Файл: Сабаты таырыбы Материялы нкте. озалыс траекториясы. Сабаты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 45

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: Материялық нүкте. Қозғалыс  траекториясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,сабақта алған білімдерін
пайдалана білуге үйрету,білімдерін байқау-бақылау;

Дамытушылық: Жаңа сабақтың ұғымын енгізу,білі дағдыларын дамыту, ізденіске
ұмтылдыру;

Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жаңа білімді меңгеру.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. «Кім көп біледі?» бөлімі.

ІІІ. «Сәйкесін тап» бөлімі.

ІҮ.  «Шапшаңдық» бөлімі.

Ү.  «Білім шыңына өрлейік»  жаңа сабақты түсіндіру.

ҮІ. «Білгенімді зердеме тоқу» жаңа сабақты пысықтау.

ҮІІ.  «Физикалық  тілде» бөлімі.

ІІ. «Кім көп біледі?»

  1. Табиғат  құбылыстары  деп нені айтамыз?

  2. «Физика»  атауы нені білдіреді және оны ғылыми негіздеген ғалымдарды атаңдар.

  3. Физиканың негізгі мақсаты неде?

  4. Қандай физикалық ұғымдарды білесіңдер?

  5. Астрономия нені зерттейді?

  6. Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістері қандай?

  7. Зат құрылысының  МКТ-ның  Ломоносов  тұжырымдаған  қағидалары қандай?

  8. Физикалық шамалар дегеніміз не?

  9. Диффузия деген не?

  10. Заттар қандай күйде бола алады және өздеріне тән қасиеттері қандай?

  11. Механикалық  қозғалыс деп нені айтамыз?

  12. «Планета» деген  сөз нені  білдіреді?

  13. Қандай  планеталарды білеміз?

  14. Птолемейше  Әлем жүйесінің құрылысы  қандай еді? Ол қандай жүйе деп  аталды?

  15. Коперник теориясы бойынша Әлемнің құрылысы қандай? Ол жүйе қалай аталады??

ІІІ. «Сәйкесін тап» бөлімі.

Физикалық дене

Автомобиль қозғалысы, мұздың еруі, доптың ұшуы

Физикалық зат

Киімге сепкен әтір иісінің ауаға жайылуы

Физикалық құбылыс

Геоцентрлік жүйе

Диффузия

Құстың ұшуы, доптың домалауы, арбаның қозғалуы

Механикалық қозғалыс

Гелиоцентрлік жүйе

Птолемей құрған жүйе

Мыс, фарфор, су, темір

Коперник құрған жүйе

Ұшақ, кітап, қалам,қасық,өшіргіш


 

ІҮ.  «Шапшаңдық» бөлімі.

0,8 м =  80  см                                       40 см  = 0,4  м

2,9 дм  = 0,29  м                                   0,25 м    = 2,5 дм

380 м  =   0,38 км                                  0,35км   =  250  м

 

Ү.  «Білім шыңына өрлейік» бөлімі.

Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.

Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады. Поезд жүретін темір жол –поездың, тас жол –автомобильдердің, ұшақтың артында қалған тұманды із-ұшақтың, соқпақ жол- жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсетеді. Қозғалыс траекториясының пішіні әр түрлі  санақ денесіне қатысты түрліше болады. Қозғалысты түзусызықты немесе  қисықсызықты деп бөледі. Мысалы:  шеңбер бойымен, парабола бойымен қозғ.

ҮІ. «Білгенімді зердеме тоқу» бөлімі.

1/ Төмендегі жағдайлардың қайсысында денені материялық нүкте деп есептеуге болады:

а) ұшақ Астанадан Мәскеуге сапар шекті.

б) конькиші жарыс мәресінен өтті. Мәнерлеп коньки тебуші еркін жаттығу орындауда.

в) ғарыш кемесінің қозғалысын Жердегі басқару орталығынан бақылайды. Екі ғарыш кемесі түйісу сәтінде.

