Файл: Бектемін Оу ісіні орынбасары Т. Оспанов за мерзімді жоспарды тарауы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бекәтемін» Оқу ісінің орынбасары Т.Оспанов
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: № М.Қаратаев атындағы жалпы орта | ||||||||
Күні: 28/10/2021 | Мұғалімнің аты- жөні: Кенжебекова | ||||||||
Сынып: 6 б | Үйден оқыту | Жамшит Жансая | |||||||
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру; 6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру; | ||||||||
Сабақтың мақсаты: | оқушы: Бүтін, рационал сандарды салыстыруды біледі. Рационал сандарды салыстырудың барлық анықтамаларын қолданып, есептер шығарады. Санның модулі бойынша салыстыруға есептер шығарады. | ||||||||
Бағалау критерийі | Бүтін - рационал сандарды салыстырады. Рационал сандарды салыстырудың барлық анықтамаларын қолданып, есептер шығарады. Санның модулі бойынша салыстыруға есептер шығарады. | ||||||||
Тілдік мақсат: | Пәнге тән лексика мен терминология: Оң сандар, теріс сандар Салыстыру, теңсіздік белгілері, модульдері бойынша салыстыру. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Координаталық түзу бойында салыстырылатын сандардың үлкені ... кескінделеді. Кез келген оң сан ... үлкен. Кез келген теріс сан ... кіші. | ||||||||
Құндылықтарға баулу | Өздігінен жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту. | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану, геометрия. | ||||||||
Алдыңғы білім | Координаталық сәуледе натурал сандарды салыстыру. Оң сан, теріс сан. Санның модулі. | ||||||||
Сабақтың барысы: | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 3 минут | Сәлемдесу. Оқушының зейінін сабаққа шоғырландыру. «Сәлемдесу» әдісі арқылы сергіту сәтін өткіземін.. Оқушымен оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау. | Парақша лар | |||||||
3 минут Сабақ ортасы 3 минут 7 минут 9 минут 2 минут 8 минут | Үй тапсырмасын тексеру «Алғашқы қадам» Интербелсенді тақтада үй жұмысының шығарылу жолы тұрады, оқушылар бір-бірінің дәптерін шеңбер бойымен алмасып тексереді. №315-316 Тарихи мәлімет Б.з.д. ІІІ ғ. Ежелгі гректік математик Диофант оң сандар мен теріс сандарды көбейтуді қолданып жүрген. Бірақ ол теріс санды дербес сан деп ойламаған, оны бар болғаны «азайтқыш» деп, ал оң санды «қосылғыш» деп есептеген. II. «Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ-жауап, әр сұрақ 10 ұпай) 1.Координаталық түзуде 0-ден оңға қарай бағытта сандар кеми ме, әлде өсе ме? 2. Координаталық түзуде 0-ден солға қарай бағытта сандар қалай өзгереді? 3.Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан.......... 4. Егер «а – оң сан» болса, жалпы түрде былай жазылады: 5. Егер «в – теріс сан» болса, жалпы түрде былай жазылады: 6. Бір таңбалы ең кіші бүтін сан... 7. Бір таңбалы ең үлкен сан... 8. Екі таңбалы ең кіші сан... 9. Үш таңбалы ең кіші сан... Дескриптор: - тұжырымдарды аяқтайды; - оң және теріс санның жалпы түрде белгіленуін жазады; - сандарды атайды; Тарихи мәлімет Б.з.д. ІІ ғ. Египеттіктерде, вавилондықтарда, ежелгі гректерде теріс сандарды білмеген. Теріс сан деген түсінік теңдеуді шешу кезінде пайда болған. Математика есептерін шығаруда Қытайда пайдаланған, онда қызыл түспен оң сандар, қара түспен теріс сандар берілген. III. «Біліктілік сайысы» әр топқа тапсырмалар беру (оң және теріс сандарды салыстыруға байланысты мысалдар келтіру немесе тест құрастыру) Координаталық түзу бойында салыстырылатын сандардың үлкені оң жақта, ал одан кіші сан онаң сол жағында кескінделеді. Кез келген оң сан 0-ден үлкен және кез-келген теріс саннан үлкен. Мысалы: 4,7-оң сан жазылуын теңсіздікпен жаз: А) 4<0 B) 4>0 C) 4=0 IV. «Білімің ұшар қанатың» оқулықпен жұмыс. Деңгейіне қарай ұпай саны беріледі. №318
№323
Дескриптор: - сандарды 0 санымен салыстырады; - екі теріс санды салыстырады; - теріс сан мен оң санды салыстырады; Тарихи мәлімет Француз математигі Рене Декарт 1637 ж «Геометрия» атты кітабында «Сандық осіте нүктемен оң сандар нөлдің оң жағында, ал теріс сандар сол жағында орналасады» геометриялық тұжырымы берілген. Сергіту сәті Тақырыпқа сай мақал-мәтел құрастырады.
