Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар аза дебиеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 87

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
«Қазақ әдебиеті» 8-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

МАЗМҰНЫ

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР Дананың сөзі-ақылдың көзі 4

  2. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР Көркем әдебиет және эпикалық сарын 10

  3. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР Махаббат және абырой 16

  4. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР Қиял мен шындық 21

    1. тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Дананың сөзі - ақылдың көзі»

Оқылатын шығарма

Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»

Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» Қорқыттың нақыл сөздері

Оқу мақсаты

8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарма үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады

  • Тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут


Тапсырма
1. Автордың замана бейнесін берудегі шеберлігіне көзқарасыңызды білдіріңіз. Өз ойыңызды дәлелдеу үшін үзінділерді қолданыңыз.
Даналардың айтары келер болды, Қияметтің қиянаты төнер болды. Ақымақтар айқаймен жеңер болды, Бұл не деген замана болды, достар?
Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті, Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті.

Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті, Бұл не деген замана болды, достар?

2. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас; Көңілі пасық ерде дәулет болмас; Жапалақ- жапалақ қар жауса да, жазға қалмас,- деген Қорқыттың нақыл сөзінің мағынасын талдаңыз.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарма үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады

1

автор шеберлігіне қатысты өз көзқарасын білдіреді

1-шумақ; 2-шумақ;



1

1

ойын дәлелдеу үшін үзінділерді қолданады

1-шумақ; 2-шумақ;



1

1

Тұтастан бөлшекке,

бөлшектен тұтасқа қарай талдайды

2

нақыл сөздің мағынасын ашады;

1

ойын жүйелі талдайды.

1

1

Барлығы

7

«Дананың сөзі - ақылдың көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»

Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» Қорқыттың нақыл сөздері

Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Шығарма үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады

Автор шеберлігіне қатысты өз көзқарасын білдіруде,

ойын дәлелдеу үшін үзінділерді қолдануда (1,2- шумақ) қиналады

Автор шеберлігіне қатысты өз көзқарасын білдіруде,

ойын дәлелдеу үшін үзінділерді қолдануда (1,2-шумақ) қателіктер жібереді

Автор шеберлігіне қатысты өз көзқарасын білдіреді,

ойын дәлелдеу үшін үзінділерді қолданады

Тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды

Нақыл сөздің мағынасын ашуда, ойын жеткізуде қиналады

Нақыл сөздің мағынасын ашып талдауда, өз пікірін жеткізуде қателеседі

Нақыл сөздің мағынасын ашады, өз ойын жеткізеді


Оқылатын шығарма Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп»,

«Балаларыма өсиет»,

Шалкиіз жырау «Би Темірге айтқан бірінші толғауы»
Оқу мақсаты 8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының

тілдік көрінісін талдау

        1. Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау


Бағалау критерийі Білім алушы

  • Тілдік ерекшелікті автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасы тұрғысынан талдайды

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын салыстырады, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары




Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма

  1. Үзіндідегі кейіпкердің сипатын ашудағы тілдік ерекшелігіне талдау жасаңыз. Сен - алтынсың, мен - пұлмын,

Сен - жібексің, мен - жүнмін, Сен - сұлтансың, мен - құлмын, Сен - сұңқарсың, мен - қумын, Жемсауыңа келгенде,

Сұлтан ием, сом жүрегім аяман! Саған дұспан - маған жау, Керекті күні алдында

Ғазизленген сұлтан жаным аяман!!


  1. Екі шығарманың тақырыбы мен идеясын салыстырып, шығармалардың тарихи құндылығына қатысты ойыңызды қорытындылаңыз.

Шығармалар

Тақырыбы

Идеясы

«Күлдір-күлдір кісінетіп»







«Би Темірге бірінші толғауы»







Қорытынды:


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тілдік ерекшелікті автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасы тұрғысынан талдайды

1

кейіпкер бейнесін ашады;

1

тілдік ерекшелігін талдайды;

1

1

Шығармалардың

2

шығармалардың тақырыбын

1

тақырыбы мен идеясын




салыстырады;




салыстырып, тарихи




шығармалардың идеясын салыстырады;

1

құндылығын бағалайды




тарихи құндылығын таниды;

1







ойын жүйелі қорытындылайды.

1










1

Барлығы

8

Дананың сөзі - ақылдың көзі бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір
кісінетіп», «Балаларыма өсиет», Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»
Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тілдік ерекшелікті автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасы тұрғысынан талдайды

Кейіпкер бейнесін ашуда, тілдік ерекшелігін талдауда қиналады

Кейіпкер бейнесін ашуда, тілдік ерекшелігін талдауда қателеседі

Кейіпкер бейнесін ашады, тілдік ерекшелігін талдайды

Шығармалардың тақырыбы мен идеясын салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

Шығармалардың тақырыбы мен идеясын салыстыруда, тарихи құндылығына қатысты ойын қорытындылауда қиналады

Шығармалардың тақырыбы мен идеясын салыстыруда,

тарихи құндылығына қатысты ойын қорытындылауда қателеседі

Шығармалардың тақырыбы мен идеясын салыстырады,

тарихи құндылығына қатысты ойын қорытындылайды
    1.   1   2   3   4