Файл: Акушерия ынапты жуу,булау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 308

Скачиваний: 15

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Акушерия

1. Қынапты жуу,булау

Іс – әрекет алгоритмі:
Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз.
Гинекологиялық креслоны дезерітіндімен өңдеңіз.
Жеке жаялықты төсеп, әйелді соның үстіне жатқызыңыз.
Эсмарх ыдысын 1,5-2 литр биіктікке штативке бекітіңіз
Залалсызданған қолғапты киіңіз.
Техникасын сақтай отырып қныапқа гинекологиялық айнаны енгізіп, қынап пен жатыр мойнын ашыңыз.
Қынапқа эсмарх ыдысының ұштығын енгізіп, кранды ашыңыз.
Қынап қабырғалары мен қынап күмбездерін жуыңыз.
Құрғақ стерильді мақта шариктерімен қынап қабырғаларын құрғатыңыз
Техникасын сақтап гинекологиялық айнаны алып тастаңыз

2. Жатырды қыру жолдарын дайындау

Әйелге зерттеу жүргізетіндігін және зерттеу алдында қуығын босатуды ескерту, шешініп, таза жайма төселген гинекологиялық креслоға жатуын айту (аяғын тізе, жамбас сан буынында бүгіп, жан жаққа қаратып, тізе асты ойықтары тізе ұстағышқа тіреліп тұрады)
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, кептіру, қолғап кию. Дәрігерге көмектесу
Жатыр қуысын қыруға арналған жиынтық әзірлеу:
қасықша айна және көтергіш
оқ тәрізді қысқыш
жатыр зонды
Гегар кеңейткіш жиынтығы
қырғыш (кюретка) жиынтығы
анатомиялық пинцет
корнцаг
стерильді түйіршіктер (шариктер)
70% этил спирті
дез.ерітінді
Антисептик ерітіндісі
70% этил спирті немесе 10% формалин ерітіндісінің флаконы
зертханаға жолдама
мұзды мұйық
Әйелдің тұруына көмектесу. Қолданылған құралдарды дезинфекциялық ерітіндіге салу. Қолғапты шешіп және жайманы профилактикалық инфекциялық ережісіне сәйкес тастау
Қолды сабынмен жуып, алынған мәліметтерді медициналық құжатқа тіркеу

3.Жатыр мойнынан цитологияға жағынды алу

Жағынды алу жыныстық өмірмен тұратын барлық әйелдерге жүргізіледі.

Мақсаты: Оны жылына 1рет жыныс мүшелерінің патологиялық өзгерістері: эрозия, полип, дисплазия, рактың басталу уақытын анықтауда қолданылады.

Ресурстар : гинекологиялық кресло, залалсызданған жөргек, бүйрек пішінді дәкелік тығын, әйнек, 96% - ды этил спирті немесе наркозға арналған эфир, бекіткіш.

Жағынды алуға қарсы көрсеткіш болып: Менструацияның болуы және жыныс жолдарының қабыну аурулары болып табылады.

Іс-қимыл алгоритмі:

1) Қолымызды дайындаймыз.

2) Жағынды алудан 2 күн бұрын жыныстыққатынасқа түсуден, вагинальды суппозитори препараттармен
, кремдерден, тампондардан бас тарту керек.

3) Қынапқа айнаны саламыз және жатыр мойнын қараймыз. Мақталы тампонмен қынаптағы артық кілегейді сүртіп тастаймыз.

4) Онкоцитологиялық жағынды аламыз; цитощетканың тұтқасы жағынан блистерлі упаковкасын ашамыз; цервикальды каналға енгізіп 360градус бұрамыз,жатыр мойны беткейінен материал алу барысында ЭйР цитощетканың жұмыстық бөлігін тұтқасына тікбұрыш жасап бүгу. Жатыр мойны беткейіне жеткенінше инструментті енгіземіз. Асықпай бұрылыс жасаймыз.

5) Зат шыныға жағамыз. Жағындыны оралу жолымен заттық шыныға енгіземіз. Қынап бөліндісін бағалаймыз, қолғаптарды утилизациялаймыз. Қолғаптарды шешіп, Б тобының қалдық заттар қорабына саламыз. Қолымызды жуамыз.

6) Жағынды қорытындысын интерпритациялау,жолдама жазып лабораторияға жібереміз

Нәтиже оң немесе теріс болады. Егер зерттеуге алынған биоматериал қалыпты формада болса, онда бұл теріс нәтиже болып табылады. Егер әр түрлі, пішіні өзгерген болса атипиялық клеткалар байқалса онда оң нәтиже болғаны.





БИЛЕТ-4

1 Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан ағу кезінде шұғыл көмекті көрсету

Мақсаты - студентті босанатын әйелді бақылауға, дер кезінде асқынуды көрсете білуді және қан ағу кезінде күттірмейтін шараларды қолдануды, яғни қанағуды тоқтатуды үйрету,

Көрсетулері - босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қанағу.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - өліммен аяқталу.