........................................
.......................................
.........................................
V. «Шешуші сәт» тест жұмысы. Оқушыларға жауап жазу парақтары ұсынылады. Баламалы тест. Жауаптары иә немесе жоқ деп берілуі керек. 1) Егер санның модулі сол саннан үлкен болса, онда ол теріс сан (иә) 2) Егер санның модулі сол санға тең болса, онда ол нөл (жоқ) 3) Координаталық түзудің бойында -4,5 пен -2 арасында екі бүтін сан бар (иә) 4) Таңбалары әртүрлі екі санның үлкенінің, модулі де үлкен (жоқ) 5) -4,555 > -4,5 (жоқ) 6) Егер –х > 0, онда х < 0 (иә) 7) Егер х болса, онда ол теріс емес (иә) 8) Екі оң санның үлкенінің модулі де үлкен (иә) 9) Кез келген теріс емес сан теріс саннан кіші (жоқ) 10) Нөл кез келген теріс емес саннан үлкен (жоқ) Жеке жұмыс Оқушыларға жауап жазу парақтары ұсынылады. Суретті пайдаланып, координаталық түзуде санақ басы 0-ді белгілеңдер, егер а) а және в – оң сандар а в ә) а және в – теріс сандар а в б) а және в – қарама-қарсы сандар а в в) а және в – таңбалары әртүрлі сандар.
| 2-слайд ұпайлар 4-5-слайд Оқулық Слайд 14,15 | |||||||
Сабақ соңы: 5 минут | Кері байланыс «БББ» әдісі бойынша. Білемін: Білдім: Білгім келеді | БББ кестесі | |||||||
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||
Қорытынды. «Ой қозғау» әдісі арқылы әр топқа бір тапсырмадан беріліп, топтағы әр оқушыәр түрлі қорытынды жасайды. Қарқын және тапсырма. Оқушылардың қажеттілігіне қарай «Кім жылдам» әдісі арқылы алға ілгерілеп отыратын деңгейлік тапсырмалар беремін. Қабілетті оқушылар «Сұрақтар қобдишасы» әдісі арқылы ойдан тапсырмалар даярлайды. Мысалы, таулардың биіктігін, ауа температурасын салыстыруға есептер құрастырады. Арнайы дереккөздер пайдаланылады. | Өзін өзі бағалау. «Түсінбедім», «Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес», «Түсіндім» смайликтерін көрсету арқылы.«БББ» кестесі арқылы кері байланыс береді. Сұрақтардың жауаптарын тексеріп, өзара бағалайды. Оқу мақсатына негізделген бағалау критерийлерінің дескрипторлары арқылы кері байланыс беремін. | Сыныпта техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екендігі айтылады. | |||||||
Рефлексия | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз | ||||||||
Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен? | | ||||||||
Жалпы бағамдау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )? 1: 2: Сабақты бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері,қиыншылықтары туралы не анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |