Файл: Орта мерзімді жоспар Геометрия пні 7сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.11.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Орта мерзімді жоспар

Геометрия пәні

7-сынып

Өтілу мерзімі

Сағат саны

Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы

Үйрену барысын бағалау

Негізгі дерек көздері, құрал-жабдықтар

1

2

3

4

5

6

7

8




13

Геометрияның алғашқы ұғымдары

Мақсаты:

Жазықтықтағы негізгі фигуралар және оларға берілген есептерді шешуді меңгерту


А:

Геометриялық негізгі фигураларды, аксиомаларды біледі. Бұрыштың және олардың түрлерінің анықтамасы мен қасиеттерін біледі;

В:

Аксиомалар мен бұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады;

С:

Геометриялық негізгі фигураларға берілген күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері: Стикердегі диалог әдісі, деңгейлік сұрақтар қойып үй тапсырмасын тексеру: «Сұрақтарды ұстап ал!» ; «Стикердегі диалог» әдісі ; «numbered heads together» ; «Ыстық орындық» әдісі;

«Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісі; «ББҮ» кестесі.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану. Оқытудағы жаңа тәсілдер: топтық әңгіме, жұптық әңгіме, зерттеушілік әңгіме.

Топтық жұмыста барлығына бірдей қолжетімді тапсырмалар беру.

Деңгейлік тапсырмалар; топтық, жұптық және жеке жұмыстар.

Формативті бағалау: бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, топтардың өзара бағалауы. Оқушыларды қолдау, мадақтау әдістері, кеңес беру және суммативті бағалау

А.Шыныбеков,

Геометрия 7, «Атамұра» баспасы, 2012 жыл,

К.Букубаева,

А.Миразова,

Геометрия 7, «Мектеп» баспасы, 2012 жыл, дидактикалық материалдар, жұмыс дәптері, қалам, маркер, флипчарт, электрондық оқулық, интернет желісі, презентация.

02.09.14.

1

Геометрияның негізгі ұғымдары. Геометриялық фигура ұғымы. Нүкте, түзу және олардың өзара орналасуы Мақсаты:

Оқушыларға геометриялық фигура ұғымы және геометрияның негізгі ұғымдарын меңгерту

А:

Геометрияның негізгі ұғымдарын біледі;

В:

Нүкте және кесіндінің белгіленуін жаза алады, берілгені бойынша сурет салады;

С:

  • Тақырып бойынша берілген күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындайды.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері: топтық әңгіме


Топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.


Критерийлер арқылы өзара топта бағалау. Оқушыларды мадақтау.

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, бағалау парағы, презентация.

04.09.14.

1

Сәуле(жартытүзу). Кесінді. Кесінділерді өлшеу. Жазықтық

Мақсаты:

Сәуле дегеніміз не?

Кесінді дегеніміз не?

А:

Оқушы сәуле және кесіндінің анықтамаларын біледі;

В:

Анықтаманы және қасиеттерді есептер шығаруда қолдана алады;

С:

Тақырып бойынша берілген есептерді талдай отырып, геометриялық фигураларды өз бетімен дұрыс кескіндей алады.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Сұрақтарды ұстап ал!» әдісі, жұптық әңгіме

Жұптық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау, жұптардың өзара бағалауы.

Оқушыларды мадақтау.

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, бағалау парағы, рефлексия парағы.


09.09.14.

1

Көпбұрыштар

Мақсаты:

Көпбұрыш дегеніміз не?

А:

Оқушы көпбұрыштың анықтамасын және олардың түрлерін біледі;

В:

Оқушы анықтаманы есептер шығаруда қолдана алады;

С:

Тақырып бойынша күрделі есептерді өз бетінше шығара алады

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Сұрақтарды ұстап ал!» әдісі; жұптық әңгіме

Деңгейлік тапсырмалар; жұптық жұмыстар.

Критерийлер арқылы жұпта өзара бағалау. Оқушыларды мадақтау.

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, бағалау парағы, презентация.

11.09.14.

