Файл: 1 ші блім Селбесу ().docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 – ші бөлім

Селбесу (++) (Симбиозгрек, symbiosis — бірге тұрушылық) – әр түрлі организмдердің тұрақты бірге тіршілік етуі, яғни екі организм де немесе олардың біреуі екіншісінен пайда ала алатын қарым-қатынастың түрі.

Табиғатта жағымды селбесуші арақатынас әр түрлі формада кездеседі:

Протокооперация - кезінде ағзалардың бір біріне пайдалы әсер ететін, бірақ бірге тіршілік етуге міндетті емес арақатынас түрі. Мысалы, таңқышаянның бақашығында актиния тіршілік ету үшін орнығуы мүмкін. Актинияның атпа жасушаларының ішінде у болады , сол арқылы актиния таңқышаянды жыртқыш балықтардан қорғайды. Ал таңқышаян актинияның таралуына көмектеседі және қоректену аймағын кеңейтеді. Келесі мысал, міндетті емес, бірақ өзара тиімді қатынастың бірі Губанов тұқымдас ұсақ балық пен ірі жыртқыш балықтардың арақатынасы. Ірі балықтардың терісінде, желбезегінде және ауыз қуысында жабысқан сыртқа паразиттерден құтқаратын тазартқыш – балықтар. Губанов тұқымдас тазартқыш балықтар әрқашан тұрақты бір жерде мекендейді. Паразиттертерден азап шеккен ірі жыртқыш балықтар, соның ішінде мурен балықтар, губанов балықтарының мекеніне жүзіп келіп, оларға тіпті ауыз қуысына дейін жиналған паразиттердер өзін тазартуға мүмкіндік береді. Көптеген құстар тұяқты жануарлардың денесіне жабысқан паразиттер – кенелермен қоректенеді. Сонымен қатар көбіне бұғылардың, бұландардың, сиырлардың қыстық түлеуі кезінде жүндерін жұлып, өздерінің ұяларын салғанда қолданады.

Мутуализм - әр текті жануарлардың өздерінің сыртқы ортамен байланысын бір-бірінсіз атқара алмауы. Мутуализм кезінде екі жануардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны соншалық, олар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Әдетте жиі кездесетін селбесу түрі – термиттер мен олардың ішектерінде мекендейтін талшықты қарапайым жәндіктердің арақатынасы. Термиттер организміне келіп түскен қоректік зат – клетчатканы, өздерінің ішегінде, тіршілік ететін талшықтылар болмаса, қорыта алмайды. Өсімдіктер арасында кездесетін мутуализмнің жарқын мысалы, мкориза - санырауқұлақ тамыры, саңырауқұлақ мицелиясының және жоғары өсімдіктер тамырларының симбиозы (саңырауқұлақ тамырды оның бетінде қала отыра орап алады және оларға су мен минералды заттектердің келіп түсуіне мүмкіндік береді).

Өзара пайдалы арақатынас мысалы ретінде түйнек бактериялары мен бұршақ тұқымдас өсімдіктердің(асбұршақ, үрмебұршақ, соя, беде, жоңышқа, сиыржоңышқа, ақ қараған, жержаңғақ) бірге тіршілік етуі. Азот ауасын сіңіріп, оны аммиакқа, кейін амин қышқылына айналдыратын бұл бактериялар өсімдік тамырларында орналасады.


Қыналар – денесі екі құрамбөліктен (балтыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. Саңырауқұлақты жіпшумағы көк-жасыл балдырды орап жатады. Қына түсінің жасыл болуы құрамындағы көк-жасыл балдырды түсіне байланысты. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орналастырады. Оның құрамындағы балдырларды ауадаң ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минералды заттар түзеді. Осыған орай саңырауқұлақ зерттеушілер қынаны саңырауқұлақ бөлімі ретінде қарастыруда.

