Файл: ндарды аза жеріне алаш оныс аударуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ғұндардың қазақ жеріне алғаш қоныс аударуы.

Этникалық құрамы жағынан әр текті көшпелі тайпалардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағы арқылы батысқа қарай жылжуы тарихта – «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталады. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті өзара ішкі тартыстар мен сыртқы қысымдардың әсерінен күйреуге ұшырап, оңтүстік және солтүстік ғұндар мемлекеті болып екіге бөлінеді. Мемлекеттің оңтүстік бөлігін Хуанхэ шаньюй, ал солтүстік бөлігін оның інісі Чжи-Чжи басқарды. Ғұндар Қазақстан жерін бұрыннан мекендеген сақтармен, үйсіндермен араласты. Олар бір-бірімен тұрмыс-тіршілігі, тілі жағынан жақындасты. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға әсерін тигізді. Тарихтағы «Ұлы қоныс аудару» Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті. Бұл оқиға әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді. Ғұндардың Қазақстан жеріне қоныстануы Шығыс Иран тайпаларының, қаңлылардың түркіленуіне, бет әлпетінің моңғолдануына біршама әсер етті. Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з-дағы 93 жылы басталды. Қоныс аудару кезінде кейбір тайпалар ғұндармен одақтасып біріксе, кейбірі ығыстырыла бастады. Өз кезегінде ғұндардың қысымы Орталық Қазақстандағы, Сырдарияның солтүстігіндегі, сондай-ақ Арал теңізі мен Каспий аймағындағы тайпаларды қозғалысқа түсірді. Бұл үрдіс толқын секілді үздіксіз жүріп, б.з.-дағы ІІ-V ғасыр аралығында 300 жылдан астам уақытқа созылды. Ғұндар б.з.-дың ІV ғасырында Еуропаға дейін жетіп, Шығыс Рим империясына шабуыл жасайды. Ғұндардан бірінші болып соққыға жығылғандар Азов теңізі өңірін мекендеген – аландар (осетиндер) еді. Б.з.-дағы V ғасырдың басында ғұндардың билеушісі Ругила Дунай жерін басып алып қазіргі Венгрия жерінде – «Батыс ғұн империясын» құрады. Ғұндардың осы аймақ тұрғындары құрамына енуіне байланысты Шығыс Еуропада түркі тайпалары түпкілікті орналаса бастады.