1

Көпжақтар (куб, тікбұрышты параллелепипед, пирамида)

Мақсаты:

Оқушыларға куб, параллелепипед, пирамида тақырыптарына берілген есептерді шешуді меңгерту

А:

Оқушы куб, параллелепипед, пирамиданың төбелері, жақтары, қырларының санын біледі;

В:

Кубтың және параллелепипедтің көлемдерінің формулаларын есептер шығаруда қолдана алады;

С:

Күрделі тапсырмаларды дәлелдей отырып шешеді.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Ыстық орындық» әдісі;

жұптық әңгіме

Жұптық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Бағалау критерийлері арқылы жұптардың өзара бағалауы.

Оқушыларды мадақтау.


Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, презентация, бағалау парағы

16.09.14.

1

Фигуралардың теңдігі

Мақсаты:

Тең фигуралар дегеніміз не?

А:

Оқушы тең фигуралардың және тең кесінділердің анықтамаларын біледі;

В:

Оқушы анықтаманы есептер шығаруда қолдана алады;

С:

Оқушы күрделі тапсырмаларды дәлелдей отырып шешеді

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Ыстық орындық» әдісі,

топтық әңгіме;

«Сұрақ-жауап»

Топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Кері байланыс.

Критерийлер арқылы өзара топта бағалау. Оқушыларды мадақтау.

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, презентация.

18.09.14.

1

Бұрыш, бұрыштың градустық өлшемі және оның қасиеттері

Мақсаты:

Оқушыларға бұрыш және оның қасиеттерін есептер шығаруда қолдануды меңгерту

А:

Оқушылар бұрыштың анықтамасын және оның қасиеттерін біледі;

В:

Оқушы қасиеттерді есептер шығаруда қолдана алады;

С:

Күрделі есептерді дәлелдей отырып шешеді.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Сұрақтарды ұстап ал!» әдісі; топтық әңгіме

Топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Кері байланыс.


Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау, өзара топта бағалау. Оқушыларды мадақтау.

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, бағалау парағы, рефлексия парағы, презентация.

23.09.14.

1

Бұрыш, бұрыштың градустық өлшемі және оның қасиеттері

Мақсаты:

Оқушыларға бұрыштың градустық өлшеміне берілген есептерді шешуді меңгерту

А:

Оқушы градусты минутқа және секундқа айналдырады;

В:

Бұрышты түрлендіруге берілген есептерді шеше алады;

С:

Тақырып бойынша күрделі есептерді дәлелдей отырып шешеді.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Қатесін тап!»әдісі; «Стикердегі диалог» әдісі

Жұптық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Кері байланыс.

Критерийлер арқылы өзара жұпта бағалау. Оқушыларды мадақтау.

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, бағалау парағы, презентация.

25.09.14.

1

Бұрыштың биссектрисасы

Мақсаты:

Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

А:

Оқушы бұрыштың биссектрисасының анықтамасын біледі;

В:

Оқушы анықтаманы есептер шығаруда қолдана алады;

С:

Тақырып бойынша күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Сұрақтарды ұстап ал!» әдісі; жұптық әңгіме

Топтық және жұптық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Кері байланыс.

Критерийлер арқылы өзара жұпта бағалау. Оқушыларды мадақтау.

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, бағалау парағы, рефлексия парағы, презентация.

30.09.14.

1

Геометрияның аксиомалары. Теорема және теореманы дәлелдеу

Мақсаты:

Оқушыларға аксиомаларға сүйене отырып, теоремаларды дәлелдеуді меңгерту

А:

Оқушы аксиомалар мен теоремаларды біледі;

В:

Аксиомаларды теоремаларды дәлелдеуде қолдана алады;

С:

Теоремаларды өз бетімен дәлелдей алады

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Сұрақтарды ұстап ал!» әдісі; топтық әңгіме

Топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Кері байланыс.


Критерийлер арқылы топта бағалау, өзара топта бағалау. Оқушыларды мадақтау.


Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, презентация, рефлексия парақтары.


02.10.14.

1

Сыбайлас бұрыштар және олардың қасиеттері

Мақсаты:

Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?

А:

Оқушы сыбайлас бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін біледі;

В:

Оқушы қасиеттерді есептер шығаруда қолдана алады;

С:

Тақырып бойынша берілген күрделі тапсырмаларды дәлелдей отырып шешеді.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Ыстық орындық» әдісі; жұптық әңгіме; «ББҮ» кестесі

Жұптық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Кері байланыс.