2 – ші бөлім

Нейтрализм(00)биотикалық қарым-қатынастың бiр түрi. Бұл қатынаста бiр территорияда тiршiлiк ететiн екi түр бiр-бiрiне зиянын да, пайдасын да тигiзбей өмiр сүредi. Нейтрализмде түрлер бiр табиғи бiрлестiкте өмiр сүрсе де, бiр-бiрiмен байланыспайды. Нағыз нейтрализм табиғатта өте сирек кездеседi, себебi кез-келген экожүйеде барлық популяциалардың арасында жанама әрекеттесулер болады. Бейтарап қарым-қатынас кезінде түрлер бір-бірімен байланыспайды. Мысалы, шымшық пен дала тышқаны, тиiн мен бұғы, қасқыр мен жауынқұрт.

Комменсализм (+0) – екi түр арасындағы қарым-қатынас, мұнда бiр түр өзiнiң iс – әрекетi арқылы екiншiсiне зиян келтiрмей бiржақты пайдаланады. Комменсализмнің бірнеше түрлері бар:

  • Тағамдастық - әр түрлі заттарды немесе бір ресурстың әртүрлі бөліктерін тұтыну. Мұндай қарым – қатынас топырақ бактерияларының өзара өзгеше түрлері, жануарлар өлекселері немесе тірі организмдердің қоршаған ортаға бөліп шығаратын қалдықтарын органикалық заттарға айналдыратын организмдер – саптротофтар және олардан пайда болған тұзды тұтынушы жоғары сатылы өсімдіктер арасында кездеседі; тұяқты жануарлар мен суырлар қарым – қатынасы.

  • Арамтамақтық – бір организм екінші организмнен оған зиян келтірмей қоректік зат алуы (тақуа шаян қабыршығында өмір сүретін сақина тәрізді құрттар, тақуа шаянның тағамының қалдықтарымен, кейде тікелей ауыз қуысынан жұлып жеп қоректеуі; арыстанның немесе жолбарыстың жеген қорегiнiң қалдығымен соңынан басқа аңдар (гиендер) қоректенедi. lрi акулалардың комменсалы ұсақ балықтар болып есептеледi).

  • Пәтерлестік – бір организмнің екінші организмді баспана ретінде немесе қорған ретінде қолдануы (інжу-маржан мидия уылдырығын ақсерке балықтың желбезегінде уылдырыктайды – яғни олар бір-біріне тәуелді; орхидея ағаш бұтақтарында өседі; біраз жануарлардың кеміргіштердің інінде мекендеуі).


Аменсализм (-0) – өзара бірлесе мекендеген түрлердің біреуінің екеншісіне теріс әсер ете отырып, популяцияның біреуі екіншісінен өзіне пайда (теріс әсерде) алмайды. Мұндай өзара қатынас түрі өсімдіктерде жиі кездеседі. Мысалы:

  • шыршаның астында өсетін жарық сүйгіш шөптекті өсімдіктер көлеңкеде қалып қояды да, зиян шегеді. Бұл шыршаға ешқандай әсер етпейді;

  • көктерек тамыры емен ағашының өсуіне кедергі етеді;

  • емен ағашы қаражидекке кедергі келтіреді;

  • зең саңырауқұлағы пеницилл антибиотик өндіру арқылы бактериялардың көбеюіне кедергі келтіреді



3 бөлім

Пайдалы және зиянды(+-) - өзара әрекеттесетін организмдердің біреуі теріс, ал екіншісі – оң әсер ететін өзара әрекеттесу формасы. Мұндай қатынастардың екі түрі бар.

