ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 11
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Б. Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бекітемін:
ДӘІЖО
Канагатова С.М.
ТИМБИЛДИНГ
Тақырыбы: «Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман»
Өткізген: Тургалиева А.М.
2021-2022 оқу жылы
Мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру , ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру
Міндеттері:
· ойын барысында жағымды атмосфера құру, ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру
· біртұтас команда моделін қалыптастыру: топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау,топтың әрбір мүшесінің ерекшелігі мен пікірін ескере отырып бірыңғай ұжымдық ережелерді қабылдау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету
· ойын арқылы түзету: шамадан тыс эмоционалдық стрессті төмендету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою, қарым-қатынасты реттеу
Күтілетін нәтиже: бірін-бірі қолдауға дайын, біртұтас команда құрылады;
командалық ортақ пікір, тиімді қарым-қатынас, өзара
сенім қалыптасады
Қолданылатын құралдар: түрлі-түсті қағаз, картон, қайшы, желім, скотч, су құйылған ыдыс, шар.
Барысы:
Team building — латын тілінен «команданы құрастыру» термині, көп жағдайда команданы жинақтау және жұмысын жақсарту үшін бизнес, оқу орындарында, қоғамдық ұйымдарында қолданады.
Танысу жаттығу - «Ұшақ»
Мақсаты: қатысушыларды бір бірімен жақын таныстыру.
Барысы: әрбір қатысушы қағаздан ұшақ жасайды. Ұшақ қанаттарына өз атын, өзі туралы қысқаша мәлімет жазып ұшағын ұшырады. Кімге ұшақ түсті, сол алып жазумен танысады, және ұшақ жасалған түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
1-ші тур: 5 стакан және 4 логикалық сұрақ болады. 5 стакан арасына 4 сұрақ қойылады, стаканды құлатпай сұрақтарға жауап беріп балл жинайды.
2-ші тур: Гелий шары мен мәтін қажет болады. Гелийді жұту арқылы мәтінді минутқа оқиды. Бұл капитандар сайысы, капитан екендігі «Ұшақ» жаттығуында берілген түсті қағаз арқылы анықталады. Қай капитан тез мәтінді оқып бітіреді сол команда жеңеді.
Рефлексия
Сөйлемді аяқта:
Бүгін мен білдім…
Өте қызықты болды…
Мен үшін қиын болды…
Мен тапсырмаларды орындадым…
Мен түсіндім, мен ………. істей аламын
Мен бүгін сезіндім…
Мен үйрендім…
Менің қолымнан келді…
Мені таңқалдырды…
Қызметкерлер ортасында берік достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету принциптері құрылды. Қарапайым тілде айтқанда, бұл бірге жұмыс істейтін адамдарға қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжымның жұмысы тиімділігін арттыруға көмектесті. Бірыңғай мақсат және жеңіп шығу игілігіне командалық жұмыс идеясы логикалық сұрақтардан алынды және жетістікпен тек бизнесте т.б. ғана емес, сонымен қатар білім беру саласында да орын тапты.