Файл: Влияние потребления продуктов быстрого питания или фаст фудов на организм человека.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған.
Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты. Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар. Өтініш тағамдардың құлақшаларына (этикетка) қараңыздар!!!
Зиянды тағамдық заттар қоспалары
Өте қауіпті
Е 123, Е 510, Е 513, Е 527
Қауіпті
Е102, Е110, Е120, Е124, Е127, Е129, Е155, Е180,
Е201, Е220, Е222, Е228, Е233, Е242, Е400-405, Е501
Канцерогенді
Е131, Е142, Е219, Е954, Е213, Е212Е338,
Асқазан құрылысына
Е338-341, Е343, Е450, Е461-463, Е465, Е466
Тері аурулары
Е151, Е160, Е231, Е232, Е239, Е311, Е312, Е320
Ішек құрылысы
Е154, Е626, Е627, Е628, Е629, Е630, Е631, Е632-635
Бала үшін өте қауіпті
Е270
Тыйым салынған
Е103, Е105, Е111, Е121, Е123, Е125
Күдікті
Е104, Е122, Е141,Е171, Е173, Е241, Е471
Қысымға
Е154, Е250, Е252
2.2 Фаст-фуд тағамдарының оң және теріс жақтары
-
Ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын – шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз. -
Кока- кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді. -
Кока -кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді. -
Кока- кола дақты және иісті жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.
Фаст – фуд тақырыбын зерттеу барысында, біз бұл құбылыстың оң жақтарын тапқымыз келді, бірақ өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге қажетті ештеңе таба алмадық. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестірмедік. Тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек.
Осы мәселе төңірегінде дәрігерлердің пікірлерімен таныса келе білгеніміз, барлық дәрігерлер мен диетолог мамандардың пікірлері бір арнада тоғысады – олардың ойынша фаст – фудтың екі түрі болады: зиянды және өте зиянды.
Жылдам тамақтану жүйесінің кейбір аспектілерін қарастырайық.
1.Құнарлығы.
Фаст –фудт өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.
2.Майлар.
Фаст – фуд мейманханаларындағы барлық түскі ас трансгенді майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т.б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары.
3.Шамадан тыс тұзды қосу.
Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді.
Бұлардың барлығынан біздің ағзамызға зияны болмаса, пайдасы жоқ.
ІІІ. Зерттеу бөлімі:
3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы
Мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама алынған еді:
1. Фаст фуд өнімдерін күнделікті қолданасың ба?
2. Кириешки мен чипси өнімдерін және “коко-кола” сусындарын аптасына неше рет қолданасыз?
3.Фаст фуд өнімдерінің денсаулыққа қандай зияны бар?
4.Осы өнімдердің ішінде жиі қолданылатын қандай түрі бар?
Сауалнамаға барлығы 145 оқушы қатысты.Сауалнама нәтижесін саралай келе көзіміздің жеткені, біздің мектептің оқушылардың 20% күнделікті, 30% аптасына 2- 3 рет, 35% айына – 1 рет, 15 % мүлдем қолданбайтындығы анықталды. Оқушылардың 70% саңырауқұлақтар қосылған кириешки мен чипсилерді пайдаланатындықтары анықталды. Оқушылардың 70% олардың құрамын қарамайтындықтарын айтқан. Ал оқушылардың
30 % кириешки және чипсидің, коко-кола сусынын организмге әсерін білмейтіндігі анықталды. Оқушылардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша ең көп пайдаланатын кериешкилар болып табылды.
Фаст -фуд өнімдерін күнделікті қолданасың ба?
Фаст- фуд тағамдарының денсаулыққа қандай пайдасы бар?
Қандай сусындарды қолданасыз?
Балалардың осы тағамды қалауының басты себебі, олардың оны өте дәмді деп есептеуі. Содан кейін барып екіншіден оның жылдам дайындалып , ыңғайлы болуы.
3.2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола” сусынына сапалық реакция
Фаст –фуд өндірісінің дамуы мен шығу тарихымен таныса келе, фаст –фуд кафелерінде сусын ретінде салқын газдалған сусын ұсынатынын білдік. Салқын газдалған сусын ағзаға майдың сіңуін баяулатады, сондықтан аз уақыт ішінде біз қайта ашығу сезімін бастан кешіреміз.
Сонымен қатар, біз ата –аналарымыздан, дәрігерлерден газдалған сусындардың біздің ағзамызға зиянды екенін жиі естиміз.
