ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университетінің Жоғары колледжі
01140700 «Информатика» мамандығының II курс студенті
Орынбасар Аяулым Хайдарқызына
МІНЕЗДЕМЕ
Орынбасар Аяулым Хайдарқызы 2023 жылдың сәуірдің 27-нен мамрдың 24-сі аралығында Ақтөбе қаласының «Самғау» мектебінде «мектептегі байқау», «білім алушының таңдауы бойынша» практикасынан өтті. Өндірістік іс-тәжірибе барысында машықкер Аяулымға 1-4 сыныптар аралығында «Цифрлық сауаттылық» және «АКТ» пәнінен сабақ беру және 3 «Ә» сыныбына сынып жетекшілік міндеттері жүктелді.
Сабақ беру барысында машықкер сабақ жоспарын құруға, критерийлер бойынша тапсырмаларды құруға, оқушыларды бағалау әдістерін қолдануды үйреніп, тәжірибе жинақтады. Аяулым Хайдарқызы өзін мұғалім тұлғасына сай, оқушылар алдында өзін еркін, сенімді ұстап, өз білімін оқушыларға бере ала біледі. Машыққыр белсенділігін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсете алды. Аяулым өзіне бөлінген 3 «Ә» сыныбымен аз уақыт аралығында тіл табысып кетті. Информатика сабағынан тыс уақыттарды өзіне бөлінген 9 «Б» сынып оқушыларымен бірге өткізеді. Сынып жетекшісімен бірлескен жұмыстар атқара білді. «9-мамыр Жеңіс күні»; «Суретшілер әлемі»; «Отбасы-бақыт ұясы» тақырыбындағы терең мағынаға толы тәрбие сағаттарын өткізді. Сабақты өткізу барысында өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, мұғалім тұлғасына сай көрсете алды. Сынды жақсы қабылдайды, оны жою жолдарын қарастыра біледі. Тапсырылған жұмыстарды уақытында, сапалы, тиянақты орындайды. Аяулым тек пән мұғалімі мен сынып жетекшісі ғана емес, барлық мектеп қызметкерлерімен жақсы тіл табыса білді.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыс алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Өз сабағымен қатар, 3 «ә» сыныбына жетекшілік жұмысты да атқарды. Әрбір тәрбие жұмыстары жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Өндірістік практика кезінде өткізген іс – шаралары (ашық сабақ және тәрбие жұмыстары), қорытынды есептері мен күнделіктері қаралды, есебі тыңдалды және шынайы бағаланды.
Өндірістік практиканы 100% (үздік) деп бағалаймыз
Практика жетекшісі:_______________ Рахимбеков Д.Ж.
Мектеп директоры: _______________ Жолдасова Г.Т.