Файл: Екінші жартыжылдыта ктілетін нтижелер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Раздольный жалпы орта білім беретін мектебінің 5 а сынып оқушыларының бейімделуі және қиындықтарды анықтау бойынша анықтама

«Раздольный жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылында 5 «А» сыныбына 3 оқушы келді. Екеуі ұл, біреуі қыз. Бастауыш сыныпта оқу озаты немесе оқу екпіндісі болғанымен, білім деңгейлері төмендеу. Қыркүйек айының басында оқушылардың оқу машығын тексеру барысында 3 оқушының ішінде 1 оқушы еркін оқи алатыны, 1 оқушы буындап оқитыны және 1 оқушы   оқымайтыны анық болды. Сабақтарға қатынаса отырып, оқушылардың 5 сыныптың оқу бағдарламаларын меңгере алатынына көз жеткіздік.

Сабақ барысында қызықты ойындар, түрлі суреттерді пайдалана отырып, оқушылардың оқу деңгейі көтеру мақсатында жұмыс жасалып жатыр. Сабақтар тартымды болу үшін оқушылар арасында топтық, жұппен жұмыстар жүргізіліп отыр.

Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан бағдарлама бойынша құрылған психология сабақтары жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған. Сыныпта оқушылар бірінші күннен ақ бір- біріне  түсінушілікпен қарайды. Өзара пікір алмасып, өз ойларын жеткізе алады. Асылбаева Жайнаға ПМПК-ның қорытындысы бойынша арнайы жеңілдетілген тапсырмалар беріліп отырады.

Екінші жартыжылдықта күтілетін нәтижелер:

  • жоғарыдағы үлгере алмай жүрген оқушыларға үнемі қосымша сабақтар өткізіліп, нормаға сай оқуына жеткізу;

  • жазылым дағдысын дамыту;

  • сөйлеу дағдысын дамыту барысында қосымша жұмыстар жүргізу.