеу функциясын пайдаланамын.


«Ашық хат»





Кері байланыс

3 минут


Рефлексия.

Жеке жұмыс: «Құнды, Қиын, Қызық» әдісі бойынша бүгінгі сабақта тақырыпқа байланысты Не құнды болды? Неден қиналдым? Не қызық болды? сұрақтары бойынша кері байланыс орнатып, кестені толтырады.


Құнды

Қиын

Қызық











Үйге тапсырма:
«Қ.Сәтбаевтың Қазақстандық ғылымды дамытудағы рөлі» тақырыбы бойынша қосымша ақпараттарды оқып, кестені дәптерге толтыру.


Қ.Сәтбаевтың ғылыми қызметі

практикалық пайдасы







қорытынды















Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек оқушыларға қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар берер едіңіз?

«Кинометафора» әдісі бойынша оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

«Галерея » жаттығуы бойынша оқушылар сабақтың мақсатын толықтай ашып, Сәтбаевтың қазақ ғылымында алатын роліне баға береді.

«Ашық хат» әдісібойыншажұптағы оқушылардың жеке өзінің ой-пікірін анықтау арқылы зерттеу сұрағына жауап бере отырып, білімдерін жинақтап, қорытынды шығарады.
Жіктеу арқылы оқушыларды ұйымшыл топқа бөлемін.

Дереккөздер-кейбір оқушылармен тиімді жұмыс жасаймын яғни интернет желісін пайдалану арқылы олар өздері үшін көп жаңалық ашады.Қосымша ақпарат көздерінен, ғаламтордан, кітаптардан және бейне фильмді негізге алып жұмыс жасайды
Диалог және Қолдау көрсету мақсаттарына жету үшін уәжі төмен оқушыларға көмектесіп, мықты оқушыға назар аударып ынталандыру арқылы қолдау көрсетемін.

Бағалау- оқушыларды бағалап, ынталандырамын, қателіктерін түзетемін, қолдаймын.

Қорытынды- оқушыларға түрлі әдістермен бірдей тапсырмалар беріледі. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, нәтижесі әр түрлі қабілет деңгейінде орындайды.





Бағалау:

Сіз оқушылардың берілген материалды меңгеру немесе игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Бағалау арқылы оқушыларды ынталандырамын, қолдап отырамын.

Оқушылар бірін-бірі «Бас бармақ»көрсету арқылы және

«Лайк әдіс»і арқылы бағалайды. Ауызша мадақтау арқылы , алғашқы орындап болған жұптарға «Өте жақсы», «Керемет!», «Жарайсың!» деп мадақтаймын.Әлі толық таба алмай отырған оқушыларға «Неге олай ойладың», «Тағы не қосуға болады екен?», - деп ой бөлісіп алғажетелеймін.

Мұғалімнің сабақ барысында үнемі бағалауы жүріп отырады.
Әр тапсырмаға кері байланыс беріп отырамын. .







Сыныпта денсаулық пен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.


Сыныпта санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау;АКТ (интерактивті тақта) жұмысын пайдалану ережесі;



Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына сай дұрыс қойылған.Сабақ мақсаттарына қол жеткізілді.Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануға бағыт алдым.


Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?