Файл: Алакл орта мектебі мектепжасына дейінгі шаынторталыы баркмм Сен жне Мен. лемді бірге згертеміз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Алакөл орта мектебі мектепжасына дейінгі шағынторталығы бар»КММ
«Сен және Мен. Әлемді бірге өзгертеміз»
Сынып: 7
Сынып жетекші: Л.К.Баяндыева
Қамысқала
Тақырыбы: «Сен және Мен. Әлемді бірге өзгертеміз»
Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.
Дамытушылық: Балалардың зорлық-зомбылық, қатыгездік мәселелеріне қауымның назарын аудару, сонымен қатар қоғамда балаларға қатыгездік жасауға жол бермеуге, сенушілікті тудыруды қалыптастыру.
Тәрбиелік: өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Көрнекілік: мультимедтядық экран, компьютер, таратпа құралдар
І. Ұйымдастыру кезең:
ІІ. Негізгі бөлім:
Кіріспе.
Тәрбиеші: Қазіргі таңда еліміздегі, тіпті әлемдегі күрт өсіп бара жатқан проблемалардың бірі, бұл – балаларға жасалатын зорлық – зомбылықтың күн санап артуы. Бұл жайттар ешкімді де ешқашан бей-жай қалдырмасы анық. Бүгінгі тақырыбымызға арқау болатын мәселе де осы: жалпы алғанда, “Мен және сен болып әлемді зорлық-зомбылықтан құтқара аламыз ба? ” осы сұрақтың жауабын табу. Ендеше жағдайы жан ауыртып, қоғамға қозғау салған осы мәселеге кім қалай қарайды? Шешудің жолы қандай? Көп болып сыр алмасып көрелік.
Бірінші кезең «Сұрақ-жауап»
1) Зорлық-зомбылық дегеніміз не?
Қоғамымызда жасөспірімдер арасында зорлық – зомбылық, келеңсіз жағдайлардың орын алуына сіздердің ойларыңызша, не себеп?
Физикалық жағынан көңіл қоймау дегеніміз дер уақытында балаға медициналық көмек көрсетпеу, баланы үйден айдап шығу немесе баланы қамап, үйден шығармау, тамақтандырмау келеңсіздіктері жатады. Эмоционалдық көңіл қоймауға баланың көзінше ата – аналарының ұрыс – керіс шығарып, төбелесуі, ішімдік ішіп, темекі шегулері жатады.
Физикалық зорлық – зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі (16 пайызы осы жәбірленуге ұшырағандар). Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып – соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай – ақ ата – нна тарапынан балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы да зорлық көрсету белгілері білінеді.
Эмоционалды зорлық – зомбылық түрі аз, яғни балалардың 7 пайызында осындай жәбірлеу жағдайлары кездеседі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды күштеудің кең таралған түріне жатады.
Балаға эмоционалдық күш көрсетудің бірнеше санаттары бар:
1. Жоққа шығару (балаға деген жайсыздықты ата – анасының жоққа шығаруы);
2. Жеке қамауда ұстау (Балаға қарым – қатынас керектігін жоққа шығару. Мысалы: баланы жертөледе немесе шкафта қамау);
3. Баланы бопсалау;
4. Елемеушілік;
5. Балағаттау;
6. Сөз жүзінде жүйкесіне тию;
7. Балаға қысастық көрсету;
Балаға зорлық – зомбылық көрсетуге адамды жетелейтін қандай факторлар бар?
Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр.
Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін – өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді.
Екінші кезең «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс» Видео көру арқылы өз ойларын айту
Қалай ойлайсын ? Не себепті осындай күйге түсті? Қандай көмек берер едің? …
Сергіту сәті: сергітудің кез-келген түрін қолдануға болады. Би, әннің қайырмасы т.б.
Үшінші кезеңде жағдайаттан шығу.
- Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалған жасөспірім.
- Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Шылқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата-ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер едіңдер?
Төртінші кезең «Біз әлемді өзгерту үшін...» көрініс көрсету. (Оқушылардың ойларын, тілектерін ашық айтуы.)
ІІІ. Қортынды бөлім:
Бүгінгі ток шоуды мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп тұр.
Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі.