Файл: за мерзімді жоспар блімі x асыр xііі асырды басындаы азастан Мектеп Аын Сара атындаы орта мектеп кмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы

Қазақстан

Мектеп: «Ақын Сара атындағы орта мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байжуманов Нурлан Секенович

Сынып: 6 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әбу Насыр әл-Фараби - әлемнің ұлы ойшылы.

Зерттеу сұрағы: Әл-Фараби не үшін «Екінші ұстаз» атанды?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Әбунасыр Әл-Фараби өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас тұлға екенін таныту;


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беререді, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді.

Көптеген оқушылар: Мәтіннен үзінді келтіре отырып,

мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді
Кейбір оқушылар: : Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беререді, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді. Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал орнату-«Жеңімпаздар» әдісі.

Мұғалім оқушылaрға суреттер тізбесін көрсетеді.Оқушылар суретке қарап не байқағандарын айтады. Мұғалім оқушылардың ойын тыңдап,толықтырады.Адам жеңіске,жетістіке жеткенде,қуанғанда қолдарын жоғары көтереді екен.Қолды жоғары көтерудің адам денсаулығына тигізер пайдасы көп диді ғалымдар.Көңіл күйің жабырқаған кезде де,қолды жоғары көтеріп қуана біл.Қолды жоғары көтеру табысты адамдардың іс-әрекеті.Сондықтан бүгінгі сабақта барлығың қолдарыңды жоғары көтеріп,білімді игеріп жеңімпаз болуларыңа тілектеспін.



Оқушыларды оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
Тақырыпты ашу.

870-950

Ж.Ж.






Инфографиканы пайдалана отырып, тақырыпты болжаңыз.

Дескриптор

Білім алушы

  • инфографиканы пайдаланады;

  • кейіпкерді сипаттайды,табады.




Өзін өзі,

жұптық,

топтық бағалау


Слайд,

сурет

Сабақтың ортасы

12 минут

7 минут

7 минут

8 минут





Оқушыларға Әл-Фарабидің нақыл сөздерінен үзінді оқып, bilimland.kz сайтынан бейнеролик көрсетіп,itest.kz сайтынан Әл-Фараби туралы мағлұма т беру

/10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср әл-Фараби де шығармаларын араб тілінде жазған. Ол дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылды. Фараб өлкесінен шыққан ондаған Фарабилердің еңбектері мен есімдері белгілі../ (itest.kz

Оқушылар бейнеролик көріп,қосымша мағлұмат берілгеннен кейін кесте толтырады.

ЖЖ. (жекелей жұмыс)

Қандай елдерде болған

Еңбектері

Қандай ғылым салаларын меңгерді

Қандай өнерді меңгерген

Қанша тіл білген
































Дескриптор

Білім алушы

  • Қандай елдерде болғанын анықтап жазады;

  • Қанша іргелі еңбектер жазғанын анықтап жазады;

  • Қандай ғылым салаларын меңгергендігін анықтап жазады;

  • Қандай өнер түрлерін меңгергендігін анықтап жазады;

  • Қанша тіл білетінін аныұтап жазады.


ТЖ.

Тұжырымдамалық кесте

Әр топта флипчартқа арналған қағаз бен маркер беріледі. Оқушылар Әбу Насыр әл-Фараби туралы не білетінін шамалап көрсету үшін тұжырымдамалық карта жасайды. Тұжырымдамалық карталар жасалып болған соң, әр топтың мүшесі өздерінің жұмысын таныстырады.








Әбу Насыр

әл-Фараби









Дескриптор Білім алушы

-Мәтіндердің мазмұнымен танысады, идеясын анықтайды.

-Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдамалық кесте жасайды.

-Әл-Фараби шығармаларындағы әлеуметтік-қоғамдық мәселені танытатын туындыларын талдайды.
ТЖ.

Картамен жұмыс

Дескриптор Білім алушы

  • Әл-Фараби сапар шегіп,білім алған елдерді картадан тауып көрсетеді.

Кері байланыс
ЖЖ. «Әл-Фараби-әлемнің екінші ұстазы» сөзіне 50 сөзді эссе жаз
Дескриптор Білім алушы


  • Неліктен Әл-Фараби әлемнің екінші ұстазы атанған анықтап жазу

  • 50 сөз жазу




Бұл тапсырманы толық орындаған оқушы 5 бал алады

Топтық бағалау

Топ басшысына бағалау парақшасы беріледі. Жасалған әр жұмысты бағалап отырады.

Әр тапсырмаға 1 балдан беріледі

Жұптық бағалау. Оқушылар жазған эсселерін бір-бірімен алмасып тексереді,

жақсы жазылған эссеге

жоғарғы 3 балл қойыылады


Флипчарт, маркер,саяси карта
https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/turkilerding-materialdyq-zhane-ruxani-madenieti?mid=2:simple


https://itest.kz/kz/ent/qazaqstan-tarihy/7-synyp/lecture/hylym-men-bilimning-damuy
Үлестірме кесте

Постер

Сабақтың соңы
6 минут

«Рефлексиялық гимнастика» әдісі



Оқушылар тұрып сабақты қаншалықты түсінгенін гимнастикалық жаттығу арқылы көрсетеді.Сабақ қызықты болса,жақсы түсінсе екі қолын жоғары көтереді.Сабақты түсініп бірақ қиындықтар болса қолдарын иық тұсына дейән көтереді.Сабақ түсініксіз болды десе қолдарын көтермейді.Рефлексия барысында оқушылардан коментари аламын.
Үйге тапсырма беру: Әл-Фараби шығармашылығымен танысып келу.




Слайд,

сурет