ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№ ____ Еңбек шарты  

 

Тереңөзек кенті                                         "19" қаңтар 2023 жыл

 

Осы еңбек шарты бір жағынан (бұдан әрі – Шарт) бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №9А мекен-жайында орналасқан Сырдария ауданының аумақтық референдум комиссиясының атынан осы комиссияның 2019 жылғы 10 қаңтардағы №272 шешімінің негізінде әрекет ететін төрағасы Өтегенова Балшекер Сұлтанбекқызы және бұдан әрі "Жұмыскер" деп аталатын ЖСН 590429402066, жеке куәлігінің №043906011, 2019 жылғы 11 қаңтарда ҚР ІІМ берген, осы еңбек шартын жасау кезінде Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Иманов көшесі, №48 үй мекен-жайында тұратын Қазақстан Республикасының азаматы  Мурзабекова Гульзаданың арасында жасалады, олар бірге айтылғанда "Тараптар" деп аталады.

1.ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. Осы шарт бойынша жұмыскер №1 округтік сайлау комиссиясының төрағасы лауазымы бойынша еңбекақы үшін жұмыстар атқарады және еңбек тәртібін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді және жұмыскерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына сәйкес жалақыны дер кезінде және толық көлемде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

1.2. Жұмыстың орындалатын жері мына мекенжайда Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №9А мекен-жайында орналасқан аудандық сайлау комиссиясының кеңсесі болып табылады.

1.3. Жұмыскерді жұмысқа қабылдау осы Шарттың негізінде шығарылған Жұмыс берушінің қаулысымен ресімделеді.

1.4. Осы Шарт оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2023 жылғы 20 наурызға дейінгі мерзім ішінде қолданыста болады.

1.5. Еңбек міндеттерін жүзеге асыру 2023 жылғы 19 қаңтардан басталады.

1.6. Жұмыскерге сынақ мерзімі белгіленбейді.

1.7. Осы шарт бойынша жұмыстың орындалуы қалыпты еңбек жағдайларында жүзеге асырылады.

 

2. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ МЕН ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ

2.1. Жұмыскердің жұмыс және демалыс уақыты Жұмыс беруші бекіткен осы Шарттың шарттармен, еңбек тәртібімен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленеді, осыған байланысты Жұмыскерге:

- екі (сенбі және жексенбі) демалыс күндері бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді;

- Күнделікті жұмыс күні – 9.00 сағаттан 19.00 сағатқа дейін;

- демалу мен тамақтануға арналған үзіліс – 13.00 сағаттан 15.00 сағатқа дейін

- келісімі бойынша демалыс, мереке күндеріндегі ауысым кестелерімен белгіленетін ауысымдық жұмыс;

- келісімі бойынша үстеме, түнгі уақыттағы жұмыс;

- негізгі жұмысымен қоса атқарған жағдайда күніне 4 сағаттан артық емес ауысым кестесі бойынша белгіленеді.

Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы, мереке, демалыс күндеріндегі және түнгі уақыттағы жұмысқа қосымша ақы төлеу жұмыскердің белгіленген күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым есе мөлшерде жүргізіледі.

2.2. Дәлелді себептер бойынша Жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде Жұмыс беруші оған жалақысы сақталмайтын демалыс береді.

 

3. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1Жұмыс берушінің:

3.1.1. жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;

3.1.2. жұмыскерлермен еңбек шарттарын Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

3.1.3. өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;

3.1.4. жұмыскерден еңбек шарты талаптарының, еңбек тәртібі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;

3.1.5. Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерді көтермелеуге, оған тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерді материалдық жауаптылыққа тартуға;

3.1.6. еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;

3.1.7. еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;

3.1.8. жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;

3.1.9. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және оның біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;

3.1.10. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;

3.1.11. жеке еңбек дауын шешу үшін Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар.

3.2Жұмыс беруші:

3.2.1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;

3.2.2. жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;

3.2.3. жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек кодексінің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;

3.2.4. жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;

3.2.5. жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;

3.2.6. жұмыскерді еңбек тәртібі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен таныстыруға;

3.2.7. жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға;

3.2.8. жұмыскерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шарттарына сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

3.2.9. жұмыскерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;

3.2.10. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;

3.2.11. мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;

3.2.12. егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;

3.2.13. жұмыскерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;

3.2.14. жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;

3.2.15. жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;

3.2.16. жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;

3.2.17. жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;

3.2.18. жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге;

3.2.19. жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;

3.2.20. еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, жұмыскердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;

3.2.21. жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жастан кіші жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған жылы, күні, айы көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге;

3.2.22. жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;

3.2.23. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

 

4. ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Жұмыскердің:

4.1.1. Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

4.1.2. жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге;

4.1.3. еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

4.1.4. еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;

4.1.5. еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;

4.1.6. бос тұрып қалғаны үшін Еңбек кодексіне сәйкес ақы төленуіне;

4.1.7. тынығуға;

4.1.8. егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін бірігуге;

4.1.9. өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

4.1.10. еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

4.1.11. міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;

4.1.12. еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;

4.1.13. кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;

4.1.14. өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;

4.1.15. бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға;

4.1.16. жеке еңбек дауын шешу үшін Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;

4.1.17. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

4.1.18. Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;

4.1.19. өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

4.1.20. еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;

4.1.21. жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

4.1.22. біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;

4.1.23. Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;

4.1.24. жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге құқығы бар.