2/ Мына денелер: метро эскалаторында тұрған адам; төмпешіктен секірген шаңғышы; тігін машинасының инесі- Жермен салыстырғанда  түзу  сызықпен қозғала ма, әлде  қисық сызықпен  қозғала ма?

 

 

 

Жаңа сабақты пысықтау.

  1. 1.      Бүкіл материалық дүниеге тән  қасиет…

а) қозғалыс        б) санақ  денесі          в)  тыныштық           г)  салыстырмалы

2. Санақ  жүйесі дегеніміз:

а/  санақ  денесі       б/   координат   жүйесі        в/   уақыт өлшейтін  жүйе        г/   санақ  денесімен  байланысқан  координата  жүйесі мен сағат

3.Қозғалыс  траекториясы  деген не?

а/  жеке  молекуланың  қозғалысы              б/  жылдамдыққа қарсы  қозғалыс            в/  қозғалыс   бағытын  анықтамайтын          г/  бір  нүктеден екінші  нүктеге   дененің орын   ауыстырғандағы  сызығы.

4.Дүниенің  гелиоцентрлік  жүйесін жасаған ғалым  кім?

а/ Аристотель        б/ Гиппарх           в/  Птолемей            г/ Коперник

5.Жердің  Күнді айнала қозғалуын қарастырғанда қай кезде Жерді материялық нүкте деп есептеуге  болады?



а/ Жыл мезгілінің өзгеру  уақытын қарастырғанда            б/ Жыл мезгілінің  ұзақтығы  тәулікпен өлшегенде                    в/ Жер мен  Күннің ара қашықтығы метрмен  анықталғанда   г/  Жыл  мерзімінің ұзақтығын  секундпен  анықтағанда

6.Көзбен  көруге  болатын  планета:

а/  Юпитер                  б/   Уран                   в/  Нептун                г/  Плутон

7. Юпитер- қазақша  аты.

а/  Қоңырақай        б/  Есекқырған          в/   Аңырақай            г/  Болпан

8. Астрономиялық  бақылау  үшін  қолданылатын аспап.

а/ термометр           б/  таразы            в/  секундомер            г/  телескоп

9.Коперниктің «Аспан сфераларының айналуы» туралы деп  аталатын еңбегі қай жылы жарық көрді?

а/  1543             б/  1503            в/  1563            г/  1643

10. Әлем  кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп  аталады?

а/  материя         б/  физикалық  дене           в/  зат              г/   материялық  нүкте

1-а                 4-г               7-б          10-а

2-г                 5-в               8-г

3-г                 6-а               9-а

ҮІІ. «Физикалық  тілде»  бөлімі.

  1. Әр заттың …… – сол  заттың  ерекшелігін сипаттайтын  ең ұсақ  бөлшегі. / молекуласы/

  2. Молекулалар мен  атомдардың  ретсіз  қозғалыстары  салдарынан  жанасып  тұрған заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп  таралуын ….  деп  атайды. /диффузия/

  3. Дененің  немесе  заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық   шама  …… деп   аталады. /температура/

  4. Дене молекулаларының қозғалыс…. неғұрлым үлкен  болса,  оның….  да  соғұрлым  жоғары  болады.    /жылдамдығы,  температурасы/

  5. Пішіні мен  көлемін  сақтау-  …. денеге тән  қасиет.   / қатты/

  6. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін  елемеуге  болатын  денені ……   деп  атаймыз.  /  материялық  нүкте/

  7. Дүниенің  центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл  жүйе…. деп  аталды. /гелиоцентрлік жүйе/

Бағалау.

