ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағатының мақсаты: Кеңес Одағының Батыры туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, оқушыларды ерлікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Сабақтың барысы: Интербелсенді тақтадан Мәншүк ерліктерін бейнелейтін бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар Мәншүк апаларының ерлігін баяндайды. 1-оқушы: «Мен, Мәметова Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам қазіргі уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетін оқып бітіргенмен, қазір халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесі торағасы орынбасарларының жеке хатшысы болып қызмет етемін. Өмірбаяным жөнінен қысқаша мағлұмат бере отырып, сізден ағаларым және апаларымен бірге фашист қарақшыларын талқандап құрту үшін мені майданға жіберуіңізді сұрағым келеді. Өйткені, майданға баратындай ағайым да, апайым да жоқ, сол себептен де өзім сұранамын. Өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын. 1939 жылдан комсомол мүшесі. 27.08.1941жыл»2-оқушы: Бұл – қазақтың қайсар қызы, Шығыстың жұлдызы атанған қаһарманның бірі – Мәншүк Мәметованың майданға сұранып жазған сансыз өтініштерінің бірі. Жасы жиырмаға да толмаған нәзік жанның қанды қасап ортасына түсіп, қайталанбас ерліктің иесі атануы – таңқаларлық жәйт. Өйткені, жиырма жасар бойжеткен мен соғыс ұғымы бір жерге тоғыспайды-ақ. Қаршадай қызды қаһарманға айналдырған ерліктің сырын Мәншүктің өмірімен жақынырақ таныссаңыз ұға бастайсыз.3-оқушы: Мәншүктің шын есімі – Мәнсия. Оның ата-анасы кейбіреулер ойлағандай Ахмет Мәметов пен Әмина Сүлейменқызы да емес. Мәншүктің өз әкесі Жеңсікәлі Ахметпен үш атадан қосылатын немере ағайын болып келеді. Анасының есімі – Тойылша. Өздері перзент сүймеген Ахмет пен Әмина Мәншүкті бір көргеннен ұнатып, қоймастан сұрап, 5-6 жасында бауырына басыпты.4-оқушы: Ахмет Мәметов – ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қатарынан орын алған азамат. 1912-1914 жылдары Қазан қаласынан «Ғибрат», «Кеңес» атты атты екі кітап шығарған ақын Саратов университетінің дәрігерлік факультетін тәмәмдап, Алматыдағы тері-жыныс аурулары ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастырушы алғашқы директоры болатын. Қазақтың қаймағы «халық жауы» атанған отызыншы жылдар зобалаңы Ахаңның басына қара бұлт болып төніп, ақыры жұтып тынған.КөрінісМәншүк сахнада Ә. Нұршайықов кіріп келеді де:
Мәншүктің майданға баруға неге сонша ынтық болғаны жөнінде қазір мынадай бір қисынды әңгіме айтылып жүр. Әкесінің еш жазықсыз, жаламен ұсталып кеткеніне кәміл сенген Мәншүк оны ақтап алу үшін өзін құрбан етуге даяр болған. Жоғарыдағы өтініште Ахметті айтпауы түсінікті еді, өйткені «халық жауының» қызына сенімсіздік көрсетіп,Майданға жібермей қоюы мүмкін ғой. Бірақ, Мәншүктің арманы орындалып, әскер қатарына алынған соң әкесінің жазықсыз екендігін дәлелдеп, Сталинге бірнеше рет хат жазды.7-оқушы: 1943 жылдың 7 тамызында Әмина Сүлейменқызына жазған хатында мынадай жолдар бар. Мәншүк: «Әпкетай, мен сізді өте сағындым, тірі қалсам, соғыстан соң елге аман келсем деп армандаймын. Менің тағдырым бірақ шатқаяқ, басқаша айтқанда сау қаламын деу қиын. Мен сізге, әпкетай, ашық жазып отырмын, тек езіліп қынжылмаңыз. Егер қаза болсам, Отан үшін, әкем үшін және сіз үшін...» 8-оқушы: Түсінген адамға бұл есейген, ересек адамның сөзі, сезімнің емес, салмақты, сау, ақылды адамның сөзі. Бейбіт кез болса жиырмадағы жас қыздың аузынан осындай сөз шығар ма еді? Қыз дәуреннің көктемі гүлшешек атып тұрар сәті емес пе? Әйтсе де өмірдің аты – өмір ғой. Жас жүрек, өмірге іңкәр жүректің кейбір мезеттік оқиғаларынан Мәншүктің адами, шынайы, нәзік жаратылысын аңғарып қаламыз. 9-оқушы: Алматыда құрылған №100 дербес атқыштар бригадасын тиеген әскери эшелон Орал қаласында сәл кідіргенде Мәншүк поездан қалып қоя жаздапты деген аңыздай әңгіме бар. Орнынан қозғалып екпін ала берген поезға жүгіріп жармасып, вагонға әрең іліккен Мәншүкті құрбылары ортаға алып:
14-оқушы: Ән «Жойылсын соғыс». Мұғалімнің қорытынды сөзі.
