ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Асық ойыны
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ой12ыны ойнатылатын.
Асық ойындары тек қана қазақ халқына ғана таныс ойын түрі емес. Бұл ойынды Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік ұлттары да әлі күнге дейін ойнап келеді.
Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор.
Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген.
Асық ойыны – ұлттық спортымыздың бір түрі.
Асық ойынында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады.
Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады.
Атуға арналған асық– сақа де деп аталады. Оны арнайылап, қорғасын құйып жасайды.