Үйге  тапсырма:  §22

Сабақ тақырыбы: Жол және орын ауыстыру. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қозғалыстағы дененің орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді, яғни орын ауыстыру деп аталатын физикалық шаманы таныстыру.
Дамытушылық: орын ауыстырудың өлшем бірлігімен таныстыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: сабаққа ойын элементтерін енгізу арқылы оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: плакаттар, жұмыс дәптері, сөзжұмбақ, балықтар, штатив.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, сөзжұмбақ шешу.
Пәнаралық байланыс: математика, астрономия.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
б/ жаңа сабақтың мақсат - міндеттерін айту.
в/ Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (6 мин)
а/ Штативке ілінген балықтарды қайшымен қиып арқылы сұрақтарға жауап береді.
Дененің қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қалай аталады? (қозғалыс траекториясы)
Материялық нүкте дегеніміз не? (қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын дене)
Қисық сызықты қозғалысқа не жатады? (шеңбер бойымен, парабола бойымен қозғалыс)

ІІІ. Қызығушылықты ояту
Мақалдың физикалық баламасын табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.
Өрісті жол елге жеткізер,
Өзен - су көлге жеткізер.
Соқпақ жолға жеткізер,
Жол молға жеткізер.
Жаңа сабақты меңгеру. (15 мин)

Дененің орын ауыстыруы деп қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады. Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы сол уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
Дененің жаңа орнын табу үшін оның бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын кесіндінің бағытын да білу керек. Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған дененің орын ауыстыруы болып табылады.

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. 48, ә - суреттегі кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған. Тамызғыштан өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың арақашықтықтары бірдей. Демек, арбаша бірдей уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүреді, яғни бірқалыпты қозғалады.

Тамызғыштың шүмегін қаттырақ ашып, тамшы жиі таматындай етіп, тәжірибені қайталайық. Бұл жағдайда да тамшылар бірдей қашықтықтарға түседі. Демек, өзара тең аз уақыт аралығында да арбаша ұзындығы бірдей жол жүреді, яғни ол бірқалыпты қозғалады.
Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты емес қозғалысын бақылайық (48, ә - сурет). Бұл жағдайда бірдей уақыт аралығында тамған тамшылардың іздерінен арбашаның қозғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады. Тамшылар бірдей уақыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің арақашықтықтары бірдей емес. Демек, бұл жағдайда арбаша бірқалыпты емес қозғалады. Осы қозғалыстардың салыстырмалы көрінісі 49 - суретте келтірілген.

Бірліктердің Халықаралық жүйесінде (SΙ) орын ауыстырудың бірлігіне метр (м) алынады.

ІV. Оқулықпен жұмыс (5 мин).
V. Сергіту сәті (3 мин)
Жұмбақ жасыру.
1. Арқаным бар тым ұзын,
Кесіп бірақ ала алмайсың бір үзім. (Жол)
2. Бір алаша төселген,
Екі ауылды жалғайды.
Өмірінде еш адам,
Оны жинай алмайды. (Жол)

VІ. Жаңа сабақты бекіту (6 мин).
Сұрақ қою арқылы сұрақ қойып, жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру.
♦ Орын ауыстыру деп нені айтады? (Қозғалыстағы дененің бастапқы орнымен келесі орнын қосатын бағытталған кесінді)
♦ Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? (Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады)
♦ Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? (Дене тең уақыт аралағында ұзындығы әр түрлі жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты емес қозғалыс деп аталады).
♦ 1, 5 км - дк қанша м бар? (1500м)

VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау. (4 мин)
10 - тапсырманы орындау.
VІІІ. Үйге тапсырма. (2 мин)
§23 - 24; 6 - жаттығу; Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
ІХ. Бағалау. (2 мин)
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

Кері қайту

Материал рейтингісі:


Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

 

 

 

3 мин

 

ОЖТ

Сәлемдесу . Сыныпты түгендеу

 

 

 

Психологиялық дайындық

/оқушылардың сабаққа қызығушылығымен көңіл-күйлерін көтеру үшін мына өлең жолдарын оқып, оқушылардың назарын өзіме аударып, шаттық шеңберіне шақыру./

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім- тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

Интербелсенді тақтадан «Дене жаттығулары» бейнеролигін көрсету, оқушылармен бірге жаттығу жасау

 

Сәлемдеседі

Сынып старостасы сыныпты тізім бойынша түгендейді.