-
Әй, қыз, мен саған донесение әкелдім,- дейді.
-
Мен «әй, қыз емеспін, ефрейтормын, әскеримін! Жөндеп доложить ет!»
-
Жолдас, ефрейтор! Мен артиллерия дивизиясынан донесение әкелдім,- деп рапорт береді.
-
Бұдан былай бүйтіп сөйлеуші болма. Сен ауылда жүрген жоқсың, әскердесің. Дұрыс сөйлеу керек. Бар, жүре бер!- деп ұрысады.
Мәншүктің майданға баруға неге сонша ынтық болғаны жөнінде қазір мынадай бір қисынды әңгіме айтылып жүр. Әкесінің еш жазықсыз, жаламен ұсталып кеткеніне кәміл сенген Мәншүк оны ақтап алу үшін өзін құрбан етуге даяр болған. Жоғарыдағы өтініште Ахметті айтпауы түсінікті еді, өйткені «халық жауының» қызына сенімсіздік көрсетіп,Майданға жібермей қоюы мүмкін ғой. Бірақ, Мәншүктің арманы орындалып, әскер қатарына алынған соң әкесінің жазықсыз екендігін дәлелдеп, Сталинге бірнеше рет хат жазды.7-оқушы: 1943 жылдың 7 тамызында Әмина Сүлейменқызына жазған хатында мынадай жолдар бар. Мәншүк: «Әпкетай, мен сізді өте сағындым, тірі қалсам, соғыстан соң елге аман келсем деп армандаймын. Менің тағдырым бірақ шатқаяқ, басқаша айтқанда сау қаламын деу қиын. Мен сізге, әпкетай, ашық жазып отырмын, тек езіліп қынжылмаңыз. Егер қаза болсам, Отан үшін, әкем үшін және сіз үшін...» 8-оқушы: Түсінген адамға бұл есейген, ересек адамның сөзі, сезімнің емес, салмақты, сау, ақылды адамның сөзі. Бейбіт кез болса жиырмадағы жас қыздың аузынан осындай сөз шығар ма еді? Қыз дәуреннің көктемі гүлшешек атып тұрар сәті емес пе? Әйтсе де өмірдің аты – өмір ғой. Жас жүрек, өмірге іңкәр жүректің кейбір мезеттік оқиғаларынан Мәншүктің адами, шынайы, нәзік жаратылысын аңғарып қаламыз. 9-оқушы: Алматыда құрылған №100 дербес атқыштар бригадасын тиеген әскери эшелон Орал қаласында сәл кідіргенде Мәншүк поездан қалып қоя жаздапты деген аңыздай әңгіме бар. Орнынан қозғалып екпін ала берген поезға жүгіріп жармасып, вагонға әрең іліккен Мәншүкті құрбылары ортаға алып:
-
Қайда жүрсің?- демей ме. -
Су іштім. -
Су дегенің анау бакта тұр емес пе? -
Жоқ, менің ішкенім өзгеше су, Жайықтың суы!- депті Мәншүк.
14-оқушы: Ән «Жойылсын соғыс». Мұғалімнің қорытынды сөзі.