Файл: Потанин жалпы орта білім беру мектебіні 20222023 оу жылындаы бастауыш жне негізгі орта, орта білім беруді жмыс оу жоспарына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.11.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Потанин жалпы орта білім беру мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы бастауыш және негізгі орта, орта білім берудің жұмыс оқу жоспарына
Оқу жылы көлемінде келесідегідей мақсаттарды жүзеге асыру әкімшілік назарында болды:
-
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді жан-жақты қолдана отырып, оқушылардың сабаққа мотивациясын, интербелсенділігін арттыру; -
Педагогтардың іс-әрекетін өз пәнін жетік меңгерген жаңашыл, әдістемелік қызметін жаңа мазмұнда құра білетін, білім берудің мотивациясылық негізін меңгеруге бағыттау; -
Сапалы білім беруді қамтамасыз ету, зияткер, ғаламдану дәуірінде өмір сүруге қабілетті және рухани жағынан дамыған табысты тұлғаны қалыптастыру.
Мектептің даму бағдарламасын негізге ала отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асыру жүйеленді:
-
білім мазмұнын жаңғырту және мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында педагогикалық ұжымның құзыреттілігін жетілдіру, мұғалім көшбасшылығы арқылы тиімді кәсіби дамуды жалғастыру; -
оқушыларының танымдық және эмоциялық зиятының деңгейін дамытуға бағытталған функционалдық сауаттылықты арттыру жолдарын жүйелеу; -
жеке тұлға даярлауға бағытталған оқыту мен сыныптан тыс пәндік шаралардың, апталықтардың рөлін арттыру.
Потанин жалпы орта білім беру мектебінің 2022-2023 оқу жылында 22 сынып бар. Барлығы 146 оқушы оқиды.Оның ішінде бастауыш сыныптарда 68 оқушы, 5-9 сыныптарда 68,10-11 сыныптарда 10 оқушы қамтылған. 2 оқушы үйден оқытылады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығы «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуы туралы», Павлодар облысы Білім беру басқармасының № 2-02/395, Аққулы ауданы білім бөлімінің 17.08.2022 № 180, мектепішілік 17.08.2022 жылғы № 1-03/85-1 бұйрықтарына сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған Мектепте оқу-тәрбие жұмыстары
–«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
–«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы);
– «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы);
– «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы);
− «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы);
− «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы);
− «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы);
− «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы); сүйене отрылып жасалды.
«Вариативтік компонент:
1-4 сыныптарда -4 сағат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттер»курсына -3 сағат, 5-8 сыныптарда курс бес бірлікті қамтиды: «Парасаттылық және этика», «Азаматтық және патриотизм», «Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық», «Тіршілік қауіпсіздігі», «Экологиялық мәдениет», 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану» юниті қосымша енгізілді.
Әр сынып үшін сағат саны мен күтілетін нәтижелерді көрсететін әр түрлі бірліктер ұсынылды. Ұсынылған курс тақырыбы 5-9 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалды.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» юнитін зерттеу тек 9-сыныпта ұсынылады. 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастыруға, білім алушыларда этномәдени және дінаралық келісім негізінде азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
10-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін» оқи отырып, білім алушылар кәсіпкерлік негіздерін, қаржылық сауаттылықты үйренеді, экономика, менеджмент, маркетинг бойынша базалық білім алады, қазіргі нарықтық жағдайларда дербес қызмет ету үшін қажетті кәсіпкерлік ойлау дағдыларын меңгерту.
-
«Математикалық сауаттылық» курсы апталық жүктемесі 1сағат. -
10 -сыныпта «Геоэкономика және заманауи халықаралық қатынастар» тақырыбында аптасына 1 сағат,
11 сынып
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін»,
«Биофизика және экология» курсы ұйымдастырылды,аптасына 1 сағат;
11 –сыныпта «Гелектика және селекция негіздері» тақырыбында аптасына 1 сағат ұйымдастырылды.
-Пән мұғалімдері аталған курстарға арнайы авторлық бағдарламалар құрастырып, жұмыс жасайды.