Файл: 2 бжб Электростатика негіздері блімі бойынша жиынты баалау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 176
Скачиваний: 19
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№2 БЖБ «Электростатика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
8.4.1.1 - электр зарядын сипаттау
8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
8.4.1.6 - электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының
физикалық мағынасын түсіндіру
8.4.1.10 - конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау Бағалау критерийлері Білім алушы
-
Үйкеліс арқылы денені электрлендіру құбылысын сипаттайды -
Кулон заңын есептер шығаруда қолданады -
Электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын анықтайды -
Конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Қолдану |
Орындау уақыты Тапсырма І-нұсқа | 40 минут |
-
Бір – бірінен 10 см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсерлеседі. Әр шардағы арттық электрондардың санын анықтаңыздар [1] -
Сыйымдылығы 0,02 мкФ жазық конденсаторды ток көзіне қосқанда алған заряды 10-8 Кл. Конденсатор пластиналардың аралығы 5 мм болса, электр өрісінің кернеулігі неге тең? [1] -
а) Конденсаторды қолдану аймағына екі мысал келтіріңіз. [2]
b) Суретте конденсаторларды жалғау тәсілдері көрсетілген. Конденсаторлардың сыйымдылықтары сәйкесінше 4 мкФ, 5 мкФ-қа тең.
-
1 сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтау формуласын жазыңыз. [1] -
2 сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтау формуласын жазыңыз. [1] -
Екі жалғаудың жалпы сыйымдылықтарын салыстырыңыздар. [2]
-
Зарядтары 1,6 және 0,4 нКл оң зарядпен зарядталған дене бір-бірінен 20 см қашықтықта орналасқан. Осы екі зарядты тепе-теңдікте ұстап тұру үшін заряды -0,5 нКл зарядты осы екеуінің арасына q2 зарядтан қандай қашықтыққа қою керек? [3] -
Егер конденсатордың кернеуін 6 есе арттырса, ал сыйымдылығын 9 есе кемітсе, онда конденсатордың энергиясы неше есе өзгереді? [2] -
Бiр-бiрiнен кашыктыгы г = 0,2 м, радиустары R = 0,01 м болатын екi бiрдей шар керосин iшiнде озара 3,2 *10-4 Н күшпен әрекеттеседі. Шарлардын потенциалдарын аныктандар. Керосиннін диэлектрлiк өтiмдiлiгi 2,1. [3]
Жалпы балл: 16
№2 БЖБ «Электростатика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары 8.4.1.1 - электр зарядын сипаттау 8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану 8.4.1.6 - электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру 8.4.1.10 - конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау Бағалау критерийлері Білім алушы
Конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттайды
|
-
Судың ішінде нүктеліқ заряд орналасқан. Осы зарядтан 2,1 м жердегі электр өрісінің кернеулігін анықтаңыздар: [1] -
2,6*10-7 Кл зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне дейін жылжытқанда өріс 13*10-5 Дж жұмыс атқарады. Осы өріс нүктелерінің потенциалдар айырымы қандай?[1] -
а) Конденсаторды қолдану аймағына екі мысал келтіріңіз.[2]
b) Суретте конденсаторларды жалғау тәсілдері көрсетілген. Конденсаторлардың сыйымдылықтары сәйкесінше 2 мкФ, 3 мкФ, 6 мкФ-қа тең.
1 сурет 2 сурет
-
1 сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтау формуласын жазыңыз. [1] -
2 сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтау формуласын жазыңыз. [1] -
Екі жалғаудың жалпы сыйымдылықтарын салыстырыңыздар. [2]
-
Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан 40 нКл және 10 нКл екі зарядтың үшінші зарядқа әсер ететін қорытқы күші нөлге тең болу үшін осы зарядты қандай қашықтықта орналастыру керек? [3] -
Егер конденсатордың кернеуін 4 есе арттырса, ал сыйымдылығын 2 есе кемітсе, онда конденсатордың энергиясы неше есе өзгереді? [2] -
Бiр-бiрiнен кашыктыгы г = 0,3 м, радиустары R = 0,02 м болатын екi бiрдей шар керосин iшiнде озара 3,2 *10-4 Н күшпен әрекеттеседі. Шарлардын потенциалдарын аныктандар. Керосиннін диэлектрлiк өтiмдiлiгi 2,1. [3]
Жалпы балл: 16
Бағалау критерийлері | Тапсыр ма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Электр өрісінің кернеулігін анықтайды | 1 | Электр өрісінің кернеулігінің формуласын қолданып есептейді | 1 |
Потенциалдар айырымын анықтайды | 2 | Потенциалдар айырымының формуласын қолданады | 1 |
Конденсатордың сыйымдылығын анықтайды | 3 | Конденсаторларды қолдану аймағына мысал келтіреді | 2 |
Жалпы сыйымдылықтардың формуласын жазып, есептейді, салыстырады | 4 | ||
Зарядтардың арасындағы арақашықтықты анықтайды | 4 | Кулон заңын қолданады | 3 |
Конденсатордың энергиясының өзгерісін анықтайды | | Конденсатордың энергиясының формуласын қолданады. | 2 |
Шарлардың потенциалын анықтайды | | Кулон заңының формуласын, потенциалдың формуласын қолданады | 3 |
Жалпы балл | | | 16 |