Ресурстары – кереует, жеке жаялық, босанғаннан кейінгі кең айналар, корнцангтер, зәр катетері, №14,16 шеткі көктамырларға салатын катетерлер, физиологиялық және кристаллоидтық ерітінділер, окцитоцин, мизопростол, шприцтер, АҚ өлшейтін тонометр, секундомер, стандартты сарысулар жиынтығы, қан топтарын анықтау үшін қолданылатын тәрелке, стерилді шариктер, пинцет, заттық әйнектер, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі: 1. Өзіңізді таныстырыңыз және босанған әйелдің жағдайын бағалаңыз:· АҚ өлшеңіз;· пульсін санаңыз;· тыныс алуын санаңыз;· қан жоғалтуын бағалаңыз-көзбен шолу және өлшейтін саптыаяқпен өлшеңіз,төсектің басын төмендетеді, қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз;· қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

2. АҚ 90/60 мм сынап бағанасынан және одан төмен, пульсі 1 минутына 90 соққыдан жоғары, тері жабындысының, шырышты қабықтардың бозғылттығы және демалудың жиілігі минутына 22-ден жоғары кезінде:



· зәр қуығын катетермен босатыңыз;

· алдыңғы іш қабырғасы арқылы жатырдың сыртқы массажына кірісіңіз, қол әрекетін жасаған уақытта, ол жарақатсыз болуы керек, өрескел қол әрекеті тек жатырдағы тромбының пайда болу үрдісін күшейтеді;

· №14,16 шеткі көктамырларға катетерлеу жүргізіңіз;

· босанған әйелден кетпей бүкіл бос персоналды және кезектегі бригаданы шақырыңыз (5минуттан артық емес);

· бұлшық етке 2 мл (10бір) окситоцинді енгізіңіз;

· қан жоғалту көлеміне 3:1 қатысты жылдамдығы 1000мл 15-20 минут ішінде сорғалатып екі көктамырға инфузиялық терапияны бастаңыз;

· 1 минутына 60 тамшы 500 мл физиологиялық ерітіндіге қосып көктамыр ішіне 4 мл (20бір) окситоцинді енгізіңіз;

· қанағу басталғаннан бастап бір сағат ішінде 2 литрден кем емес кристаллоидтық ерітіндіні құйыңыз.

3. 5 минут ішінде – қанағу көзін тауып көрсетіңіз:

· бала жолдасының бүтіндігін тергеңіз (тін): кемістік кезінде-жатыр қуысын қолмен тексеріп және бала жолдасының кідірген бөліктерін алып тастаңыз;

· босану жолдарын қарауды жүргізіңіз (жарақат)- босану жолдарының жыртылуы кезінде-тігу жүргізіңіз;

· жатырдың ширақтылығын анықтаңыз (ширақтылық): гипотония кезінде-жатырдың сыртқы массажын, оның толық жиырылуына дейін жүргізіңіз;

· әртүрлі коагулопатияларды алып тастаңыз (тромбалар-гемостаздың бұзылысы (бірінші кезекте, ШТІҚҰ-синдромның салдарынан);

· қағанақ суларымен эмболияны алып тастаңыз;

ҚАДАМ 4– УАҚЫТША ҚАН ТОҚТАТУ
Іш қуысын басу
Жұдырықпен іш қуысының аортасын басу:
Басу нүктесі кіндіктен төмен сол жағында
орналасқан.
Босанағаннан кейінгі ерте кезеңде тамыр
соғысын құрсаақ қуысынан анықтау оңайырақ.
Екінші қолмен жамбас артериясынан басу
арқылы пальпациялау.
Егер пульс анықталса,онда жұдырықпен басқан
қысым жеткіліксіз.Егер пульс анықталмаса,онда жұдырықпен басқан қысым жеткілікті.
Аортаны басу қан тоқтағанша дейін маңызды. Әр медицина мекемелерінде босануданкейінгі акушерлік қан кетуді алдын алу үшінжәне емдеу туралы ішкі протоколдары болуықажет.Дәрі дәрмектер, құрал жабдықтар және оқытылған мамандар болуы тиіс. Ерте анықтау және дер кезіндегі қан тоқтату акушерлік қан тоқтатудың басты емі болып табылады Окситоцин 40 бірлікке дейін және простагландин жатыр атониясы кезіндегі ең эффективті әдіс болып табылады.Жатырдың бимануальды компрессиясы жәнеіш қуысын басу – атониялық қан тоқтатудың уақытша әдісі болып табылады.Хирургиялық емді ұзартуға болмайды
.

5.Бактериоскопияға жағынды алу.

1. Тексеріс маңыздылығын әйелге түсіндіру 2. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу 3. Қолды жуып кептіру, резіңке қолғап кию 4. Қынапқ айна салу, жатыр мойнын жалаң аштау 5. Фолькман қасығының бір ұшымен цервикальды каналдан жағынды алу және зат әйнегіне жағу 6. Фолькман қасығының екінші ұшымен қынаптың артқы күмбезінен  жағынды алып, цервикальды каналдан алынған жағындының қасына зат әйнегіне жағу. 7. Зертханаға бағыттама толтыру 8. Қолғапты шешіп, қолды жуу.

6.Қынаптын артқы күмбезіне пункция жасау құралдарын дайындау.