Біз бұны іс-тәжірибе арқылы анықтауды жөн көрдік.
Біз 3 түрлі су түрін алдық – кәдімгі жай су, фанта, кока – кола. Тәжірибе нысаны ретінде датталған шегені, тауық етін алдық.
Осы барлық сынақ үлгілерін әртүрлі суға батырдық.
Сурет №1 Тот басқан шеге
Сурет №2 Тауық еті
Сурет №3 Чипси өнімінің құрамындағы крахмалды анықтау
Сурет №4 Кириешки өнімінің құрамындағы тұзды анықтау
Тәжірибе соңындағы алынған нәтижелер
Алғашқы минуттардан бастап біз тәжірибелерімізден қандай өзгерістер орын алатынын бақыладық. Газдалған суға батырылған тауық еті бірден су бетіне қалқып шығып, іри бастаған . Екінші күні ет бөлшегі аздап кішірейе бастаған. Кәдімгі қарапайым суға батырған тауық еті сол қалпында стакан түбінде өзгеріссіз қалды. Ешқандай көлемі де, түсі де өзгеріске ұшыраған жоқ, ал керісінше газдалған суға батырылған тауық еті былжырап, ісініп, түсі сарғыш - қызыл немесе қоңыр түске боялды. Борсыған иіс таралған.
2-3 күннен кейін газдалған суға батырылған тот басқан шеге тазара бастады.
Газдалған су құйылған стакан қабырғаларында суға қосылған бояудан қалған тұнба қалды.
Сонымен, біз келесі қорытындыға келдік. Егер газдалған су тәжірибе үлгілерін осынша өзгеріске ұшыратса, онда біздің ағзамызға қандай қатер туып тұрғаны. Тауық етін біздің ішкі құрылыстарымызбен сәйкестендіреміз. Егер газдалған су темір заттағы қатып қалған датты кетіре алса, онда біздің ағзамыз осы сусындардан қаншалықты зардап шегеді.
Қорытынды
«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім».
Фаст-фуд тағамдарынның тұтынушыларға кеңестер
-
Тез әзірленетін тағамдар сататын дәмханаларға жиі бармағаныңыз жөн -
Өзіңізді фаст-фуд өнімдерінің орнына жеміс-жидектер, аз коллориялы йогурт немесе каша жеуге көндіріңіз -
Газдалған сусындардың орнына түрлі жемістердің шырынын ішіңіз -
Қуырылған тамақтарды көп жемеуге тырысыңыз. -
Көкөністерден жасалатын тағамдарды жиі қолданыңыз.
Менің ұсынысым
-
өнімді аларда мұқият этикеткасын қарап танысыңыз -
өнімнің тым ашық түстілерін алмаңыз -
ұзақ мерзімге созылған өнімді алмаңыз -
құрамы аз болса, дәмдеуіштері мен қоспалары да аз екенін көрсетеді -
егерде сол өнімге қызықсаңыз оны қолдану мөлшерін азайтыңыз -
кириешки мен чипсыді кішкентай балаларға ұсынбаңыз -
асқазан және ішек аурулары бар оқушыларға мүлдем қолдануға болмайтынын ескеріңіз.
Осы жұмысты зерттеу барысында көптеген мәліметтерге қанықтым және біз қазіргі уақытта өз ағзамызды біртіндеп улап жатқанымызды байқадым. Бұрын чипсидың, кириешкидің құрамында не бар екенін білмейтінмін. Сондай-ақ кока-кола сусынының қалай жасалатынын білмеген едім. Қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде көзім жетті. Мысалы бір сатақанға (200мл) тырнақты салып қойса 2-3 сағат ішінде әлгі заттың жоқ болғанын байқадым. Осыдан-ақ ол сусынның соншалықты қауіпті екендігіне көзім жетті. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының көпшілігінің семіздікке бой алдыра бастағанын байқауға болады. Мұның себебін осы фаст -фуд тағамдарынан деп есептеймін.
Алдағы уақытта осы жұмысымды тереңірек зерттеп, өз достарыма, өз халқыма көмегім тисе екен деп армандаймын.
Қолданылған әдебиеттер
1. “Биолог анықтамалығы” ғылыми-педагогикалық журнал №5, 6 2011 жыл
2. “Биология және салауаттылық негіздері”
3. “Орталық Қазақстан”. 2010ж №4
4. “Қазақстан әйелдері” 2011 ж №2
5. “Пайдалы кеңестер”
6. Ғаламтордан алынған мәліметтер