Файл: Балалы ша лемі андай ажап! Халыаралы балаларды орау кніне арналан флешмоб ткізу тжырымдамасы Балалы ша лемі андай ажап!.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмоб өткізу тұжырымдамасы
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмоб Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен өткізіледі.
1 маусым – халықаралық балалық шақ мерекесі. Балаларды қорғау күні жаздың бірінші күніне келеді, ол 1950 жылдан бастап бүкіл әлемде атап өтіледі.
Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл әрқашан жарқын, шуақты, балалық шақтың нағыз қуанышты мерекесі.
Бұл күні балаларға арналған көптеген жаппай, ойын-сауық және мәдени іс-шаралар өткізіледі. Бұл күні балалар көрмелер мен сайыстардың, концерттік қойылымдар мен спорттық жарыстардың басты қатысушылары болады.
Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана болмай, қоғамға барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің керемет ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігін еске салады.
Әр балаға ұлтына, терісінің түсіне, нәсіліне қарамастан күлетін, билейтін, ән айтатын, оқитын, бейбіт өмір сүретін және бақытты болатын Әлем қажет.
1 маусым – көптен күткен жаздың, демалыстың бірінші күні! Ал жаз – ол қуаныш, демалыс және сауық-сайран!
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында – а.ж. 29-30 мамырда республиканың білім беру ұйымдарының мектеп / студенттік парламенттері «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» 2 күндік флешмобына қатысады:
«Бақыт, Күн, Достық – балаларға», «Счастье, солнце, дружба – вот что детям нужно!» спорттық флешмоб (әртүрлі халықтардың ұлттық ойындары, спорттық қозғалыс ойындар, ритмикалық гимнастика, көше билері және т. б.);
«Балалар мен ата-ана бақыты», «День детей и родительского счастья» отбасылық флешмоб (музыкалық отбасы, әнші отбасы, шығармашылық отбасы, спорттық отбасы және т. б.);
«Әр түрлі ұлттардың балалары! Болашақ сіздің қолыңызда!», «Дети разных народов! Светлое завтра в ваших руках!» шығармашылық флешмоб (концерттер, театрландырылған қойылымдар, кездесулер, сурет байқаулары және т.б.).
Флешмоб мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу.
Флешмоб міндеттері:
Мектеп оқушылары / студенттер ортасында этносаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
әр түрлі этностар мен ұлыстардың балалары мен ересектердің басын біріктіру;
балалардың, ата-аналардың және педагогтердің шығармашылық, музыкалық және спорттық жетістіктерін көрсету;
білім беру ұйымына, өзінің кіші Отаны мен еліне мақтаныш сезімін қалыптастыру;
балалар үшін мерекелік атмосфера құру.
Флешмобты өткізудің үйлестірушілері: Қазақстан халқы ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
Флешмоб өткізуді ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары, «Қоғамдық келісім» КММ.
Флэшмобқа қатысушылар: республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтер, ата-аналар, Қазақстан этностары мен ұлыстарының өкілдері.
Реквизиттер: музыкалық аспаптар, қатысушылардың ұлттық және спорттық костюмдері, спорттық құрал-саймандар және т. б.
Флэшмоб өткізілетін орын: республиканың барлық елді мекендерінің алаңдары, стадиондары, скверлері, саябақтары, ботаникалық бақтары, мектеп жанындағы, аулалар және т.б. алаңдар.
Флешмобтың басталуы: ұйымдастырушылардың қалауы бойынша.
Флешмобты ақпараттық қамтамасыз ету бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен жариялауды көздейді.
Ұлттық және спорттық ойындардың алуан түрлілігі, қызықты репертуар, музыкалық аспаптардың алуан түрлілігі, әртүрлі этностар мен ұлыстардың шығармаларының аранжировкаларының бірегейлігі, орындаудағы музыкалық және шығармашылық қызметтің бірнеше түрін біріктіру: Қазақстан халқының әні мен биі, театрлық қойылымдар, ұлттық аспаптарда ойнау – осының бәрі балалық шақ мерекесін ең жарқын және есте қаларлық көріністердің біріне айналдырады.
Мерекелік іс-шараларға қатысу балалардың, ата-аналар мен педагогтердің шығармашылық жетістіктерінің, Қазақстан Республикасында тұратын қазақ халқының және басқа да ұлттардың ұлттық мәдениеті туралы білімдерінің жарқын көрінісі болады.