Файл: Брыш жне оны градусты лшемі.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұрыш және оның градустық өлшемі
  • Бұл тақырыпта сендер бұрыштар туралы білімдеріңді тереңдетіп, кеңейтесіңдер; бұрыш және оның биссектрисасының анықтамаларын білетін боласыңдар;бұрыштардың қосындысы мен айырымын табуды үйренесіңдер.
  • Жазықтықты сәуле және түзудің көмегімен бөліктерге бөлу түсініктерін пайдаланып, бұрышты анықтауға болады.
  • Анықтама. Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі бұрыш деп аталады.
  • Сәулелер бұрыштың қабырғалары, ал олардың бас нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады.
  • Бұрышты “∠” таңбасымен және қабырғалары мен төбесіне жазылған әріптермен белгілейді.
  • А
    1
    О В С
    ∠АОВ ∠С ∠1
Бұрыштардың теңдігі
  • Анықтама. Екі бұрышты беттестіргенде сәйкес қабырғалары және төбелері дәл келсе, олар тең бұрыштар деп аталады.
С F
B A E D
  • ∠ ABC және ∠DEF бұрыштары тең екенін дәлелдеу үшін В төбесін Е төбесіне, ВА қабырғасын ЕD қабырғасына дәл келтіреміз. Сонда, ВС және ЕF қабырғалары дәл келсе бұрыштар тең болып есептеледі.
Бұрыштарды қосу және алу
Қосу
A(D)
F
∠ABC>∠DEF
B(E) C
∠ABC=∠ABF+∠FBC
Алу
A(D)
С
∠ABC<∠DEF
B(E) F
∠ABC=∠ABF-∠FBC
  • Ортақ OF қабырғасы бар POF және FON бұрыштары тең болса, онда OF сәулесі PON бұрышын қақ бөледі.
  • N
    F
    O
    P
  • Анықтама. Бұрыштың төбесінен шығып оны қақ бөлетін сәуле осы бұрыштың бисектрисасасы деп аталады.