Критерийлер арқылы өзара жұпта бағалау. Оқушыларды мадақтау.

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, бағалау парағы, рефлексия парағы


07.10.14.




Сыбайлас бұрыштар және олардың қасиеттері

Мақсаты:

Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?

А:

Сыбайлас бұрыштардың анықтамасын біледі;

В:

Берілген анықтаманы есептер шығаруда қолдана алады;

С:

Күрделі есептерді өз бетімен есептейді.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Сұрақтарды ұстап ал!» әдісі;

«Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісі

Топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Кері байланыс.


Критерийлер арқылы өзара топта және жұпта бағалау. Оқушыларды мадақтау.


Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, презентация, бағалау парағы, рефлексия парақтары.


09.10.14.




Вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері

Мақсаты:

Оқушыларға вертикаль бұрыштардың қасиеттерін есептер шығаруда қолдануды меңгерту

А:

Оқушы вертикаль бұрыштың анықтамасын және қасиеттерін біледі;

В:

Оқушы вертикаль бұрыштардың қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады;

С:

Оқушы тақырып бойынша берілген күрделі тапсырмаларды дәлелдей отырып шешеді

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері:

«Ыстық орындық» әдісі;

Жұптық әңгіме

Жұптық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Кері байланыс.


Критерийлер арқылы жұпта өзара бағалау. Оқушыларды мадақтау.


Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, презентация, бағалау парақтары.


14.10.14.

1

Бақылау жұмысы №1 «Негізгі фигуралар мен аксиомалар»

Мақсаты:

Оқушылардың өткен тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, қорытындылау

А:

Оқушы геометриялық негізгі фигуралар мен аксиомаларды, сыбайлас бұрыштардың анықтамасы мен қасиетін біледі;

В:

Оқушы сыбайлас бұрыштардың қасиетін шығаруда қолдана алады;

С:

Оқушы күрделі тапсырманы дәлелдей отырып шешеді.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.


Жеке жұмыс

Суммативті бағалау

Бақылау жұмыс тапсырмалары, бақылау жұмыс дәптері, қалам, қосымша парақ.


Орта мерзімді жоспар бойынша жазба

7-сынып бойынша геометрия пәнінен «Геометрияның алғашқы ұғымдары» тарауына арналған орта мерзімді жоспарды жеті модульдің идеяларын кірістіре отырып құрдым. Жоспарда білім берудегі жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, дарынды оқушылармен жұмыс, білім беруді басқарудағы көшбасшылық, бағалау модульдерін қолдандым. Пәннің ерекшелігіне байланысты сыни тұрғыдан ойлау және дарынды балалармен жұмыс математика сабағындағы оқушылардың білімдерін кеңейту мен өз бетімен жұмыстануын қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ білім беруде ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдану пән бойынша білім беруді жеңілдетеді. Өйткені оқушы ғаламтордан көптеген мәліметтерді алып, пайдаланады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес деңгейлік, кеңейтілген тапсырмаларды беру олардың білім деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік береді.

Жоспардағы тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылған. Жаңа форматты білім алу тұрғысында мұғалім бір сабағында барлық деңгейдегі оқушылардың қабілеттік сұранысын ескере отырып, талантты және дарынды балаларды оқыту модулі де кірістірілген. Оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі сабақтағы мұғалім әрекетіне негізделіп енгізілген. Сондай-ақ жаңа форматта білім беру үшін мұғалім мен оқушының мақсатты іс-әрекетін бақылау үшін бағалау модулін сабаққа кірістірілді. Орта мерзімді жоспарда толықтай формативті бағалау қолданылды. Орта мерзімді жоспар тарау және тақырыптар бойынша мақсаты, күтілетін нәтиже, қолданылатын әдіс-тәсілдер,барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстары, үйрену барысын бағалау, қажетті құралдарға нұсқау беретін бағандардан тұрады. Әр тақырыпқа нақты бағандар толық жоспарланып жазылған. Орта мерзімді жоспар математика пәні бойынша берілген бағдарлама аясында жасақталды.