Айна, оқтық қысқаш, 5 н/е 10 мл шприц, 10-12 см ұзындықты ине.

Қынаптың артқы күмбезі арқылы құрсақ қуысының пункциясы

Көрсеткіш:
а) кіші жамбас қуысында сұйықтыққа
күдіктенгенде;
б) клиникалық көрінісі анық емес жатырдан
тыс жүктілік кезінде;
в) аналық без рагы асцитпен асқынғанда
күдіктенгенде;
г) кольпотомия кезінде кесу орнын анықтау
үшін;
д) кіші жамбас қуысында сұйықтықты
салыстырмалы диагностика жүргізгенде.
Көрсетілген пункцияны кіші жамбас қуысында бос сұйықтықтың (қан, ірің) болмауын немесе болуын анықтау керек болғанда орындайды. Манипуляцияны гинекологиялық орындықта 0,25% прокаин ерітіндісімен (новокаин) жергілікті анестезиялау немесе ішкі жансыздандыру тәсілімен операция жасау арқылы жүргізеді. Дезинфекциялық затпен іншекті және сыртқы жыныстық ағзаларды өндеп, жатыр мойнының іншектік бөлігін айнамен ашып, артқы ернеуін оқтық қыскыштармен ұстап алдыға тартады. Сосын артқы күмбезге жатыр мойнының астымен, ортаңғы сызықпен, пальпациялағанда «пастозность», флюктуация анықталған, қалыңдаған немесе томпайған жерге, 5-10 миллилитрлік шприцке тығыз кигізілген 10-12 см ұзындықты инені енгізеді. Ине жатырдың артқы беткейіне параллель 2-3 см тереңдікте енуі керек. Поршеньді ақырын тарта отырып, пунктирленетін кеңістік ішіндегісін шприцке сорады. Алынған пунктаттың түсін, сипатын, мөлдірлігін анықтайды. Сүртінділерге бактериоскопиялық немесе цитологиялық зерттеу жүргізеді; кейде биохимиялық зерттеу жүргізеді.Гинекологиялық практикада артқы күмбезді пункциялау жатыр қосалқысының қабынбалы ауруларында (гидросальпинкс, пиосальпинкс, ірінді тубоовариальды құрылымдар), ана бездің ретенциялық құрылымдарында қолданады. Бұл манипуляцияны УДЗ арқылы бақылап жүргізген дұрыс.

7.Цитологиялық зерттеуге жағынды алу техникасын көрсету.

Жағынды алудан 2-күн бұрын жыныстық қатынасқа түсуден,кремдерден,тампондардан бас тарту керек


1.Науқаспен танысып,емшара мақсатын түсіндіріп аламыз

2.Қолымызды өңдеп,стерильді қолғап киеміз

3.Науқасқа арнайы гинекологиялық кресло үстіне бір реттік төсенгішке жатуын сұраймыз

4.Науқастың жыныс еріндерін сол қолымыздың 1-2-ші сұқ саусақтарымызбен ұстап,қынапқа айнаны жабық күйінде саламыз және ашып бекітеміз,жатыр мойнын қараймыз.

5.Егерде қандайда бір патологиялық бөлінділер болса,онда стерильді мақтамен сүртіп тастаймыз.

6.Эйр шпательімен 2 нүктеден жағынды аламыз

Алдымен жатыр мойындағы патологиялық өзгерістер бар нүктеден жағындыны алып оны заттық әйнекшеге жұқа етіп жағамыз

7.Эйр шпательдін келесі жағымен цервикальды каналға енгізіп оны 360градусқа айналдырамыз және жағындыны аламыз

Келесі заттық әйнекшеге жұқа етіп жағамыз

8.Жағындыны алып болғаннан кейін қынаптық айнаны жабық күйінде қиғаштап алып шығамыз

9.Алынған жағындыны лабораторияға жібереміз

10.Пайдаланған заттарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаймыз

11.Қолымызды жуып,кептіреміз

8.Қынапты айна көмегімен тексеру.



9 билет



10



11



12



13 Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау,бағалау



14.Іш айналымы,жатыр түбі биіктігін өлшеу,гравидограмма толтыру

Пельвиметрияда дәрігер жүкті әйелдің іш айналымын,жатырдың биіктік деңгейін және жамбас өлшемдерін өлшейді.Ол үшін сантиметрлік лентамен,жамбас өлшеуішін қолданады.

Іш айналымын өлшеу

Мақсаты: жүктіліктің мерзімін, босану мерзімін, құрсақтағы нәрестенің қалыпты дамуын, нәрестенің болжама салмағын анықтау.

Қажетті құрал-саймандар: сантиметрлік лента, фантом.

Техникасы:

Әйелді тегіс кушеткаға шалқасынан тізе буынында бүгіп жатқызып, ішін ашып, іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді (мысалы: 32-аптада 80-85 см, жүктіліктің соңында, мерзімі жеткен жүктілікте іш айналымы 90-100 см-ге тең). Егіз жүктілікте, ірі нәрестеде, көп сулы жүктілікте, нәрестенің көлденең орналасуына, семіздікте іш айналымы 100 см артық болады.