ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 13
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:
Сабақ жоспары
Пән: Физика Пән мұғалімі: Класс: 9 Күні: | |||
Тақырыбы | Ғылыми-техникалық өркениет және ноосфера. Экологиялық мәдениет | ||
Сабақ мақсаты | Экология ілімінің негізгі қағидаларын негізге ала отырып, білімділіке, салауаттылыққа және тәрбиелікке мән беріп, еліміздің экологиясын қорғауға және өзіндік үлес қосуға шақыру. | ||
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары | Топта жұмыс жасауға үйренеді. Топ мүшелерінің көзқарасын тыңдайды, өз пікірімен бөліседі. Өзіне-өзі объективті баға беруге, өз көзқарасын дәлелдеуге үйренеді. | ||
Күтілетін нәтиже | -білімдерін жүйелейді, жетілдіреді; -сабақта алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алады; | ||
Сабақтың түрі | Сайыс сабақ | ||
Сабақтың білім беру формасы | Сыни тұрғыдан ойлау | ||
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер | Оқытудың интербелсенді әдістері: «Топтастыру», «ДЖИГСО», «Екі жұлдыз, бір тілек» | ||
Көрнекіліктер | Компьютер, интерактивті тақта, постер қағаздар, маркер т.б. | ||
Сабақ барысы | |||
Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушылар іс - әрекеті | |||
Ұйымдастыру бөлімі (2 мин) | 1.Оқушылармен амандасып, класты түгелдеу. 2.Оқушыларды топқа бөлу | | |
Қызығушылықты ояту (5 мин) | Оқушылардың назарына бейнекөрініс ұсынады Бейнекөріністің мазмұнына қарай жетелеуші сұрақтар береді.
Бейнекөрініс негізінде анықтайтын болсақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы? | Бейнекөріністі мұқият қарайды, жетелеуші сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбын ашады. | |
Тақырыпты ашу ( 30мин) | Топтарға бағытталған тапсырмалар: 1-тур «Таныстыру» Әр топ өз тобын таныстырып топ басшыларын тағайындайды./1-5балл/ 2-тур: «Ойлан тап». Үй тапсырмасын тексеру мақсатында сөзжұмбақ жасырылады./1балл/ 3-тур «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.» /20-40/ 4-тур «Ой маржан» /20-50/ «ДЖИГСО» әдісі бойынша берілген тапсырмалармен оқушыларға топтарда жұмыс жасауды ұсынады: Берілген тақырып бойынша өз ойын қортындылап түрлі мысалдар келтіру арқылы қорғап шығу қажет. 5-тур «Асыл сөздер» /10-30/ Ақын жазушыларды табиғат туралы өлеңдерінен үзінді. 6-тур Тест тапсырмалары. Экология тақырыбына байланысты тест тапсырмалары. Әр топ өз орнында орындайды./1-балл/ | Өз топтарын таныстырып, белседілік таныту Алдынғы тақырыптардан қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру Экранда берілген ұяшық номерлерін таңдау арқылы, өз сұрағына тез әрі дұрыс жауап беру. Оқушылар берілген тапсырма бойынша жеке жұмыстанып, топта талқылап, постер қорғайды Табиғат туралы өлең шумақтарын мінерлеп оқу. Тест тапсырмаларын орындау | |
Бағалау (2 мин) | Сайыстың қортындысын шығарып, жеңген топты таныстыру. | Сайысты қортындылау | |
Үйге тапсырма (1 мин) | Барлық тақырыптарды қайталап келу, «Ел тағдыры елең етеді» тақырыбына буклет жасау класс болып. | Үй тапсырмаларын белгілеп алады | |
Рефлексия ( 5 мин) | Мұғалім оқушылардан «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сабақ бойынша өз ойларын сұрау | Сабақ бойынша өз ойларын айтып, пікірлерін ұсынды. |