Файл: Сабаты таырыбы Материялы нкте. озалыс траекториясы. Сабаты масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 146
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: §15. §16. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру. Сабақ мақсаттары:Білімділік: Материялық нүкте, қозғалыс траекториясы, жол және орын ауыстыру кинематикалық ұғымдарын қалыптастыру.Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.Тәрбиелік: күнделікті өмірде кездесетін арақашықтарды өлшеу әдістерін анықтап өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгеруҚұралдар: интербелсенді тақта, флипчарт беті, маркерлер, түрлі-түсті фломастерлер.Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық жұмысОқыту нәтижесі:Сілтеме: оқулық Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктеріСабақтың мақсаты: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсақтықтарын білуге үйрету.Сабақтың міндеттері:а) Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға, жылдамдық және оның бірліктері туралы түсінік беру.ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,қозғалыс туралы білімдерді жетілдіру.б) Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері. Диалогтық оқыту. Бағалау. АКТ қолдану. Бағалау.Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, бағалау парағы, магнит, А-3 қағаздар, түрлі түсті қағаздар, маркер, қарындаштар, клей, т.б.Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет,Сабақтың барысы:I.Үйымдастыру кезең: а) Сәлемдесу.ә) Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлуі.Әр топтың жетекшісілерін сайлаймыз.Топ жетекшілерінің мақсаты: топтағы оқушылардың білімдерін сабақ барысында бағалап,бағалау парағына түсіріп отыру.Тренинг (сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын).- Оқушылар , өткен сабақта қандай ұғымдармен таныстыңыздар , қане естерімізге түсірейік: Материалдық нүкте . Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жол және орын ауыстыру. Траектория.II.Үй тапсырмасын тексеру (5мин) 1. Сұрақ – жауап.Оқушылар, өткен тақырыпты еске түсірейік. Әрбір оқушы өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруге тырысыңыздар.
Тапсырма орындалды. Дәптерлеріңіді топ жетекшілері бір-біріңізбен алмастырып, қолыңызға қалам алып, экранға назар аударыңыздар. Сіздер дұрыс жауапты көріп тұрсыздар , берілген тапсырманы өзіңіз тексеріңіздер. Кестеге дұрыс жауап санын көрсетіңіздер.Ендеше, біз бүгінгі сабағымыздың бірінші нәтижесін алдық . Бұл нәтижелерді есептер шығару кезінде міндетті түрде ескереміз. Енді бүгінгі тақырыбымызға көшейік: экранға назар аударыңыздар.
Бүгін сіздермен «Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар», Жылдамдық және оның бірліктері» - туралы негізгі ұғымдармен танысамыз.Сабақтың жоспары:
Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын екен.Сонымен бірқалыпты емес қозғалыстағы дене өзінің бүкіл жолында әр түрлі жылдамдыпен қозғалады. Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын.Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әртүрлі болуы мүмкін. Ал бірдей орын ауыстыру үшін олар әртүрлі уақыт жұмсайды. Мысалы,жаяу адам 1 сағат ішінде 6 км жол жүретін болса, атты кісі 1 сағат ішінде 18 км, жүк машинасы 60 км, ал жеңіл машина 100 км жол жүреді. Мысалда келтірілген денелер 1 сағат ішінде, әртүрлі жол жүреді. Оның себебі неде? Себебі, олардың қозғалу жылдамдықтары өзара бірдей емес.Келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса,сол дененің жылдамдығы үлкен болады.Жылдамдық - физикалық шама.Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:Енді жылдамдықты әрпімен, орын ауыстыруды S әрпімен, уақытты t әрпімен белгілесек. Жоғарыдағы тұжырымымыз былай жазылады: S орын ауыстыру, t - уақыт.Сіз білесіз бе?
VІ. Сабақты қорыту, бағалау.Кластер құру: Топтастыру әдісімен жылдамдық сөзіне анықтама берейік.Оқушыларға қойылатын сұрақтар1.Бірқалыпты қозғалыс деген не? Мысал келтір.2.Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не? 3.Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не ?4 Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?6. Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме ?7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз? VІІ.Үйге тапсырма беру§17 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.§18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. 5 жаттығу ( 4 ) Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ілу тапсырыладыНе үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап тілектер жазады.
-
Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.) -
Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі) -
Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?
-
Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы: қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен). -
Жүрілген жол дегеніміз не ? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу белгілейді) -
Орын ауыстыру деп нені атайды?(Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесіндіні айтады.Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан, оны нұсқама қойып, S әрпімен белгілейді)
| Жол (м) | Уақыт (с) |
| 7км = ....... м | 12сағ = .......с |
| 65см = ......м | 45мин = ......с |
| 300мм = ....м | 0,5сағ= .......с |
| Жол (м) | Уақыт (с) |
| 7км = 7000м | 12сағ = 43200с |
| 65см = 0,65м | 45мин = 2700с |
| 300мм = 0,3м | 0,5сағ= 1800с |
Бүгін сіздермен «Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар», Жылдамдық және оның бірліктері» - туралы негізгі ұғымдармен танысамыз.Сабақтың жоспары:
-
Бірқалыпты қозғалыс . -
Бірқалыпты емес қозғалыс. -
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
-
Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
-
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын екен.Сонымен бірқалыпты емес қозғалыстағы дене өзінің бүкіл жолында әр түрлі жылдамдыпен қозғалады. Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын.Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әртүрлі болуы мүмкін. Ал бірдей орын ауыстыру үшін олар әртүрлі уақыт жұмсайды. Мысалы,жаяу адам 1 сағат ішінде 6 км жол жүретін болса, атты кісі 1 сағат ішінде 18 км, жүк машинасы 60 км, ал жеңіл машина 100 км жол жүреді. Мысалда келтірілген денелер 1 сағат ішінде, әртүрлі жол жүреді. Оның себебі неде? Себебі, олардың қозғалу жылдамдықтары өзара бірдей емес.Келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса,сол дененің жылдамдығы үлкен болады.Жылдамдық - физикалық шама.Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:Енді жылдамдықты әрпімен, орын ауыстыруды S әрпімен, уақытты t әрпімен белгілесек. Жоғарыдағы тұжырымымыз былай жазылады: S орын ауыстыру, t - уақыт.Сіз білесіз бе?
-
60 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын автомобиль секундына 17 м жол жүреді. -
Спортшы 100 м қашықтыққа жүгірген кездегі шамамен сағатына 35 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.
| Қатысушы | Жылдамдық | Жылдамдық м/с | Орын |
| Акула | 8,3 м/с | | |
| Қарға | 47 км/сағ | | |
| Жираф | 14,6 м/с | | |
| Қоян | 60 км/сағ | | |
| Қатысушы | Жылдамдық | Жылдамдықм/с | Орын |
| Акула | 8,3 м/с | 8,3 м/с | ынталандыру |
| Қарға | 47 км/сағ | 13 м/с | 3 |
| Жираф | 14,6 м/с | 14,6 м/с | 2 |
| Қоян | 60 км/сағ | 16,7 м/с | 1 |