Файл: 63билет Аналитикалы формант.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

63билет

Аналитикалық формант»термині есімге де, етістікке де тән. Аналитикалық формант грамматикалық категориялары бар сөз таптарына қатысты. Олардың ішінде сапалық сын есімнің шырай категориясының аналитикалық формасы бар екенін кейбір ғапымдар көрсетіп жүр. Өте үлкен, ең жақсы, тым әдемі, өте таза т.б. қолданыстағы сөздер асырмалы шырайдың аналитикалық формаларына жатады. Сондай-ақ сен үшін, ауылдың маңы, үйге қарай дегек тіркестерді септіктің аналитикалық формасы дейтін пікірлер де кездеседі.

Грамматикалық категориясы бар зат есім мен сын есімдегі грамматикалық аналитизм мәселесі дәлелденбегендіктен, аналитикалық формант ұғымы тек етістікпен байланысты қаралып жүр. Түркі тілдерінде сөздің аналитикалық формасы туралы теорияның негізін салушы, түркі тілдеріндегі етістіктің аналитикалық формаларын зерттеуші ретінде ғалым А.АЮлдашевті атауға болады.Ал қазақ тіл білімінде профессор Н.Оралбаева қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарын жалпы зерттеген, оның етістіктің барлық категорияларына қатысты екенін дәлелдеген, аналитикалық формант, форма теориясының негізін қалаған. Әр категорияға қатысты негізгі аналитикалық форманттарды көрсеткен.

Аналитикалық формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік берген жөн. Аналитикалық сөз формасының өзіне тән бірнеше белгілері бар.

Біріншіден, сөздің аналитикалық формасы дербес сөз бен көмекші сөздің бірлігінен тұрады. Ғалым Ә.Хасенов аналитикалық формаға былайша сипаттама береді: «Аналитикалық форма дегеніміз - атауыш сөздер мен көмекші сөздер тіркесінен жасалған құранды форма. Мәселен, ауылдың жаны, саған бола келдім, сен туралы, елу шақты т.б. аналитикалық формалы сөздер» . Дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесі дегенде міндетті түрде оның грамматикалық мәні ескерілуі қажет. Тек қана грамматикалық сипаттағы дербес сөз бен көмекші сөздің тіркесінің аналитикалық форма бола алатыны есте болуы керек. Мысалы, күліп жіберді, өте үлкен, тап-таза т.б.

Екіншіден, сөздің аналитикалық формасы грамматикалық категориясы бар сөз таптарына қатысты.

Қазақ тілінде грамматикалық категориялары бар сөз таптары деп зат есім, сын есім және етістік аталып жүр. Осы үш сөз табының ішінде етістіктің аналитикалық формасы дәлелденді. Ал зат есім мен сын есімнің аналитикапық формасы әлі ғылымда шешімін таппаған мәселелер қатарында қалып отыр.