ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тезис
«Абай жолы» роман - эпопеясындағы кірме сөздер
Кірме сөздер – шет тілінен әр түрлі себептер нәтижесінде қабылдаушы тілге енген сөздер. Олар қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық орамдар. Кірме сөздер (заиствование) деп әрбір тілдің өзіндік сөз тудыру тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған сөздерді айтамыз. Яғни, сөздердің дыбыстық түр тұрпаты мен мағынасы екеуі де өзге тілге қатысты кірме сөздер делінеді.[1,97]
«Абай жолы» - әдебиеттің ғана емес, аса бағалы тіл ескерткіші де болып табылады. Онда қазақ тілінің байлығы, сарұылмас мүмкіншілігі, ғасырлар бойына қалыптасқан сөздік қорының арғы – бергі қат – қабаты барынша мол қамтылған. Төрт кітаптан тұратын бұл шығармада осы күнгі сөздіктерде кездесе бермейтін де тіл құбылыстары, тілге енген кірме сөздер, тіл құбылыстары жиі ұшырайды.
Абай заманындағы шығармаларда араб-парсы көне түрік әдебиетіне тән ежелгі тіл құбылыстары жүрсе бүгінгі күнге олардың сол шығыс, сөз өнеріне қанық ақын, жазушылар арқылы жеткені. Мысалы, «Абай заманында Орта Азия мен Араб шығысының классик ақындарының шығармалары кеңінен таралған» (Қ.Ә. XV. 1971). Әуезов міне, бұларды яғни Рудаки тілінің «данышпан қарапайымдылығын», Фиррдауси газелдеріндегі әуезді ырғақты, Низами мен Руми жырларының өн бойынан айқын сезіліп тұратын дыбыстық, сондай - ақ жеке сөз түріндегі қайталауларды, синтаксистік параллельдерді, ассонанс пен аллетерациялық тәсілді, Сағди мен Хафиз өлеңдеріндегі сырт әуенділі мен саздылығын жетік білген жазушы. Оның бұл артықша ерекшелігі, әсіресе «Абай жолы» тілінен айқын сезіліп отырады.
«Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін араб, моңғол, түрік, орыс тілдерінен енген кірме сөздердің бір сыпырасының мағыналануын талдап өтсек:
-
Абтал – арабтың көпше түріндегі «аптал» деген сөзі, жекешесі «батал». М.Әуезов мұны араб тіліндегі сол көпше қалпында, сол мықты, ер ұғымында, бірақ аптал емес, атпал түрінде қолданды. Бұл жердегі айырма –п мен –т дыбыстарының өзара метатезалануы ғана. Бұлардың арасында Сержан, Асқар сияқты үұзын бойлы кесек денелі атпал азамат Әбден, Әбді, Мұқа үшеуі ожарланып, қатта ашумен түйіліп апты. [3, 64] -
Дегдар – дег- дар, дег// тег / тек ; тар - түрік тілінде сын есім жасайтын жұрнақ (ТРС, 392), яғни ол қазақ тіліндегі –ды (мал-ды) қосымшасына сәйкес келеді. Дегдар сөйтіп текті дейтін сөз. Қалам ұшынан орыс тамып кеткен сия ұлы дегдар мырзаның көзіне үлкен бір қарсылық ереуілдей көрінді.[3, 72] -
Нарттай – араб тілінен «нард» сөзіне салыстыру мәнде нарттай, яғни –тай қосымшасының жалғануы арқылы жасалған. Нарттай – оттай деген сөз. Оспан екі беті нарттай жанып, үлкен көздерімен әкесіне шоқтай қадалып, сазарып тұрып алды[3, 87]. -
Нор – моңғол тілінде көл, дария мағынасын білдіреді (ССТМЯ, 606). Ал «Абай жолындағы» бұдан гөрі басқарақ, жазушы нор сөзін шоғыр (қара шоғыр) мәнінде келтіреді де, қара есімімен қосарлан жұмсаған. Бұл күндерде Қаршығалыдай кең қонысқа жайыла қонған Жігітек, Бөкенші, Көтібақ атаулының сансыз көп ауылдарының үсті қалың нөпір, қара нор еді.[3, 88]
Эпопеяда бұдан гөрі стильдік сипаты,яғни қолданылу аясы басқарақ тағы бір топ абаризмдер мен парсизмдер бар. Мұндайлардың қатарында рауаи (ойшыл, дана), жаһат (ниет), сират(жол, көпір), әдді(амал, мүмкіндік), дат(сөз), диуан(жинақ), сідет(міндет), манап (мырза), мық(жусан)осылар іспеттес сөздерді келтіруге болады.[2]
«Абай жолы» роман – эпопеясысында орыс тілінің іздері әр түрде байқалып отырады. Мысалы, тұлғалық жағы өзгертілмей, дәл орыс тілінің қалпында алынған сөздер де ( потрава, недоимка, коралл, стихия,хаос, землемер, планета, прием, этика, паром, аксельбант, ояз, сенат, престиж, крестьян начальнигі) тұлғасы ептеп басқашалау болып келетін, эпопеядағы мұндай орыс сөздері, негізінен, мына сияқтылар: майыр, кіршіме, барабай, зәуезной,оқап, охотшы, старшын, шербешнай, прәшке т.б.[2]
Қорытындылай келе, басқа тілден енген кірме сөздер қазақ көркем әдебиетінде жиі кездеседі. Еліміздегі көршілес қарым – қатынас арқылы халықтардың саяси - әлеуметтік жағдайына негізделген тілдің ауыз екі сөйлеуде кірме сөздердің алар орны ерекше. «Абай жолы» роман – эпопеясындағы кірме сөздердің кейбірі тілдік қорымызға еніп кетсе, кейбір сол заманның бір бөлшегі ретінде қазіргі күні ескіре түскен. Алайда, тілімізге қабылданған сөздер, ана тіліміздің құрамының бұзылып, тілдің шұбарлануына ешқандай әсер тигізе алған жоқ.
Әдебиеттер тізімі:
-
Қалиев.Ғ. Болғанбаев.Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 2006, 256 бет. -
М.Әуезов. Абай жолы. 1- кітабы 1942, 2 – кітабы 1947, 3 - сі 1952, 4 – томы 1956. -
Е.Жанпейісов. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976, 196 бет. -
Валиханов Ч.Ч
Нағашыбай Ділназ «Қазақ тілі мен әдебиеті»ББ 2 – курс студенті