4.2. Жұмыскер:

4.2.1. еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

4.2.2. еңбек тәртібін сақтауға;

4.2.3. жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

4.2.4. жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

4.2.5. адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

4.2.6. еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

4.2.7. келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.

 

5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ

5.1. Жұмыскерге Жұмыс беруші бекіткен сметаға сәйкес, айына  ___________ (__________________________________________________________________) теңге мөлшерінде, медициналық сақтандыру, зейнетақы қорына, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша алымдары шегеріліп, жұмыс уақытын есепке алу табелінің негізінде есептеліп жалақы төленеді.

5.2. Жалақы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, еңбек міндеттерін толықтай жүзеге асырып болғаннан кейін, бірақ еңбек шартының күші тоқтаған күннен бес күннен кешіктірілмей төленеді.

5.3.Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыс тоқтаған жағдайда Жұмыскерге тоқтап тұрған уақыт ақысы Жұмыскердің орташа жалақысының 50%-ы мөлшерінде төленеді.

5.4. Жұмыс беруші жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

 

6. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР

6.1. Жұмыскер іс-сапарлаға жіберілмейді.

6.2. Донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және қан беру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

6.3. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.

7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

7.1. Тараптар осы Шарт шарттарының бұзылғаны үшін осы Шартта және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қарастырылған жағдайларда жауап береді.

7.2. Жұмыскердің тәртіптік теріс қылығы үшін Жұмыс беруші оған келесі: ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу сияқты тәртіптік жазаларды қолдануға құқығы бар.

7.3.Жұмыскердің Жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін, жұмыскердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін, оның ішінде құпия ақпаратты жариялағаны үшін материалдық жауаптылықта болады.

7.4. Жұмыс беруші жұмыскер алдында:

 7.4.1.жұмыскерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залал үшін;

 7.4.2.жұмыскердің мүлкіне келтірілген залал үшін;

 7.4.3.жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болады.

8. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ, ТОҚТАТУ ЖӘНЕ БҰЗУ

8.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтыруларды, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде Тараптар осы Шартқа қосымша келісім жасау арқылы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайлар енгізеді.

8.2. Осы Шарттың қолданылуы мынадай:

     8.2.1.тараптардың келісімі бойынша Шартты бұзу;

     8.2.2.жұмыс берушінің бастамасы Шартты бұзу;

     8.2.3. жұмыскердің бастамасы бойынша Шартты бұзу;

     8.2.4.тараптардың еркінен тыс мән-жайлардың орын алуы;

     8.2.5.Жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;

     8.2.6.Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;

     8.2.7. Шартты жасасу талаптарының бұзылуы жағдайларында тоқтатылады.

8.3. Осы Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

8.4. Жұмыскер Жұмыс берушіге кемінде үш күн бұрын жазбаша ескерте отырып, осы Шартты өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.Осы Шарт жұмыскер бастамасымен бұзылған жағдайда, соңғысы өзіне тапсырылған жұмысты соңына дейін орындауға міндетті. Бұл талапты орындау мүмкін болмаған жағдайда Жұмыскер оны басқа атқарушыға одан арғы жұмысты жалғастыруға қажетті толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, барлық құжаттарды өткізіп беруі тиіс.

8.5. Осы Шарт Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексінде көзделген негіздер мен тәртіп бойынша бұзылуы мүмкін.

 

9. ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ

9.1. Осы Шарттан туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы реттелуге жатады.

9.2. Барлық даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда ол келісім комиссиясымен және/немесе сот тәртібінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.

 

10. ӨЗГЕ ДЕ ШАРТТАР

10.1. Осы Шарт Тараптардың толық келісімін білдіреді. Бірге берілген қосымшалары Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

10.2. Осы Шарт бірдей заңдық күшке ие 2 (екі) дана етіп жасалды, әрбір Тарапқа бір-бір данадан берілді.

10.3.Осы Шарттың мазмұны үшінші тұлғаларға жарияланбайды.

10.4. Жұмыскер Еңбек шартына қол қойғанға дейін танысты:

ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен

______________ Г.Мурзабекова "___" _____________ 2023 жыл

лауазымдық нұсқаулықпен/ міндеттер бөлінісімен

______________ Г.Мурзабекова "___" _____________ 2023 жыл

ұйымның құпия құрайтын мәліметтерінің тізбесімен

______________ Г.Мурзабекова "___" _____________ 2023 жыл

 

Жұмыс беруші:

Сырдария аудандық сайлау

комиссиясы

БСН 940 640 000 889

ИИК KZ92070101KSN0000000

БИК KKMFKZ2A

Мекенжайы:Тереңөзек кенті,

Д.Қонаев көшесі,9А

Тел./факс: 21-1-60    

e-mail: sailau_syrdarya_qzl@mail.kz

Төраға___________Б. Өтегенова

 М.О.

 

Жұмыскер:

Мурзабекова Гульзада

жеке куәлігі №043906011

11.01.2019 жылы ҚР ІІМ берген

ЖСН 590429402066

мекенжайы: Тереңөзек кенті,

А.Иманова №48

тел.: 87055639084

___________ Г.Мурзабекова

 

 


Осы Шарттың бір данасын алды______________ Г.Мурзабекова "___" _____________ 2023 жыл