Файл: Оу масаттары 3 5 Геометриялы ытималдыты есептер шыаруда олданады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 57

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Оқу мақсаттары: 9.3.2.5 Геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолданады

9.3.2.3 Ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және есептер шығару үшін оны қолдану

І нұсқа

1.[5 балл] 1.5×4 см2 тіктөртбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 1,5 см. Тіктөртбұрышқа кездейсоқ қойылған нүкте шеңбердің ішінде болмауы ықтималдығы қандай? Жауапты мыңға дейін жуықтаңыз.

2.[3 балл] Жәшікте 90 шар,олар 1,2,…,90-ге дейін белгіленген. Жәшіктен кездейсоқ бір шар алынды. Алынған шардың 6 саны болу ықтималдығын табыңыз?

3.[3 балл] Бір уақытта екі ойын сүйегі лақтырылды. Сүйектердің жоғарғы жағында шыққан сандардың қосындысы 8 болу ықтималдылығын табыңыз?

4.[2 балл] Фабрикада сөмкелер шығарылады.100 сөмкенің ішінде 8-інде ақауы кездеседі. Кездейсоқ алынған сөмкенің ақауысыз болуының ықтималдығын табыңыз.

5. [2 балл] Такси фирмасында кәзіргі уақытта 20 көлік бар: 10 қара, 2 сары және 8 жасыл. Шақыру тапсырыс берген адамға ең жақын көлік шықты. Кездейсоқ шыққан көліктің жасыл болуының ықтималдығын табыңыз.

ІІ нұсқа

1. [5 балл] 7×6 см2 тіктөртбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 2,5 см. Тіктөртбұрышқа кездейсоқ қойылған нүкте шеңбердің ішінде болмауы ықтималдығы қандай? Жауапты мыңға дейін жуықтаңыз.

2. [3 балл ] Жәшікте 90 шар,олар 1,2,…,90-ге дейін белгіленген. Жәшіктен кездейсоқ бір шар алынды. Алынған шардың 5 саны болу ықтималдығын табыңыз?

3. [3 балл] Бір уақытта екі ойын сүйегі лақтырылды. Сүйектердің жоғарғы жағында шыққан сандардың қосындысы 5 болу ықтималдылығын табыңыз.

4. [2 балл] Емтиханға 60 сұрақ берілді, Оқушы оның 3-уін жаттамаған. Оқушыға жаттаған сұрағы түсу ықтималдығын табыңыз.

5. [2 балл] Тарелкеде 16 пирожки бар:7 балықпен, 5 вареньемен және 4 шиемен. Марат қарамай бір пирожки таңдап алды. Кездейсоқ алынған пирожкидың шиемен болуының ықтималдығын табыңыз.


Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолданады

1

шаршының ауданын табу үшін өрнек құрастырады;

1

шеңбер ауданы үшін өрнек құрайды;

1

Геометрияның ықтималдығынын анықтамасын пайдаланады;

1

шеңберге түсу ықтималдығын табады;

1

Қарама-қарсы оқиғалардың

ықтималдығын табу және жауапты дөңгелектейді;

1

Ықтималдықтың классикалық формуласын мәтін есепті шешу үшін пайдаланады

2

саны бар шарлар санын табады5, бесінші ондықта;
саны бар шарлар санын табады 5, қалған ондықтарда;

1


1

ықтималдықты формула бойынша табады;

1

3

осы оқиғалар үшін барлық мүмкін болатын нәтижелер санын табады

1

осы оқиғаға қолайлы нәтиже санын табады;

1

ықтималдықты формула бойынша табады;

1

4

барлық мүмкін болатын нәтижелер санын табады;

1

ықтималдықтың мәнін табады;

1

5

шарты бойынша қолайлы сан нәтижелерін анықтайды;

1


Кездейсоқты формула бойынша табады

1










15