Жыртқыштық - бұл басқа жануарларды ұстайтын, өлтіретін және жейтін жануарлардың тамақ алу мен қоректену тәсілі. Зардап шеккендерді өлтіріп және оларды жеу арқылы жыртқыштар популяция түрлердің санын азайтады. Жыртқыштарға аң аулау мінез-құлқы тән. Көбіне жыртқыштар әлсіреген (ауру), өте жас немесе көбеюге қатыса алмайтын қарт жануарларды аулауға қабілетті. Осылайша, жыртқыштар табиғи сұрыптаудың ең тиімді «тетіктері» болып табылады. Жыртқыштық табиғатта жануарлар арасында да, өсімдіктер арасында да кең таралған. Мысалы: жәндікқоректі өсімдіктер; бөкенді жейтін арыстан және т.б. Жыртқыштықтың ерекше жағдайы – каннибализм. Каннибализм жануарлардың өзімен бір түрге жататын организмді жеуі, түр ішіндегі жыртқыштық. Каннибализм көбінесе өрмекшілерде (аналықтар көбінесе аталықтарды жейді), балықтарда (өз майшабақтарын жейді) кездеседі. Кейбір сүтқоректілердің аналықтары да өз төлдерін жейді.

Паразитизм - бір түр екіншісінің денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін, сонымен қатар оны тамақтану көзі ретінде пайдаланатын қарым-қатынастар. Жыртқыштықтан айырмашылығы, паразит шабуыл жасаған кезде, иесі бірден өлмейді, бірақ ұзақ уақыт бойы қысымға ұшырайды. Басқаша айтқанда, паразит иесін әлсіретеді, бірақ оны жоймайды, өйткені бұл оның тіршілігін қамтамасыз етеді. Осылайша, паразитизмді жыртқыштықтың әлсіреген түрі деп санауға болады. Мысалы, жануарларды зақымдайтын паразиттерге жылан құрттар, биттер, кенелер, бауырсорғыштар жатады, ал өсімдіктерге зиян келтіретін паразиттерге арамсояу, сұңғыла, фитофтора, қаракүйе саңырауқұлақтары мен тат саңырауқұлақтары, ағаш саңырауқұлақтары жатады.

4 бөлім

Бәсекелестік (- -) – туыстық жағынан жақын екі түрлер арасында ұқсас қажеттіліктер болған кезде пайда болатын өзара әрекеттесу түрі. Егер мұндай түрлер бір территорияда өмір сүрсе, онда олардың әрқайсысы қолайсыз жағдайға түседі: азық-түлік қорларын, мекендейтін орынды, көбею жерлерді және т.б. алу мүмкіндігі азаяды.

Бәсекелестік табиғатта кең таралған. Табиғатта жақын түрлер де, өте алыс топтардың өкілдері де бәсекелесе алады. Мысалы, барлық өсімдіктер жарық, ылғал, топырақтың қоректік заттары үшін, демек, тіршілік ету ортасын кеңейту үшін бәсекелеседі. Жануарлар тамақ қорлары мен орын үшін күреседі.

Түрішілік күрес — бір түрге жататын даралардың бірдей ресурстар үшін күресі. Бәсекелестік бір түрге жататын өсімдіктер арасында болады. Түрішілік күрестің мысалын орманда кез келген бір түрге жататын ағаштардың калай өскендігінен оңай байкауға болады. Бір ортада, бір жерде егілген (өскен) кайың, емен, карағаш, үйеңкі жөне т.б. ағаштардың өсу каркыны бірдей болмайды. Қайыңды орманда бірі биік, діңі жуан болып оссе, екіншісі аласа, діңі жіңішке болып өседі. Демек, кайыңдардың арасында жарык, корек үшін бөсеке туады, бір түрге жатса да корек, жарық үшін түрішілік күрес жүреді.
Түраралық бәсекелестік – екі түрлердің арасындағы теріс қарым-қатынастар. Бір түр мен екінші түрге жататын жануарлар үнемі тамақ және мекендейтін орын үшін өзара бәсекелеседі, мысалы, шортан мен алабұға, қасқыр мен түлкі, жайылымда тамақтанатын кейбір шөпқоректі аңдар, ағаш қуыстарына ұя салатын құстар және т.б. Бәсекелес жануарлардың бәсекелес өсімдіктерден айыршалығы келесідей: олар тістерді, мүйіздерді, тырнақтарды, тұяқтарды және тұмсықтарды бір-біріне қарсы жиі қолданады.