Оқушылар шеңберге тұрады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнероликте көрсетілген жаттығуларды оқушылар істейді.

 

ІІ. Алған білімдерін тексеру

 

8 мин

Білу

ТжДБО

Диалогтік оқыту

СТО

АКТ

 

Балалар сендерге «Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары» тарауы бойынша әр топқа сөзжұмбақ құрастырып келу болды. Ал кәне балалар әр топ өз сөзжұмбақтарын интербелсенді тақтаға шығарып, бір-бірімен алмасып, дұрыс жауабын іздеңдер

 

«Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары» тарауы  бойынша сөзжұмбақтарды топтар бір-бірімен алмасып, дұрыс жауабын іздейді, одан кейін топ бір бірін тексереді.

ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты игеру

8 мин

Түсіну

ОБжК

ОЖЕСОжО

СТО

Диалогтік оқыту

Бүгінгі біздің  тақырыбымыз «Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру». 1, 2 топтарға тақырып бойынша тапсырмалар беру.

 

 

Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу.

Әр топқа флипчарт , маркер, түрлі түсті фломастер таратылады.

 

Әр топ өз міндеттерін орындайды. берілген материалды оқып, жұппен, топпен өзара талқылайды

 

 

Оқушылар дыбыссыз қадам жасап, 2 топқа бөлінеді.

 

 

10 мин

Қолдану

ОЖТ

ОБжК

ТжДБО

 

Тақырыпты топта талқылап, флипчартқа «Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру» тақырыбын түсіреді. Әр топ жасаған флипчарттарын қорғау

 

Тақырыпты оқып, топта талқылап, флипчартқа түсіреді топ.

Флипчартты қорғайды.

 

 

7 мин

 Талдау

ТжДБО

АКТ

СТО

Диалогтік оқыту

Топпен жұмыс

Презентациядатақырыпбойынша сұрақтар:

I топ

1. Материялық нүкте деген не?

2.  Төмендегі жағдайлардың қайсысында денені материялық нүкте деп есептеуге болады: а) ұшақ Астанадан Мәскеуге сапар шекті. Ұшақ «өлі тұзақ» фигурасын жасап жүр; ә) конькиші жарыс мәресінен өтті. Мәнерлеп коньки тебуші еркін жаттығу орындауда;

б) ғарыш кемесінің қозғалысын Жердегі басқару орталығынан бақылайды. Екі ғарыш кемесі түйісу сәтінде

3. Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?

4. Мына денелер: метро эксалаторында тұрған адам; трамплиннен секірген шаңғышы; тігін машинасының инесі-Жермен салыстырғанда түзу сызықпен қозғала ма, әлде қисық сызықпен қозғала ма?

II топ

1. Орын ауыстыру деп нені айтады?

2. Орын ауыстыру қандай шама?

3. Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамамен 12 км жүгіретіні анықталды. Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жолдыі ұзындығы ма?

4. Жолаушылап қайтқан автомобиль жүргізушісі есептеуіштің көрсетуі 300 километрге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма?

Әр топ  ішінде өз сұрақтарын талқылап, сұрақтарға нақты жауап іздейді. Сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV.Рефлексия. Сабақты қорытындылау

 

5 мин

Синтездеу

СТО

ОүБжОБ

ОЖТ

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

ОүБжОБ

СТО

 Сабақты қорытындылау.

Мен не білемін?

Мен не үйренгім келеді?

Не ұнады?

Не үйрендім?

Нені істей алмадым?

Мен не істеуім керек?  сұрақтарына сүйеніп стикерге

 пікір жазу,  өз еркімен оқығысы  келген 2-3 оқушыға оқыту.

Оқушылар сендер өздерінді, жұпты, топты қалай бағалайсыңдар?

 

Әр топтан оқушылар сабақты қорытындылайды жалғастырады.

 

 

 

 

Әр топтағы оқушылар стикерге жазып, жазғандарын оқиды

 

 

Оқушылар өзін −өзі, жұпты, топты бағалайды