Файл: 1жргізуші Слем бердім, халайы, алын елім!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-жүргізуші:

Сәлем бердім, халайық, қалын елім!

Өнер сүйер қауымға сәлем бердім!

Көтер көңіл, жалықпа осы кеште,

Өнерге толы керуенді ала келдім!

2-жүргізуші:

Армысыздар , бұл кештің қонақтары!

Халқымыздың қашанда қонақ бағы.

Сәлем бердік тағы да алдарында

Батпақкөлдің өнерпаз саңлақтары.

1-жүргізуші:

Армысыздар,құрметті өнер сүйер қауым! Мұғалжар ауданы әкімдігі және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өткелі отырған «Ел іші-өнер кеніші» атты көркемөнерпаздар байқауына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Биылғы жылдың көркемөнерпаздар байқауы «Рухани жаңғыру:Болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында Қазақстанның халық әртісі , композитор Әсет Бейсеуовтің 85 жыл, Қазақстанның халық әртісі ,Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жыл , қазақтың еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Тапалованың 100 жылдық мерейтойларына орай өткелі отыр.

1-жүргізуші:

Алтынбек Қоразбаев 1948 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында туған. Алтынбек үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған қаладан сегіз ішекті мандолин әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Алтынбектің тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. 

Шақырады ойнасаң гүл-даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Болашаққа көк туымен желбіреген

Отанымның өнерлі жастары- біз боламыз!

Хор: «Сарыарқа»

Әні мен сөзінің авторы: Алтынбек Қоразбаев

2-жүргізуші:

ХХ ғасырдың өзінде әміршіл жүйенің бірінен кейін бірі жүргізген ретсіз реформалары, азаматтық соғыс, ашаршылық, саяси қуғын сүргін, дүниежүзілік соғыс қасіреті мыңдаған қазақ отбасының арқасын аяздай қарыды. Тіпті кей отбасылардың оты өшіп, қазаны төңірілген күйде қалды. Осы бір заман сазын нәзік ырғақпен шерте алған Алтынбек Қоразбаевтың «Қара кемпір» әні өткен ғасырда көпшіліктің көзіне жас алдырғаны мәлім. Алайда сол көпшілік бұл әнге Жамбыл облысындағы Меркі ауданындағы Қызылсай ауылындағы Қали ананың мұңлы тағдыры арқау болған. Сұрапыл соғысқа аттанған Жексенқұл, Қосшығұл атты қос ұлынан қатар айырылып, ішқұса болған Қали ананың зары мен күйігінен «Қара кемпір» әні туады.
Алдарыңызда «Қара кемпір» әнінің желісіндегі көрініс.

1-жүргізуші:

 Әсет Бейсеуов 1938 жылы 13 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Әлімқұл. Әсет өмірге келгенде әкесі Көппайдың қуанышында шек болмады.Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармай,Көппай Ұлы Отан соғысына аттанады.Соғыста жаумен шайқасып жүріп мерт болады.Көппай мәңгілікке кеткен соң, Әсеттің анасы Рахима Павлодарға төркін жұртына кетіп, Әсетті Көппайдың ағасы Қожамқұл алып қалады. Сөйтіп солбір сұрапыл, зобалаң жылдардаң Әсеттің әкесіз, анасыз күндері баталады.

2-жүргізуші:

1956 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға түседі.9-шы сыныпта оқып жүргенде-ақ алғашқы әні «Алмалы Алматым» дүниеде келген.Мұнан кейін де өнер жолында жүрген Әсет Көппайұлының талай әндері бірінен соң бірі жарыққа шыға берді. Әсет Бейсеуов алғашқы еңбек жолын Текелідегі музыка мектебінен бастады.Ел арасында кең тараған «Алтыным», «Гүлдер», «Ақ гүлім», «Сырласу вальсі», «Шақырады көктем» әндері махаббаттың нәзік пернесін дәл басса, жастарды туған жерін, өз Отанын сүюге баулитын «Қызыл сұңқарлар», «Солдат сағынышы», «Соғыстан соңғы ән», «Қазақстан Гүлстан», «Қарғалым», «Аралым-ожданым», «Ғарышқа ұшты қазағым» сынды әдемі әндері халықтың жүрегінен орын алды.

Елімнің ақ мейірін айдын көрем.

Мен үшін жарқырай тұр, айқын әсем.

Ән-әуен тербетеді жүрегімді,

Өмір бойы жырымды айтып өтем.

Алдарыңызда Әсет Бейсеуовтің әніне жазылған «Сырласу вальсі» әні

Орындайтын: Еркебаев Ғасыр

1-жүргізуші:

Қазақ қызының бар болмысы, сұлулығы тал бойынан табылатын Нұрсұлу Тапалова 1923 жылы 13 қыркүйекте Ақ­төбе облысының Ойыл ауданында өмiрге келген. 1934 жы­лы Алматыда жаңадан құ­рылған Құрманғазы атындағы оркестр Ойылға гас­троль­дiк сапармен келiп, үш күн жергiлiктi халықтың алдында концерт өткiзедi. Бұл кезде Елубайдың өнерлi қызы жетi жылдық мектепте бiлiм алып жүрген еді. Оркестрдiң ұйымдастырушысы әрi басқарушысы, қазақтың кәсiби музыкасының бiлгiрi, әйгiлi сазгер Ахмет Жұбанов бастаған өнерпаздар ойылдықтарға үш күн бойы рухани ләззат сыйлап, ауылды мерекеге бөлейдi. Осы сапарда 11 жастағы Нұрсұлудың талантты қыз екенiн байқаған Ахмет Жұбанов оған кәсiби бi­лiм алуға жол сiлтейдi. Сол жол арқылы «Нұр­сұлу – бисiз өмiрiн елестете алмайтын нәзiк жан» деген пікірге сай қазақ елінің тұңғыш балеринасы аты өшпестей із қалдырды.



Мереке деп баршаға жар салайық ,

Думандатып,би билеп, ән салайық.

Бүгінгі қуанышқа шырай берген

Нұржамалдай бишілерді қарсы алайық!

2-жүргізуші:

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы

Байлықтың да жеткен емес Отанға еш балауы.

Осылардай ар-намысты ұландарымыз тұрғанда

Ешқашан да еңкеймейді Қазақстан жалауы!-дей келе, «Ел іші-өнер кеніші» атты көркемөнерпаздар байқауына Батпақкөл ауылдық округіне берілген уақыт та өз мәресіне жетті.

1-жүргізуші:

Сіздермен қимай қоштаса отырып, өнерлі жас таланттарымызға өнердің биік шыңына қанат қағып, самғай беріңіздер деп тілейміз!Қош сау болыңыздар!